Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 15-тар., 42-б.—43-б., 3-абз.
  • Ехоба Жүсіпті ұмытпады

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехоба Жүсіпті ұмытпады
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • “Мен Құдай емеспін ғой!”
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ағаларының Жүсіпті жек көруі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Сенде қызғаныш сезімі болған ба? Жүсіптің бауырлары оған қызғанышпен қараған
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • “Түстің мағынасын ашып беретін Құдай емес пе?!”
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 15-тар., 42-б.—43-б., 3-абз.
Жүсіп перғауынға түстерін жорып беріп жатыр

15-ТАРАУ

Ехоба Жүсіпті ұмытпады

Жүсіп түрмеде отырғанда, Мысыр патшасы перғауын бірнеше түс көрді. Бірақ оларды ешкім түсіндіріп бере алмады. Сонда перғауынның бір қызметшісі Жүсіптің түстерді жорып бере алатынын айтты. Мұны естігенде, перғауын бірден Жүсіпті түрмеден шақыртты.

Перғауын одан: “Түстерімнің нені білдіретінін айтып бере аласың ба?”— деп сұрады. Жүсіп былай деп түсіндірді: “Мысырда жеті жыл бойы астық өте көп болады, сосын жеті жыл аштық болады. Адамдар аштан өлмеу үшін, қоймаға астық жинайтын ақылды біреуді қойыңыз”. Сонда перғауын: “Мен сені қоямын. Сен Мысырда менен кейінгі екінші адам боласың”,— деді. Жүсіп перғауынның түстерін Ехобаның арқасында жорып берді.

Жүсіп қоймаға астық жинатып жатыр

Жүсіп жеті жыл бойы қоймаға астық жинады. Сосын, Жүсіп айтқандай, барлық елді аштық жайлады. Адамдар жер-жерлерден келіп, Жүсіптен астық сатып ала бастады. Мысырда астықтың бар екенін оның әкесі Жақып та естіді. Сөйтіп, ол 10 баласын астық сатып әкелуге жіберді.

Олар Мысырға келгенде, Жүсіп ағаларын бірден таныды. Бірақ ағалары оны танымады. Жүсіп жас кезінде түсінде көргендей, олар оның алдында бас иді. Ағалары әлі де қатыгез бе, жоқ па — соны білгісі келіп, Жүсіп былай деді: “Сендер тыңшысыңдар. Еліміздің әлсіз жерлерін білуге келдіңдер”. Олар болса: “Жоқ, мырза! Біз Қанаханнан келдік, өзіміз 12 ағайындымыз. Бір бауырымыз қайтыс болған, ал кенже ініміз әкеміздің қасында қалды”,— деп жауап берді. Бұған Жүсіп: “Кенже інілеріңді маған алып келіңдер, сонда айтқандарыңа сенемін”,— деді. Сөйтіп, ағалары үйлеріне қайтты.

Әкелген астықтары таусылғанда, Жақып оларды тағы да Мысырға жіберді. Бұл жолы олар кенже інілері Бенияминді ертіп алады. Ағаларын тексермекші болған Жүсіп Бенияминнің астық салынған қабына өзінің күміс тостағанын тығып қояды да, “сендер ұрлап алдыңдар” деп жала жабады. Тостаған Бенияминнің қабынан табылғанда, ағалары шошып кетіп, Жүсіптен кенже інілерінің орнына өздерін жазалауды сұрап жалынады.

Осылай Жүсіп ағаларының өзгергеніне көз жеткізеді. Ол бұдан әрі сезімін жасыра алмай, жылап жібереді. Ол: “Мен бауырларың Жүсіппін. Әкем тірі ме?”— деп сұрайды. Қатты таңғалып тұрған ағаларына Жүсіп былай деді: “Маған істегендерің үшін өздеріңді кінәламаңдар. Құдай сендерді аман алып қалу үшін мені осында жіберді. Ал енді тезірек барып, әкемді осында әкеліңдер”.

Олар осы жақсы хабарды әкелеріне айтып барды. Сосын оны Мысырға алып келді. Ақыры Жүсіп пен әкесі сонша жылдан кейін қайта қауышты.

Жүсіп пен әкесі Жақып көрісіп жатыр

“Басқалардың күнәларын кешірмесеңдер, Әкелерің де сендердің күнәларыңды кешірмейді” (Матай 6:15).

Сұрақтар: Ехоба Жүсіпке қалай көмектесті? Жүсіп ағаларын кешіргенін қалай көрсетті?

Мұсаның 1-жазбасы 40:1—45:28; 46:1—7, 26—34; Зәбүр 105:17—19; Елшілердің істері 7:9—15

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу