Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jy 86-тар., 200-б.—203-б., 6-абз.
  • Адасқан ұлдың оралуы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Адасқан ұлдың оралуы
  • Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • АДАСҚАН ҰЛ ОРАЛДЫ
  • Жоғалған ұл туралы астарлы әңгіме
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Ұлы Әкесінің болмысын танытуға ықыласты
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Күнәсіна өкінгендер үшін қуану
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Әкеміз Ехоба бізді қатты жақсы көреді
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
Көбірек мәлімет
Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
jy 86-тар., 200-б.—203-б., 6-абз.
Ұлын бауырына басқан әке

86-ТАРАУ

Адасқан ұлдың оралуы

ЛҰҚА 15:11—32

  • ИСА АДАСҚАН ҰЛ ЖАЙЛЫ АСТАРЛЫ ӘҢГІМЕ АЙТТЫ

Иса Иордан өзенінің шығысындағы Перея аймағында келе жатқанда болса керек, қасындағыларға жоғалған қой мен жоғалған күміс тиын жайлы екі мысал айтып берген болатын. Мақсаты — күнәсіна өкініп, Құдайға бет бұрған адам үшін қуану керектігін түсіндіру. Парызшылдар мен дін мұғалімдері Исаның күнәкарларды жылы қарсы алғанын жақтырмады. Олар Иса айтқан екі мысалдың мәнін ұқты ма? Күнәсіна өкінген адамға көктегі Әкенің қалай қарайтынын түсінді ме? Осыған баса назар аудару үшін, ол астарлы әңгіме айтып берді.

Кіші ұлы әкесінен енші сұрады

Әңгіме екі ұлы бар әке жайлы еді. Оның басты кейіпкері кіші ұл. Ол жайлы айтылғандардың мәнін парызшылдар мен дін мұғалімдері және басқа тыңдаушылар түсінсе керек. Алайда әкенің және үлкен ұлдың қандай көзқарас танытқандарын елеусіз қалдыруға болмайды. Өйткені олардан да маңызды сабақ алуға болады. Енді, астарлы әңгімедегі үш кейіпкерге көңіл аударайық.

“Бір кісінің екі ұлы болыпты”,— деп әңгімесін бастады Иса. “Кішісі әкесіне: — Әке, маған тиісті еншімді беріңіз,— дейді. Сонда ол екеуіне дүние-мүлкін бөліп береді” (Лұқа 15:11, 12). Кіші ұл әкесінің дүние-мүлкінен үлесін отау құрып, бөлек тұру үшін сұраған жоқ. Ол өз бетінше өмір сүріп, қалағанын істегісі келгендіктен еншіні қазір бер деп тұр. Сұрағанын алған соң, ол не істеді?

Адасқан ұл әйелдердің арасында ішіп-жеп мәз-мейрам болуда

“Бірнеше күннен кейін кіші ұлы еншісін жинап алып, алыс бір елге аттанады. Сол жақта бейбастақ өмір кешіп, бүкіл дүниесін шашып-төгеді”,— деді Иса (Лұқа 15:13). Кіші ұлы қамқор әкесінің үйінде, қауіпсіз жерде қалудың орнына, жат елге кетіп қалды. Сол жақта азғындық жасап, өмір кешті. Бар дүниесін таусып біткен соң, қиын күндер басталды.

“Бәрін жұмсап біткенде, сол елде қатты аштық болып, ол жоқшылыққа ұшырайды,— деп сөзін жалғады Иса. — Содан елдің бір тұрғынына барып, жармасып жүріп, жалшысы болады. Әлгі кісі оған даладағы шошқасын баққызып қояды. Ол шошқа жейтін азықты жеп тойсам екен деп аңсап жүреді, бірақ оған ешкім ештеңе бермейді” (Лұқа 15:14—16).

Ағаш түбінде адасқан ұл азығын жеп жатқан шошқаларға қарап отыр

Мұса Заңы бойынша шошқа арам мал деп есептелген. Бірақ соған қарамастан кіші ұлға шошқа бағуға тура келді. Оның ашыққаны сонша — бағып жүрген шошқалардың жемін жеп тойсам деп аңсады. Әбден қиналып, тығырыққа тірелгенде, “ол ақылға келді”. Сөйтіп, іштей былай деді: “Әкемнің қаншама жалшысы нанға тойып жүргенде, мен бұл жерде аштан өлетін болдым. Жолға шығып, әкеме барайын да: — Әке, мен көктегі Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасадым. Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін. Мені жалшыларыңыздың бірі ете көріңіз,— дейін”. Содан ол жолға шықты (Лұқа 15:17—20).

Әкесі ұлын қалай қарсы алар екен? Үйінен кетіп қалғаны үшін ашуланып, сөгіс айта ма? Әлде, суық қабақ таныта ма? Сіз сол әкенің орнында болсаңыз, не істер едіңіз? Шалыс қадам басқан перзентіңізді қалай қарсы алар едіңіз?

АДАСҚАН ҰЛ ОРАЛДЫ

Иса әкенің сезімі мен әрекеті жайлы былай деді: “Ұлы алыста келе жатқанда-ақ, әкесі оны көріп, аяп кетеді. Сөйтіп, алдынан жүгіріп шығып, бауырына басып, елжірей сүйеді” (Лұқа 15:20). Бейбастақ өмір кешкенін естісе де, әкесі өзіне оралған ұлын құшақ жая қарсы алды. Ехобаны білеміз және оған ғибадат етеміз дейтін яһуди жетекшілері осы әңгімеден күнәсіна өкінгендерге көктегі Әкенің қалай қарайтынын түсіне алды ма? Сондай-ақ олар Исаның да сондай ықылас пен көзқарас танытып жатқанын ұғына алды ма?

Қырағы әке ұлының мұңлы жүзінен өкінгенін түсінсе керек. Ал ұлына әкесінің алдынан шығып, жылы қарсы алғаны күнәсін мойындауға көмектесті. Сондықтан ол: “Әке, мен көктегі Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасадым. Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін”,— деді (Лұқа 15:21).

Сонда әкесі құлдарына бұйырып: “Тезірек ең жақсы шапан әкеліп, балама кигізіңдер. Қолына жүзік тағып, аяғына сандал беріңдер. Бордақыланған торпақ әкеліп, сойыңдар. Ішіп-жеп, көңіл көтерейік! Өйткені мына ұлым өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды”,— деді. Сосын бәрі қуанып, көңіл көтерді (Лұқа 15:22—24).

Әкесі үлкен ұлына сөйлеп жатыр

Бұл кезде үлкен ұлы егіндікте болатын. Иса ол жайлы былай деді: “Ол қайтып келе жатып, үйге жақындағанда, әуен ойнап, би билеп жатқандардың даусын естиді. Сонда ол қызметшілердің бірін шақырып алып, не болып жатқанын сұрайды. Қызметші: — Ініңіз қайтып келді. Оның аман-есен оралғанына әкеңіз бордақыланған торпақ сойды,— деп жауап береді. Ол бұған ашуланып, үйге кірмей қояды. Сонда әкесі шығып, ішке кіруін өтінеді. Бірақ ол әкесіне: — Мен сізге қаншама жылдан бері тер төгіп еңбек етіп келемін, сөзіңізді екі еткен емеспін. Бірақ сіз маған достарымен көңіл көтерсін деп, тым болмаса, лақ та берген емессіз. Ал дүние-мүлкіңізді жезөкшелермен жүріп шашып-төккен мына ұлыңыздың келгені сол-ақ екен, оған арнап бордақыланған торпақ сойып отырсыз,— деп айтады” (Лұқа 15:25—30).

Исаның қарапайым адамдарға және күнәкарларға көңіл бөліп, рақымды болғанын үлкен ұл сияқты жақтырмаған кімдер еді? Парызшылдар мен дін мұғалімдері. Олардың бұрыс көзқарас танытқаны астарлы әңгімеден анық көрінеді. Сонымен Құдайдың рақымдылығын сынап-мінейтін кез келген адам астарлы мәні бар осы әңгімеден сабақ алу керек.

Иса әңгімесін әкенің үлкен ұлына айтқан сөзімен аяқтады. “Балам, сен әрқашан қасымдасың ғой, менің бар дүнием — сенікі. Ал мына інің болса өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды. Сондықтан қуанып, көңіл көтеруіміз керек емес пе?!” (Лұқа 15:31, 32).

Осы сөзден кейін үлкен ұлдың қалай әрекет еткені жайлы Иса ештеңе айтқан жоқ. Алайда Иса өліп, қайта тірілгеннен кейін, оған “көптеген діни қызметкерлер де сене бастады” (Елшілердің істері 6:7). Бұлардың ішінде қайта оралған ұл туралы әңгімені тыңдаған діни қызметкерлер де болса керек. Демек, олар да ақылға келіп, күнәсіна өкініп, Құдайға бет бұра алды.

Исаның осы сөзінен шәкірттерінің бәрі есте ұстау керек маңызды жайттарды байқауға болады. Біріншісі, тән құмарлығына беріліп, “алыс бір елде” сандалып жүргеннен гөрі, Құдай халқының арасында, сүюші әрі қамқор көктегі Әкенің қол астында қауіпсіз өмір сүрген артық.

Екіншісі, тура жолдан тайып кеткен кез келген адам кішіпейілділікпен көктегі Әкемізге қайтып оралса, оның шапағатына бөленеді.

Бұл астарлы әңгімеден Әкесі адасқан ұлын кешіріп, қайта қабыл алса, ағасы ренжіп, кешіргісі келмеді. Бұдан келесідей сабақ алуға болады: Шындық жолынан тайған біреу шын жүректен өкініп, “Әкенің үйіне” қайта оралып жатса, оны кешіріп, жылы қарсы алуға дайын болайық. Бауырласымыз “өлі” болып, кейін “тірілсе” немесе “жоғалып”, кейін қайта “табылса”, бәріміз де қуанайық!

  • Адасқан ұл туралы астарлы әңгімені Иса кімге және неге айтты?

  • Әңгімедегі басты кейіпкер кім, ол не істеді?

  • Кіші ұлы үйіне оралғанда, әкесі қалай қарсы алды?

  • Мейірімді әке қай жағынан Ехоба мен Исаға ұқсайды?

  • Парызшылдар мен дін мұғалімдері қалай үлкен ұл сияқты әрекет етті?

  • Исаның осы әңгімесінен қандай маңызды нәрселерді түсіндіңіз?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу