127-ән
Саған арнап салынған үй
1. Ұлы атыңа, уа, Ехоба,
Арнап көтердік бұл үйді.
Енді қуана бағыштаймыз,
Төгіп алғыс пен ән-күйді.
Саған арналған тартулардың
Көзі өзіңсің о бастан.
Қуат, қабілет, барымызды
Бердік, ашық қой алақан.
Қайырмасы:
Салтанатты мына үйде
Атың асқақтай берсін.
Бағыштаймыз саған, Әке,
Иесі оның сенсің.
2. Тұрмыз алдыңда, уа, Ехоба,
Мадақ жаудырып атыңа.
Сені даңқтауды қалайтындар
Көптеп қосылсын халқыңа.
Күтіп ұстаймыз бұл Сарайды,
Ғибадат орнын киелі.
Көрік беріп ол тәліміңе,
Үнсіз мадақтап тұр сені.
Қайырмасы:
Салтанатты мына үйде
Атың асқақтай берсін.
Бағыштаймыз саған, Әке,
Иесі оның сенсің.
(Пат. 1-ж. 8:18, 27; Шеж. 1-ж. 29:11—14; Ел. іс. 20:24 қараңыз.)