Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w99 1.10. 3—4 бет.
  • Теңсіздік — осы заманның қасіреті

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Теңсіздік — осы заманның қасіреті
  • 1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Теңсіздік — Құдай оның болғанын қалады ма?
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұлтаралық теңдік орнайтын күн туа ма? Киелі кітапта не делінген?
    Сан түрлі тақырыптар
  • Теңсіздіктің езгісін бәсеңсіту
    1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Шын мәнінде тапсыз қоғамның орнауы мүмкін бе?
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
1999 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w99 1.10. 3—4 бет.

Теңсіздік — осы заманның қасіреті

«Біз мына ақиқаттар өзін-өзі айқындаған деп есептейміз: барлық адам тең болып жаратылған, Жаратушы оларға белгілі құқықтар берген, бұлардың қатарына өмір сүру, азаттық және бақытқа ұмтылу жатады» (Құрама Штаттарда 1776 жылы қабылданған «Тәуелсіздік декларациясы»).

«Барлық адам ерікті және тең құқықты болып туылған» (1789 жылы Француз ұлттық ассамблеясы қабылдаған «Адам және азамат құқығының декларациясы»).

«Әрбір адам өзінің абыройы мен құқығы жағынан ерікті және тең болып туылады» (БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1948 жылы қабылдаған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы»).

БҰЛ пікірлерді ешкім дауға салмайды. Бүкіл дүние жүзінде адамдар теңдік орнатуға тырысуда. Бірақ, өкінішке орай, теңдік туралы жиі қайталауға тура келуінің өзі адамзаттың жалпыға бірдей теңдікке қол жеткізе алмағандығының тағы бір дәлелі.

Қазір, XX ғасырдың аяғында, осы мәселені шешуде адамдар бір қадам да болса алға қарай жылжыды деуге қандай да бір негіз бар ма? Шын мәнінде Құрама штаттардың, Францияның және БҰҰ-на мүше 185 елдің әрқайсысының азаматтары туылғаннан бері тең құқықты өмір сүруде деген тұжырым шындыққа сая ма?

Теңдіктің қажет екендігі туралы шындық «өзін-өзі айқындаған» болып көрінгенімен де, адамдардың барлығы бірдей «өмір сүруге, азаттыққа және бақытқа ұмтылуға» бірдей құқықты емес. Мысалы үшін өмір сүру құқығын алайық. Егер Африкада дәрігерлік көмек алу үшін, бір дәрігерге әрбір жас баламен бірге тағы 2 569 адам көрінетін болса, ал Еуропа елдерінде бұл сан тек 289-ға тең болса, онда қандай теңдік туралы айтуға болады? Азаттық пен бақытқа ұмтылу құқығына келсек, Үндістанда ер балалардың үштен бір бөлігінің және қыз балалардың үштен екі бөлігінің бастауыш білімі де жоқ екенін, ал Жапония, Германия және Ұлыбритания сияқты елдерде әрбір жас баланың білім алатындығына кепілдік берілгенін көре тұра теңдік туралы айту өте қиын.

Жан басына кірістің мөлшері тек қана 1 380 доллар болған Орталық Африка елдерінің тұрғындары мен 24 990 доллар болған Франция тұрғындары «абыройы мен құқығы» жағынан тең бе? Егер Африка елдерінде туылған әрбір қыз бала орта есеппен 56 жасқа дейін-ақ жасап, ал Солтүстік Америкада туылған қыз бала 79 жасқа дейін жасайтын болса, онда қандай теңдік туралы айтуға болады?

Теңсіздік әр жағдайда әрқилы болып көрінеді, бірақ оның қайсысы болмасын адам үшін жағымсыз нәрсе. Тұрмыс деңгейінің әр алуандығы, білім алуға және денсаулық сақтауға бәрінде бірдей мүмкіндіктердің болмауы — теңсіздіктің кейбір түрлері ғана. Көбінесе адамға тиесілі құрметтің көрсетілмей, еріктің берілмеуінің басты себептерінің бірі — саяси, нәсілдік немесе діни өзгешеліктер. Теңдік туралы әрқашан айтылып келеді, бірақ сөз тек сөз күйінде қалып, дүние әлі күнге дейін теңсіздікке толы. Бұны осы дүниенің қасіреті деп атауға болады. Ол, сөздіктің анықтамасы бойынша «басқа түскен уайым мен қайғы» дегенді білдіреді. Шынында да, қоғамның барлық топтарында теңсіздікке жол берілген. Аш-жалаңаштық, ауру-сырқау, білімсіздік, жұмыссыздық, және әр түрлі кемсітулер адамдардың өмірін қайғыға батыруда.

«Барлық адам тең болып жаратылған». Қандай керемет сөздер! Алайда, өкінішке орай, қазіргі дүниеде теңдікті табу мүмкін емес.

[3-беттегі сурет рұқсатымен]

UN PHOTO 152113/SHELLEY ROTNER

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу