Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 31-тар., 78-б.
  • Ешуа мен гибеондықтар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ешуа мен гибеондықтар
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Ақылды гибеондықтар
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Күннің тоқтап тұруы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Гибеондықтардан үлгі алайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Ешуа кітабының көңіл бұрарлық тұстары
    2004 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 31-тар., 78-б.
Тозған киім киген гибеондықтар Ешуа мен оның әскеріне қарай келе жатыр

31-ТАРАУ

Ешуа мен гибеондықтар

Иерихонның күйрегенін Қанахандағы басқа халықтар да естіді. Олардың патшалары жиналып, Исраилге қарсы соғысқа шығуды шешті. Бірақ Гибеон қаласының тұрғындары басқа жоспар құрды. Олар үстеріне әбден тозған киім киіп алды да, Ешуаға келіп былай деді: “Біздер алыс елден келдік. Біз Ехоба жайлы және оның Мысыр мен Моаб елінде сіздер үшін не істегенінің бәрін естідік. Біз сіздерге қызмет еткіміз келеді, сондықтан елімізге шабуыл жасамаймыз деп уәде етіңіздерші”.

Ешуа оларға сеніп, шабуыл жасамауға уәде берді. Бірақ үш күннен кейін ол гибеондықтардың алыс елден емес, Қанахан елінен келгенін білді. Сөйтіп, олардан: “Сендер неге өтірік айттыңдар?”— деп сұрады. Гибеондықтар болса: “Біз қорықтық! Құдайларыңыз Ехоба сіздер үшін шайқасып жатқанын білеміз. Өтінеміз, бізді өлтірмеңіздерші”,— деп жауап берді. Ешуа өз уәдесінде тұрып, оларды аман қалдырды.

Содан кейін көп ұзамай Қанахан елінің бес патшасы әскерлерін біріктіріп, гибеондықтармен соғыспақ болды. Сонда Ешуа әскерімен бірге түнімен жүріп, оларды құтқаруға барды. Таңертең екі жақ соғысты. Қанахандықтар жан-жаққа қаша жөнелді. Бірақ қай жаққа қашса да, Ехоба үстерінен үлкен-үлкен бұршақ жауғызды. Бұдан кейін Ешуа Ехобадан аспандағы күнді жылжытпай, бір орында тоқтатып қоюын өтінді. Мұндай жайт бұрын-соңды ешқашан болмаған еді. Онда неге Ешуа осындай өтініш жасады? Өйткені ол Ехобаға сенім артты. Сөйтіп, исраилдіктер Қанахан патшалары мен әскерлерін жеңгенше, күн батпай, аспанда тұрды.

Ешуа көкке қарап, Ехобадан күнді тоқтатып қоюын өтініп жатыр

“Сендердің “иә” дегендерің “иә”, ал “жоқ” дегендерің “жоқ” болсын. Бұдан артық айтылғандар Зұлымнан” (Матай 5:37).

Сұрақтар: Аман қалу үшін гибеондықтар не істеді? Ехоба исраилдіктерге қалай көмектесті?

Ешуа 9:1—10:15

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу