Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 30-тар., 76-б.
  • Рахаб тыңшыларды жасырып қойды

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Рахаб тыңшыларды жасырып қойды
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • Рахаб Ехобаға сенді
    Кел, балақай, оқиық!
  • Рахабтың тыңшыларды жасыруы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ол “істері арқылы... әділ деп жарияланды
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Иерихон қамалы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 30-тар., 76-б.
Рахаб екі тыңшыны аман алып қалу үшін сарбаздарға басқа жол көрсетіп жатыр

30-ТАРАУ

Рахаб тыңшыларды жасырып қойды

Иерихон қаласына келген исраилдік екі тыңшы Рахаб есімді әйелдің үйіне тоқтайды. Мұны Иерихонның патшасы біліп қойып, оның үйіне сарбаздарын жібереді. Бірақ Рахаб екі тыңшыны шатырда жасырып қояды. Ал келген сарбаздарға тыңшылар басқа жолмен кетті деп айтады. Олар кеткен соң, екі тыңшыға: “Мен Ехобаның сендерге көмектесетінін және осы жерді жаулап алатындарыңды білемін. Сондықтан сендерге көмектесіп жатырмын. Отбасымды аман алып қаламыз деп маған уәде беріңдерші”,— дейді.

Олар былай деп жауап берді: “Сенің үйіңде бірде-бір адам жапа шекпейді. Терезеңе қызыл арқан байлап қой. Сонда отбасыңа ешкім тиіспейді”.

Иерихонның қабырғасы қирағанда, терезесіне қызыл арқан байланған Рахабтың үйіне ештеңе болған жоқ

Бұдан кейін Рахаб екі тыңшыны арқанмен терезеден түсіріп жіберді. Олар Ешуаға қайтып бармас бұрын үш күн тауда жасырынды. Тыңшылар қосқа оралған соң, исраилдіктер Иордан өзенінен өтіп, елді жаулап алуға дайындалды. Иерихон олар жаулап алайын деп жатқан бірінші қала еді. Ехоба исраилдіктерге алты күн бойы күніне бір рет қаланы айналып жүруді тапсырды. Ал жетінші күні оны жеті рет айналып шығу керек болды. Сонда діни қызметкерлер керней тартып, сарбаздар болса бар дауыстарымен айғайлау керек еді. Олар солай еткенде, қаланың қабырғалары қирап қалды! Бірақ қабырғада орналасқан Рахабтың үйіне еш зақым келмеді. Ехобаға сенім артқандықтан Рахаб пен отбасы аман қалды.

“Тап сол сияқты... Рахаб та істері арқылы, барлаушыларға қонақжайлылық танытып, сосын басқа жолмен қашырып жібергеннен кейін, әділ деп жарияланды емес пе?” (Жақып 2:25).

Сұрақтар: Неге Рахаб екі тыңшыға көмектесті? Исраилдіктер Иерихон қаласын қалай жаулап алды? Рахаб пен оның отбасына не болды?

Ешуа 2:1—24; 6:1—27; Еврейлерге 11:30, 31; Жақып 2:24—26

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу