129-ән
Үмітіміз жалындай берсін
1. Ақ таңына әділ заманның зәру боп,
Жүр адамзат қалың тұман ішінде.
Азаттыққа сан ғасыр ұмтылса да,
Күнә заңы тұр өз күшінде.
Қайырмасы:
Жалындасын үміттің алауы,
Жүзеге аспақ Патшалық қалауы.
Бар қорқыныш жоғалар мәңгіге,
Зәкір боп тұрған ризамыз үмітке.
2. Жаршылары Патшалықтың дабыл қағып,
“Сот болатын күн жақын қалды!” дейді.
Азып-тозған жер бетін Құдай енді
Гүл жайнатып, нұрға бөлейді.
Қайырмасы:
Жалындасын үміттің алауы,
Жүзеге аспақ Патшалық қалауы.
Бар қорқыныш жоғалар мәңгіге,
Зәкір боп тұрған ризамыз үмітке.
(Зәб. 27:14; Уағ. 1:14; Жоел 2:1; Абқ. 1:2, 3; Рим. 8:22 қараңыз.)