5-САБАҚ
Киелі кітап — Құдайдың бізге жолдаған хабары
Ехоба Құдайдың бізге тарту еткен ғажап сыйы — Киелі кітап. Ол 66 кішігірім кітаптан тұрады. Бірақ сіз: “Бұл кітап қайдан шыққан? Оны кім жазған?”— деп ойлайтын шығарсыз. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін Киелі кітаптағы Құдайдың хабары бізге қалай жеткенін қарастыра кетейік.
1. Киелі кітапты адамдар жазған болса, қалайша оны Құдайдан келді деуге болады?
Киелі кітапты шамамен 1600 жыл бойы 40-қа жуық адам жазған. Бұл кітап б. з. б. 1513 жылдан б. з. 98 жылға дейінгі аралықта жазылған. Оны әртүрлі ортадан шыққан адамдар жазса да, олардың жазғандары бір-бірімен үйлеседі. Бұл мүмкін бе? Иә, мүмкін! Себебі Киелі кітаптың авторы — Құдайдың өзі (Салоникалықтарға 1-хат 2:13 оқыңыз). Киелі кітапты жазғандар өз ойларын айтпаған. Қайта, олар “Құдайдың киелі рухының қозғау салуымен айтқан”a (Петірдің 2-хаты 1:21). Алла Тағала өзінің ойларын бұл кісілерге жаздыру үшін киелі рухын қолданған (Тімөтеге 2-хат 3:16).
2. Киелі кітапты кімдер оқи алады?
“Әрбір ұлт, ру, тіл және халықтан” шыққан адамдар Киелі кітаптағы ізгі хабардың игілігін көре алады (Аян 14:6 оқыңыз). Өйткені Құдай Киелі кітаптың басқа кітаптарға қарағанда өте көп тілге аударылуына қам жасаған. Бүгінде дүниенің қай бұрышында тұрмасын, қай тілде сөйлемесін, адамдардың барлығы дерлік Киелі кітапты оқи алады.
3. Ехоба Киелі кітапты біздің күнімізге дейін қалай сақтады?
Киелі кітап ежелде тері, папирус сияқты уақыт өте тозатын материалдарға жазылған. Алайда Киелі кітапты жаны сүйген адамдар оны өте мұқият көшіріп отырған. Кейбір билеушілер мен діни жетекшілер Киелі кітаптың көзін құртуға тырысқанмен, оны сақтап қалу үшін басын қатерге тіккен жанашырлар да болған. Иә, Ехоба Киелі кітап арқылы бізбен сөйлесетіндіктен, ешкімнің де, ештеңенің де бұған кедергі жасауына жол бермеген. “Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады”,— дейді Киелі кітап (Ишая 40:8).
ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ
Құдай қалай киелі рухымен Киелі кітапты жаздырғанын, оны қалай сақтап, адамзатқа қолжетімді еткенін толығырақ қарастырайық.
4. Киелі кітапта оның авторы кім екені айтылған
БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер. Сосын Тімөтеге 2-хат 3:16 оқып, төмендегі сұрақтарды талқылаңыздар:
Егер Киелі кітапты адамдар жазса, неге ол Құдай Сөзі деп аталған?
Қалай ойлайсыз, Құдай өз ойларын Киелі кітапты жазғандардың санасына сала ала ма?
Хатты хатшы жазғанмен, оның ішіне сол хатты жаздырған адамның ойы жазылады. Сол секілді, Киелі кітапты адамдар жазғанмен, олар Құдайдың хабарын жазған
5. Қарсылықтарға төтеп берген кітап
Киелі кітаптың Құдайдан келгені рас болса, оны сақтап қалуға құдіреті жетеді емес пе? Тарих бойы билігі бар адамдар Киелі кітапты жойып жібергісі келген. Ал діни жетекшілер жұрт оны оқымасын деп, жасырып қалуға тырысқан. Дегенмен қарсылыққа кезігіп, өліммен бетпе-бет келсе де, Киелі кітапты қорғап қалу үшін өмірін қатерге тіккен жандар көп болған. Солардың бірі туралы білу үшін БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, келесі сұрақты талқылаңыздар:
Киелі кітапты сақтап қалу үшін адамдардың қандай тәуекелге барғанын білген соң, оны оқуға деген ықыласыңыз артты ма?
Зәбүр 119:97 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:
Көптеген адамға Киелі кітапты аударып, оны көпшілікке тарату үшін бастарын қатерге тігуге не қозғау салды?
6. Баршаға арналған кітап
Киелі кітап — тарихтағы ең көп аударылған әрі ең көп таралған кітап. Елшілердің істері 10:34, 35 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:
Неге Құдай өз Сөзінің соншама көп тілге аударылып, таралғанын қалайды?
Киелі кітап сізге несімен ұнайды?
Әлем тұрғындарының
100%
дерлік
Киелі кітапты өздері түсінетін тілде оқи алады
Түгелдей не кейбір бөліктері
3000
аса тілде бар
5 000 000 000
жуық данасы жарық көрген
Киелі кітап кез келген кітаптан асып түседі
КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Киелі кітап бұрмаланып, өзгертілген”.
Сіз не ойлайсыз?
Киелі кітаптың өзгертілмегеніне қандай дәлел бар?
ТҮЙІНДЕМЕ
Киелі кітап — Құдайдың Сөзі. Жаратушымыз оның барша адамзатқа қолжетімді болуына қам жасаған.
Қайталау
Құдай Киелі кітапты адамдарға киелі рухының жетелеуімен жаздырған дегенді қалай түсінуге болады?
Киелі кітаптың сақталып қалғаны, аудармасы мен таралымы жайлы білгенде, сізді не таңғалдырды?
Құдай Киелі кітап арқылы сізбен сөйлесу үшін соншама күш салғанын білгеніңіз сізді қандай сезімге бөлейді?
ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ
Киелі кітаптың тарихымен танысып, түпнұсқа қолжазбалар мен қазіргі аудармалар жайында біліңіз.
“Киелі кітап бізге қалай жетті?” (“Ояныңдар!” (ор.), қараша, 2007)
Басты үш қауіпке қарамастан Киелі кітаптың қалай сақталып қалғанын біліңіз.
“Уақыт сынынан өткен Киелі кітап” (“Күзет мұнарасы” № 4, 2016)
Киелі кітапты аудару үшін адамдардың тағы қандай тәуекелге барғанын көріңіз.
Киелі кітап талай көшіріліп, талай аударылған. Ондағы хабардың мазмұны тура жеткеніне неге сенімді бола аласыз?
“Киелі кітап өзгертіліп, бұрмаланған ба?” (jw.org сайтындағы мақала)