Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lff 4-саб.
  • Алла Тағала туралы ақиқат

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Алла Тағала туралы ақиқат
  • Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ
  • ТҮЙІНДЕМЕ
  • ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ
  • Неліктен Құдайдың есімін қолдануымыз қажет?
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Құдайдың есімі
    Ояныңдар! 2017
  • Құдай Тағаланың есімі кім?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2019
  • Құдай есімі. Оның қолданылуы мен мағынасы
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
Көбірек мәлімет
Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
lff 4-саб.
4-сабақ. Телескоп арқылы көрcетілген түнгі аспан төріндегі жымыңдаған жұлдыздар мен галактикалар.

4-САБАҚ

Алла Тағала туралы ақиқат

Баспа басылымы
Баспа басылымы
Баспа басылымы

Адамзат ежелден бері неше түрлі құдайлар мен тәңірлерге табынып келеді. Алайда Киелі жазбаларда жалғыз Құдай бар екені әрі ол “құдай атаулының бәрінен де ұлы” екені айтылған (Шежірелер 2-жазба 2:5). Оның ұлылығы неде? Бұл сабақта Алла Тағала сізге өзі жайлы не ашатынын білесіз.

1. Алла Тағаланың есімі кім және ол өз есімін білгенімізді қалайтыны неден көрінеді?

Құдай Тағала өзін Киелі кітап арқылы таныстырады. Ол: “Мен Ехобамын. Бұл — менің есімім”,— дейді (Ишая 42:5, 8 оқыңыз). “Ехоба” деген еврей тілінен аударылған. Көп ғалымның айтуынша, бұл есім “ол болғызады” дегенді білдіреді. Ехоба Құдай оның атын білгенімізді қалайды (Мұсаның 2-жазбасы 3:15). Мұны неден білеміз? Киелі кітапта оның есімі 7000-нан аса рет аталған!a Ехоба деген есім бүкіл ғаламның “шынайы Құдайына” ғана тиесілі (Мұсаның 5-жазбасы 4:39).

2. Киелі жазбаларда Ехоба Құдай жайлы не айтылған?

Киелі жазбаларда адамдар құлшылық ететін барлық құдайлардың ішінде Ехоба ғана жалғыз шынайы Құдай екені айтылған. Неге? Бұған бірнеше себеп бар. Ехоба ең жоғарғы билікке ие, сондықтан ол ғана — “жер бетін билейтін жалғыз Құдай Тағала” (Зәбүр 83:18 оқыңыз). Оның “Құдіреті шексіз”, яғни ол не істеймін десе де, күші жетеді. Ол бүкіл ғалам мен жер бетіндегі тіршіліктің “бәрін жаратқан” (Аян 4:8, 11). Тек Ехоба ғана әрдайым бар болған және мәңгі бақи бола береді (Зәбүр 90:2).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Құдайдың атақ-лауазымдары мен төл есімінің айырмашылығын қарастырайық. Сосын ол сізге өз есімін қалай және не үшін ашқанын білейік.

Түнгі аспанға қарап тұрған ер адам. Аспан төрінде Ехобаның есімі жазылып тұр.

3. Атақ-лауазымы көп, бірақ есімі жалғыз

Адамның есімі мен атақ-лауазымының арасындағы айырмашылықты білу үшін БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, келесі сұрақты талқылаңыздар:

БЕЙНЕРОЛИК: “Атақ-лауазымы көп, бірақ есімі жалғыз” (0:41)

  • “Жаратушы” деген сияқты лауазым мен есімнің айырмашылығы қандай?

Киелі кітапта адамдардың көптеген “құдайлар” мен “иелерге” табынатыны айтылған. Зәбүр 136:1—3 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • “Құдайлардың Құдайы” және “Иелердің Иесі” кім?

4. Ехоба Құдай есімін білгеніңізді және айтқаныңызды қалайды

Ехоба өз есімін білгеніңізді қалайтынын қайдан білесіз? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

БЕЙНЕРОЛИК: “Алла Тағаланың есімі бар ма?” (үзінді) (3:11)

“Алла Тағаланың есімі бар ма?” (үзінді) бейнеролигінен алынған көрініс. Ер адам 1611 жылы жарық көрген “Король Яковтың аудармасындағы” Зәбүр 83:18-де жазылған Құдайдың есімін қарастырып жатыр.
  • Қалай ойлайсыз, неге Ехоба адамдар оның есімін білсе екен дейді?

Ехоба адамдардың оны атымен атағанын қалайды. Римдіктерге 10:13 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ехоба Құдайдың есімін айту қаншалықты маңызды?

  • Өзгелер сіздің атыңызды ұмытпай, оны айтқанда не сезінесіз?

  • Сіз Ехобаның атын айтқанда, ол не сезінеді деп ойлайсыз?

5. Ехоба сізді өзіне жақындауға шақырады

Камбоджалық Сотен деген бір әйел Құдайдың есімін білгенде, өзін өте бақытты сезінгенін айтты. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, келесі сұрақты талқылаңыздар:

БЕЙНЕРОЛИК: “Шынайы Құдайды іздеумен болдым” (8:18)

Коллаж: “Шынайы Құдайды іздеумен болдым” бейнеролигінен алынған көріністер: 1. Сотен деген әйел ормандағы ағаштың түбінде отырып, аспанға қарап, шынайы Құдайға дұға етіп отыр. 2. Херольд деген ер кісі Сотенге Құдайдың есімі Ехоба екенін айтып жатыр.
  • Бейнероликте айтылғандай, Құдайдың есімін білгені Сотенге қалай әсер етті?

Біреумен танысып, дос болғымыз келсе, біз әдетте оның атын сұраймыз. Жақып 4:8a оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ехоба сізді не істеуге шақырады?

  • Құдайдың есімін біліп, оны атасаңыз, бұл сізге оған жақындауға көмектесе ме?

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Алла Тағаланың есімдері көп”.

  • Құдайдың есімі Ехоба екенімен келісесіз бе?

  • Құдай Ехоба деген есімді айтқанымызды қалайтынын қалай түсіндіріп берер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Ехоба — жалғыз шынайы Алла Тағаланың есімі. Өзіне жақын болу үшін ол есімін білгенімізді және атағанымызды қалайды.

Қайталау

  • Адамдар табынатын барлық құдайлардан неге Ехоба ерекше?

  • Неліктен біз Құдайдың есімін айтуымыз керек?

  • Ехоба өзіне жақындағаныңызды қалайтыны неден көрінеді?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Құдайдың бар екенін дәлелдейтін бес себепті қарастырыңыз.

“Құдай бар ма?” (jw.org сайтындағы мақала)

Құдайдың әрдайым бар болғанына сену неліктен ақылға қонымды екенін оқып біліңіз.

“Құдайды кім жаратты?” (“Күзет мұнарасы”, 1 тамыз, 2014)

Ежелде нақты қалай дыбысталғаны белгісіз болса да, неге Құдайдың есімін айтуымыз керектігін біліңіз.

“Ехоба деген кім?” (jw.org сайтындағы мақала)

Құдайды қалай атайтынымыз маңызды ма? Неге оның бір ғана дара есімі бар екенін көріңіз.

“Құдайдың қанша аты бар?” (jw.org сайтындағы мақала)

a Құдай есімінің мағынасы мен оның кейбір Киелі кітап аудармаларынан неге алынып тасталғанын “Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасының” А4 қосымшасынан көбірек біле аласыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу