Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 23-тар., 60-б.—61-б., 4-абз.
  • Исраилдіктер Ехобаға уәде берді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Исраилдіктер Ехобаға уәде берді
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Ехобаның заң беруі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ехобаның жолдарын біл
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Олар уәделерінде тұрмады
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Жанса да, өртенбейтін бұта
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 23-тар., 60-б.—61-б., 4-абз.
Исраилдіктер Синай тауының етегінде тұр

23-ТАРАУ

Исраилдіктер Ехобаға уәде берді

Мысырдан шыққан соң, екі айдай уақыттан кейін исраилдіктер Синай тауының етегіне келіп, қос тікті. Сонда Ехоба Мұсаға тауға көтеріл деді. Сол жерде Құдай оған: “Мен исраилдіктерді аман алып қалдым. Олар тілімді алса және заңдарымды орындаса, менің меншікті халқым болады”,— деп айтты. Мұса таудан түсті де, Ехобаның сөздерін исраилдіктерге айтып берді. Халықтың не дегенін білесің бе? Олар: “Ехобаның айтқандарының бәрін орындаймыз”,— деп уәде етті.

Бұдан кейін Мұса тағы да тауға көтерілді. Ехоба оған: “Үш күннің ішінде халықты дайында. Үшінші күні сенімен сөйлесемін. Халыққа ескерт, ешқайсысы Синай тауына шықпасын”,— деді. Мұса төмен түсіп, исраилдіктердің Ехобаны тыңдауға дайын болу керек екендерін айтты.

Исраилдіктер Синай тауының басындағы қара бұлт пен найзағайға қарап тұр

Үшінші күні халық тауды қара бұлт торлап, найзағай ойнап жатқанын көрді. Олар күн күркірі мен керней даусын да естіді. Сосын Ехоба отқа оранып, Синай тауына түсті. Ал исраилдіктер қорыққандарынан қалтырап кетті. Тау болса түтінге оранып, қатты сілкінді. Керней үні барған сайын күшейе берді. Сосын Ехоба: “Мен Ехобамын. Сендер менен басқа ешбір құдайға табынбауларың керек”,— деді.

Мұса тауға қайта көтерілді, сол жерде Ехоба оған өзіне қалай ғибадат етуді үйрететін және жүріс-тұрысқа қатысты заңдар берді. Ал Мұса бұл заңдарды жазып алып, кейін халыққа оқып берді. Халық болса: “Ехобаның айтқандарының бәрін орындаймыз”,— деп уәде етті. Иә, осылай олар Құдайға сөз берді. Бірақ исраилдіктер сөздерінде тұрды ма?

“Ехоба Құдайыңды бар жүрегіңмен, бүкіл жан-тәніңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!” (Матай 22:37).

Сұрақтар: Синай тауында қандай оқиға болды? Исраилдіктер не істеуді уәде етті?

Мұсаның 2-жазбасы 19:1—20:21; 24:1—8; Мұсаның 5-жазбасы 7:6—9; Нехемия 9:13, 14

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу