5-бөлімнің кіріспесі
Қызыл теңізден өткен соң, исраилдіктер екі айдан кейін Синай тауына жетті. Сол жерде Ехоба олармен келісім жасасып, исраилдіктерді өзінің меншікті халқы етті. Ехоба оларды қорғап, қажетінің бәрімен қамтамасыз етті. Оларға жеуге манна, үстеріне тозбайтын киім, тұруға қауіпсіз жер берді. Балаңызға Ехобаның не себепті исраилдіктерге Мұса Заңын, киелі шатыр және діни қызметкерлер бергенін түсіндіріңіз. Мынаған баса назар аударыңыз: біз айтқан сөзімізде тұруымыз керек, сондай-ақ кішіпейіл әрі әрқашан Ехобаға адал болуымыз керек.