11-бөлімнің кіріспесі
Бұл бөлімде Грек жазбаларымен танысасыз. Иса кішкентай қалада тұратын қарапайым отбасында туылған. Ол ағаш ұстасы болған әкесімен бірге еңбектенді. Иса адамзатты құтқаратын жалғыз адам еді. Ехоба оны көктегі Патшалықтың патшасы етіп таңдады. Балаңыз болса, Иса Құдайды сүйетін отбасында әрі жақсы ортада өсу үшін Ехоба қалай қам жасағанына назар аударыңыз. Ирод Исаны өлтірмек болғанда, Ехоба қалай қорғағанын қарастырыңыз. Сондай-ақ Ехобаның ниетіне ештеңе кедергі бола алмайтынын айтып өтіңіз. Исаның келуіне жол дайындау үшін Ехоба қалай Жақияны тағайындағанын оқып көріңіз. Иса бала кезінен-ақ Ехобаның даналықпен берген нұсқаулары мен кеңестерін жақсы көргеніне баса назар аударыңыз.