Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ia 3—7 бет.
  • Кіріспе

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Кіріспе
  • Сенімін серік еткендер
  • Тақырыпшалар
  • Сенім деген не және ол қаншалықты маңызды?
  • Олардың сенімін үлгі етіңіз
Сенімін серік еткендер
ia 3—7 бет.

Кіріспе

“Сенімі мен шыдамдылығының арқасында уәделерді мұра еткендерге еліктеңдер” (ЕВРЕЙЛЕРГЕ 6:12).

1, 2. Бір аралаушы бақылаушы ежелде өмір сүрген Құдайдың қызметшілерін кім деп қарастырған және неліктен біз де олармен дос болуымыз керек?

“КИЕЛІ КІТАП кейіпкерлері жайлы айтқанда, ол жақын достары жайлы айтып жатқандай болады”. Бұл сөздерді егде тартқан бір аралаушы бақылаушының баяндамасын тыңдаған әйел бауырлас айтқан. Оның сөздерінің жаны бар еді. Өйткені әлгі ер бауырлас ондаған жыл бойы Құдай Сөзін оқып, сондағы шындықтар жайында басқаларға тәлім берген. Ежелдегі сенімдері берік ерлер мен әйелдер жайлы көп білгендіктен, бұл кейіпкерлер оның бұрыннан танитын достарындай болып кеткен еді.

2 Киелі кітапта жазылған Құдайдың қызметшілерімен дос болу керемет емес пе?! Олар сізге дос болатындай жақын ба? Нұх, Ыбырайым, Рут, Ілияс және Естер сияқты Құдайдың қызметшілерімен жақынырақ танысу үшін олармен әңгімелесіп отырғаныңызды елестетіп көріңізші. Олардың баға жетпес кеңестері мен жігерлі сөздері өміріңізге зор әсерін тигізері сөзсіз (Нақыл сөздер 13:20 оқыңыз).

3. а) Әділ жандар салған сенім жолының өмірде пайдасын көру үшін не істеуіміз керек? ә) Біз қандай сұрақтарды қарастырамыз?

3 “Әділдер... қайта тірілгенде”, Құдайдың ежелде өмір сүрген қызметшілерімен араласып, достықтың қызығына бататын уақыт орнайды (Ел. іс. 24:15). Алайда бүгінгі күні де олардың салып кеткен сенім жолы туралы біліп, мұның өз өмірімізде көп пайдасын көре аламыз. Қалайша? Елші Пауыл бізді “сенімі мен шыдамдылығының арқасында уәделерді мұра еткендерге еліктеуге” шақырған (Евр. 6:12). Бұл кітапта жазылған әділ жандардың өміріне үңілмес бұрын, Пауылдың сөздері туындататын келесі сұрақтарға тоқталып өтейік: сенім деген не және ол қаншалықты маңызды? Ежелде өмір сүрген Құдайдың қызметшілеріне қалай еліктей аламыз?

Сенім деген не және ол қаншалықты маңызды?

4. Бүгінде адамдар сенім дегенді қалай түсінеді және неге бұлай ойлау дұрыс емес?

4 Сенім — өте құнды қасиет. Осы кітапта қарастырылатын ерлер мен әйелдер бұл қасиетті жоғары бағалаған. Бүгінде көп адам сенім дегенді ешқандай айғағы мен дәлелі жоқ бір нәрсеге илану деп ойлап, бұл қасиетті елемеуге бейім. Алайда бұл — жаңсақ пікір. Шынайы сенім соқыр сенімнен өзгеше, бұл — жай ғана сезім де емес. Соқыр сенімнің жетегінде жүру қауіпті, ал сезім болса өтеді де кетеді. Құдайға жай ғана сенемін деп айту да жеткіліксіз, себебі Құдайдың бар екеніне “жындар да сенеді, әрі қорыққандарынан қалтырап-дірілдейді” (Жақ. 2:19).

5, 6. а) Сенім көзге көрінбейтін қандай екі нәрсеге негізделеді? ә) Сенім қаншалықты берік болуы қажет? Мысал келтіріңіз.

5 Шынайы сенім соқыр сенімнен де, сезімнен де үстем. Киелі кітапта бұл қасиеттің қалай сипатталғанына назар аударайық (Еврейлерге 11:1 оқыңыз). Пауыл сенімнің көзге көрінбейтін екі нәрсеге негізделетінін айтқан. Біріншіден, сенім шын мәнінде бар, бірақ “көрінбейтін” нәрсеге негізделеді. Біздің көзімізге рухани әлем, яғни Ехоба Құдай, оның Ұлы немесе қазір билік жүргізіп отырған көктегі Патшалық көрінбейді. Екіншіден, “үміттенген”, яғни әлі орындалмаған жайттарға негізделеді. Мысалы, біз Құдай Патшалығы болашақта орнататын жаңа дүниені күтіп жүрміз. Біздің сеніміміздің арқауы көзге көрінбейтін нәрселер болғандықтан, оны еш негізсіз деуге бола ма?

6 Әрине, жоқ! Шынайы сенім берік негізге қаланады. Пауылдың қолданған “негіз” деген сөзі қандай да бір мүліктің иесі бар екенін растайтын “заңды құжат” деп те аударылады. Мысалы, бір кісі сізге үйін бергісі келді делік. Ол сізге құжатты табыстап жатып: “Мынау — сіздің үйіңіз”,— дейді. Әрине, бұл енді сіз осы бір жапырақ қағазда тұрасыз дегенді білдірмейді. Осы құжаттың заңды күші болғандықтан, оған ие болу — үйдің өзіне ие болумен парапар. Сол сияқты біздің сеніміміздің негізі берік болғандықтан, Құдайдың берген уәделері біз үшін орындалып қойғанмен бірдей.

7. Шынайы сенім не нәрседен туындайды?

7 Рас, шынайы сенім Құдайдың қандай екеніне көз жеткізгеннен және мызғымас сенімділіктен туындайды. Шынайы сенімнің арқасында біз Ехобаның сүюші Әке екенін көреміз, әрі барлық уәделерін сөзсіз орындайтынына күмәнданбаймыз. Алайда шынайы сенім мұнымен ғана шектелмейді. Оны өсімдік сияқты үнемі нәрлендіріп тұру қажет. Яғни сенімімізді іс-әрекетімізбен көрсетіп отыруымыз керек, әйтпесе ол өліп қалады (Жақ. 2:26).

8. Сенімнің болуы қаншалықты маңызды?

8 Бізде сенімнің болуы қаншалықты маңызды? Пауыл мұның келелі себебін келтірді (Еврейлерге 11:6 оқыңыз). Сенім болмаса, Ехобаға жақындау да, оның ықыласына бөлену де мүмкін емес. Сенімнің арқасында ғана біз әрбір саналы тұлғаның жаратылғандағы ең басты мақсатына сай, көктегі Әкеміз Ехобаға жақындап, оны дәріптей аламыз.

9. Ехобаның бізге сенім қажет екенін білетіні неден көрінеді?

9 Ехоба Құдай бізге сенімнің қаншалықты қажет екенін жақсы біледі. Сондықтан сенімге ие болып, оны іс-әрекетімізбен көрсете алуымыз үшін, ол бізге қажетті тәлім береді. Мысалы, Ехоба қауымдарға жетекшілік ететін адал ер адамдарды тарту етті. Оның Сөзінде: “Олардың сеніміне еліктеңдер”,— деп жазылған (Евр. 13:7). Ехобаның берген сыйы мұнымен шектелмейді. Пауыл ежелде сенімдерімен үлгі болған “бұлт іспетті көп куәгер” жайлы да жазған (Евр. 12:1). Еврейлерге арналған хаттың 11-тарауында Пауыл сол адал кісілердің есімдерін жазып кеткен, алайда бұл — толық тізім емес. Киелі кітаптан жағдайлары әртүрлі болған әрі сенімін берік сақтаған ерлер мен әйелдердің, жастар мен қариялардың мысалдарын оқуға болады. Олар сенім атаулыдан жұрдай осы заманда өмір сүріп жатқан біздерге керемет үлгі!

Олардың сенімін үлгі етіңіз

10. Адал ерлер мен әйелдерге еліктеу үшін, жеке зерттеу кезінде не істеген дұрыс?

10 Өзге адамды жақыннан танымайынша, оны үлгі ету мүмкін емес. Сенімі берік болған Құдай қызметшілерін бізге таныстыру үшін осы кітапта көп ізденіс жасалды. Бірақ мұнымен шектелмей, өзіңіз де қосымша ізденістер жасап көрсеңіз болады. Жеке зерттеу жүргізгенде, қолыңызда бар ізденіс құралдарын қолданыңыз. Ал ой жүгірткенде, оқиғаның қай жерде, қандай жағдайда орын алғанын елестетіп көріңіз. Өзіңізді сол жерде жүргендей елестетіп, дыбыстарды естіп, иістерді сезуге тырысыңыз. Ең бастысы, адамдардың сезімдерін түсіну үшін өзіңізді солардың орнына қойып көріңіз. Сонда Құдайдың қызметшілерімен жақынырақ танысып, олардың кейбірі тіпті бұрыннан танитын достарыңыздай болып кетеді.

11, 12. а) Ыбырайым мен Сараны жақынырақ тани түсу үшін не істей аласыз? ә) Ханна, Ілияс және Самуил сізге қай жағынан үлгі бола алады?

11 Құдайдың адал қызметшілерін жақыннан таныған сайын, оларға еліктегіңіз келеді. Мысалы, сіз жаңа қызмет түрі жайлы ойланып жүрсіз делік. Ехобаның ұйымы сізге қызмет аясын кеңейтуді ұсынады. Бәлкім, сізді жариялаушылар аса қажет жерге көшуге немесе сізге таныс емес не қиын болып көрінетін қызмет түріне атсалысуға шақыратын шығар. Осы ұсыныстарды қарастырып, бұл жайында дұға еткенде, Ыбырайымның үлгісі жайлы ой жүгірткеніңіз сізге көмек бола алады. Ыбырайым Сарамен бірге Ур қаласындағы жайлы өмірді тастады. Нәтижесінде екеуі мол батаға кенелді. Олардың ізімен жүрер болсаңыз, оларды бұрынғыдан бетер тани түсесіз.

12 Жақын адамыңыз сізді табалағанда, еңсеңіз түсіп, тіпті қауымға барғыңыз келмеген кездер болған ба? Осындай кездері Ханна жайлы ойланып көрсеңіз, бұл сізге дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Ол Пәнананың әрекеттерінің Ехобаға ғибадат етуге кедергі жасауына жол бермеген. Осылай Ханна туралы көбірек білсеңіз, бұл кейіпкер жаныңызға жақын досыңыздай болып кетеді. Ал егер өзіңізді түкке тұрғысыз сезініп, салыңыз суға кетіп жатса, Ілияс пайғамбардың оқиғасын оқып, Ехобаның оны қалай жұбатқаны жайлы ой жүгіртіп көріңіз. Ал егер өнегесіз сыныптастарының қысымына төтеп беріп жүрген жастардың қатарында болсаң, Самуил жайлы зерттеп көр. Ол киелі шатырда қызмет еткен Елидің ұлдарының азғын істеріне ортақтаспаған.

13. Киелі кітаптағы адамдардың сеніміне еліктегеніміз өз сеніміміз жеткіліксіз дегенді білдіре ме? Түсіндіріңіз.

13 Киелі кітаптағы адамдардың сеніміне еліктегеніміз өз сеніміміз жеткіліксіз дегенді білдіре ме? Әрине, жоқ! Құдай Сөзінің өзінде сенімі берік адамдарға еліктеуіміз керектігі жайлы айтылғанын ұмытпаңыз (Қор. 1-х. 4:16; 11:1; Сал. 2-х. 3:7, 9). Оның үстіне, осы кітапта жазылған кейбір адамдардың өздері оларға дейін өмір сүрген адал кісілерді үлгі тұтқан. Мысалы, 17-тарауда оқитынымыздай, Мәриям Ханнаны үлгі еткендіктен, оның сөздерін қайталап айтқанға ұқсайды. Бұл Мәриямның өз сенімі әлсіз болған дегенге меңзей ме? Жоқ. Қайта, Мәриям Ханнаның үлгісінің арқасында сенімін нығайтып, Ехоба Құдайдың алдында жақсатқа ие болған.

14, 15. Бұл кітаптың ерекшеліктері қандай және оның толық пайдасын көру үшін не істеуіміз керек?

14 Бұл кітап сенімді нығайтуға көмектесетін құрал болып табылады. Ондағы кейбір мақалалар “Күзет мұнарасындағы” “Сенімін серік еткендер” атты айдардан алынған. Алайда олар қайта қарастырылып, қосымша мәліметтер енгізілді. Кітапта келтірілген сұрақтардың көмегімен талқылау өткізіп, өмірде қолдануға болатын тұстарды байқай аламыз. Көптеген қанық түсті суреттер арнайы осы кітап үшін жасалды, ал бұрыннан бар кейбір суреттер үлкейтіліп, жақсартылды. Сондай-ақ ондағы хронологиялық тізбек пен картаның да пайдасы зор болмақ. “Сенімін серік еткендер” кітабы жеке зерттеу үшін, отбасымен не қауыммен зерттеу үшін дайындалды. Сондай-ақ бұл кітапты отбасылардың бірге жиналып, дауыстап оқуына да болады.

15 Бұл кітап сізге Құдайдың ежелдегі адал қызметшілерінің сенімін үлгі етуге көмектесе берсін. Сондай-ақ сеніміңізді нығайтуға және көктегі Әкеміз Ехобаға жақындай түсуге септігін тигізсін!

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу