Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • lfb 14-тар., 40-б.—41-б., 1-абз.
  • Әрдайым Құдайдың тілін алған құл

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Әрдайым Құдайдың тілін алған құл
  • Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Ұқсас мәлімет
  • “Қалайша сондай ауыр қылмыс жасамақпын?!”
    2014 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ағаларының Жүсіпті жек көруі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ехоба сізге жар
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
  • Жүсіптің түрмеге түсуі
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
Көбірек мәлімет
Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
lfb 14-тар., 40-б.—41-б., 1-абз.
Жүсіп Потифардың әйелінен қашып бара жатыр

14-ТАРАУ

Әрдайым Құдайдың тілін алған құл

Жақыптың қартайғанда туылған балаларының бірі Жүсіп еді. Сондықтан әкесі оны өзге балаларына қарағанда, көбірек жақсы көретін. Қалай ойлайсың, бауырлары бұған қалай қарады? Олар қызғанып, Жүсіпті жек көрді. Жүсіп ерекше түстер көргенде, мұны ағаларына айтып беретін. Бұл түстер күндердің күнінде ағалары оған бас иеді дегенді білдіретін. Бұны білгенде олар інілері Жүсіпті одан бетер жек көріп кетті.

Ағалары Жүсіпті шұңқырға тастады

Бір күні ағалары Сихем қаласының жанында қой бағып жүргенде, әкелері Жүсіпті олардың халін біліп қайтуға жіберді. Жүсіпті алыстан көрген ағалары бір-біріне: “Қараңдар, түс көргіш келе жатыр. Оны өлтіріп тастайық!”— деді. Олар Жүсіпті ұстап алып, терең шұңқырға тастады. Бірақ Яһуда деген ағасы: “Оны өлтірмей-ақ қояйық. Одан да құлдыққа сатып жіберейік”,— деді. Сөйтіп, ағалары Жүсіпті Мысырға кетіп бара жатқан мадиян саудагерлеріне 20 күміс ақшаға сатып жіберді.

Ал Жүсіптің киімін текенің қанына малып алып, әкелеріне жіберді. Олар: “Мынау сіздің балаңыздың киімі емес пе?”— деп сұрады. Сонда әкесі Жүсіпті жыртқыш аң өлтіріп кетті деп ойлап, қатты қайғырды. Ешкім оны жұбата алмады.

Жүсіп түрмеде

Мысыр елінде Жүсіпті Потифар деген үлкен қызметкер сатып алды. Ехоба Жүсіпті Мысырда да қорғап жүрді. Потифар Жүсіптің жақсы жұмысшы әрі сенімді адам екенін көріп, үйіндегінің бәрін соған басқаруды тапсырды.

Потифардың әйелі Жүсіптің әдемі әрі күшті жігіт екенін байқап, күн сайын оған “менімен жат” дейтін болды. Жүсіп не істеді? Ол: “Жоқ! Бұлай істеу — дұрыс емес. Менің қожайыным маған сенеді, ал сіз оның әйелісіз. Сізбен жатсам, бұл Құдайдың алдында күнә болады!”— деді.

Бір күні Потифардың әйелі Жүсіпті өзімен күштеп жатқызбақшы болды. Әйел Жүсіптің киімінен ұстай қалды, бірақ ол қашып кетті. Алайда Потифар үйіне келгенде, әйелі Жүсіпке жала жауып, ол менімен жатқысы келді деді. Потифар әйелінің өтірік сөзіне сеніп, қатты ашуланды да, Жүсіпті түрмеге қамап тастады. Бірақ Ехоба Жүсіпті тастаған жоқ.

“Уақыты келгенде Құдай сендерді жоғарылату үшін, оның құдіретті қолының астына бойсұныңдар” (Петірдің 1-хаты 5:6).

Сұрақтар: Ағалары Жүсіпке не істеді? Жүсіп не үшін түрмеге жабылды?

Мұсаның 1-жазбасы 37:1—36; 39:1—23; Елшілердің істері 7:9

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу