128-ән
Қызмет етейік, сергек жүрейік, күтейік
1. Уақыт, мезгілдер Иесі,
Есімі оның — Ехоба.
Әділ билігін ол ертең
Ақтап алмақ біржола.
Қайырмасы:
Талмай қызмет етейік,
Қалғымай сергек жүрейік,
Күтейік келер бейбіт заманды.
2. Үкім уағы белгіленді,
Мәсіх даяр шайқасуға.
Алмас қылышын алып ол,
Бастар әскерін жауға.
Қайырмасы:
Талмай қызмет етейік,
Қалғымай сергек жүрейік,
Күтейік келер бейбіт заманды.
3. Азып-тозса да бұл заман,
Маздап жанар сенім оты.
Алда азаттық әкелер
Ұлы Құдайдың соты.
Қайырмасы:
Талмай қызмет етейік,
Қалғымай сергек жүрейік,
Күтейік келер бейбіт заманды.
(Мат. 25:13; Лұқа 12:36 қараңыз.)