Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • jy 85-тар., 198-б.—199-б., 3-абз.
  • Күнәсіна өкінгендер үшін қуану

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Күнәсіна өкінгендер үшін қуану
  • Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • Ұқсас мәлімет
  • Жоғалғанды іздеу
    Тарихтағы ең ұлы адам
  • Адасқан ұлдың оралуы
    Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
  • ‘Өзара сүйіспеншіліктерің’ болсын!
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Үйреніңдер өзімнен”
    2002 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір
jy 85-тар., 198-б.—199-б., 3-абз.
Тиынды тауып қуанған әйел

85-ТАРАУ

Күнәсіна өкінгендер үшін қуану

ЛҰҚА 15:1—10

  • ЖОҒАЛҒАН ҚОЙ МЕН ЖОҒАЛҒАН ТИЫН ТУРАЛЫ МЫСАЛ

  • КӨКТЕ ПЕРІШТЕЛЕР ҚУАНАДЫ

Иса қызметі барысында кішіпейілділіктің маңыздылығына талай рет көңіл бөлген (Лұқа 14:8—11). Ол Құдайға кішіпейілділікпен қызмет еткісі келетін адамдарды табуға тырысуда. Табылғандардың кейбірі жұртқа күнәкар ретінде белгілі.

Маңдайына қорапша таққан яһуди

Парызшылдар мен дін мұғалімдері түкке тұрғысыз санайтын адамдар Исаның қасында жүріп, хабарына ықылас білдіріп жатты. Мұны байқаған дінбасылары: “Мынау күнәкарларды жылы қабылдап, солармен бірге тамақ жейді”,— деп күңкілдеді (Лұқа 15:2). Парызшылдар мен дін мұғалімдері өздерін жоғары санайтын. Қарапайым халықты менсінбей, аяқасты ететін. Жеккөрініштерін білдіру үшін, оларды еврейше “ам-хаарец”, яғни “жер адамдары”, деп атады.

Иса болса адамдарға құрметпен қарады, оларға мейірімділік пен жанашырлық танытты. Қарапайым адамдардың көбі, арасында күнәкар ретінде белгілі болғандары да, Исаның тәлімін тыңдауға асық болды. Осындай жандарға көмектескені үшін жағымсыз сөз естігенде, Иса не сезінді және қалай жауап берді?

Мұны Исаның келесі әсерлі мысалынан айқын көреміз. Қапарнаумда болған кезінде ол осыған ұқсас мысал айтқан болатын (Матай 18:12—14). Иса парызшылдарды әділ және Құдайдың отарындағы қойлар ретінде, ал қарапайым адамдарды адасып, жоғалып қалған қойлар ретінде сипаттады.

Қойшы қойын тауып, қуанғаннан оны иығына көтеріп алды

“Араларыңда біреу жүз қойының біреуін жоғалтып алса, тоқсан тоғызын далада қалдырып, жоғалғанын тапқанша іздемей ме? Оны тауып алғанда, қуанып, иығына салып алады. Үйіне келгенде, достары мен көршілерін шақырып: — Жоғалған қойымды тауып алдым, қуанышыма ортақ болыңдар!— дейді” (Лұқа 15:4—6).

Бұл мысалдың мәнін түсіндіріп, Иса: “Сендерге мынаны айтамын: сол сияқты, өкінуді қажет етпейтін тоқсан тоғыз әділ кісіден гөрі күнәсіна өкінген бір адам үшін көкте көбірек қуаныш болады!”— деді (Лұқа 15:7).

Исаның өкіну жайлы айтқаны парызшылдардың қитығына тисе керек. Олар өздерін әділ санайтын әрі өкіну керек деп есептемейтін. Екі жыл бұрын олар Исаны салықшылармен және күнәкарлармен дастарқан басында отырғаны үшін айыптағанда, Иса: “Мен әділдерді емес, күнәкарларды өкінуге шақыру үшін келдім”,— деген болатын (Марқа 2:15—17). Өз әділдіктеріне тым сенімді парызшылдар өкіну керектігін түсінбейді. Сондықтан көктегілер олар үшін емес, шын өкінген күнәкарлар үшін қуанады.

Күнәкарлардың дұрыс жолға түскеніне көктегілердің қатты қуанатынына назар аудару үшін, Иса тағы бір мысал келтірді: “Он күміс тиынының біреуін жоғалтып алған әйел шам жағып, үйін сыпырып, оны тапқанша бар ынтасымен іздемей ме? Тауып алғанда, достары мен көршілерін шақырып: — Жоғалтқан күміс тиынымды тауып алдым, қуанышыма ортақ болыңдар!— дейді” (Лұқа 15:8, 9).

Сосын Иса жоғалған қой жайлы мысалдың мәніне ұқсас тұжырым айтты. “Сендерге мынаны айтамын: сол сияқты, күнәсіна өкінген бір адам үшін Құдайдың періштелері осылай қуанады!”— деді ол (Лұқа 15:10).

Құдайдың періштелері күнәкарлардың өкінгенін қатты қалайды. Өкінген күнәкарлар Құдайдың көктегі Патшалығына кіріп, періштелерден де зор дәрежеге ие болады (Қорынттықтарға 1-хат 6:2, 3). Осыны ескерсек, періштелердің еш қызғанбай, қайта солар үшін қуанғаны — таңғаларлық жайт! Олай болса, күнәкар адамның Құдайға бет бұрып, дұрыс жолға түскеніне біз де қуануымыз керек емес пе?!

  • Иса неге күнәкар ретінде танымал адамдармен араласты?

  • Қарапайым адамдарға парызшылдар қалай қарады, Иса ше?

  • Екі мысалдың көмегімен Иса қандай тәлім бергісі келді?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу