80-ән
Ізгілік қасиеті
(Ғалаттықтарға 5:22; Зәбүр 119:66)
1. Ехобаның ізгілігі
Бөлейді қуанышқа.
Жақсылығын аямайды
Біз үшін әр уақытта.
Пендені ол еш лайықсыз
Кешеді, рақым етіп.
Бас иеміз тек өзіне,
Алдына оның келіп.
2. Болмысына ұқсас етіп
Жаратты ол адамды.
Барлығы да Әкеміздей
Ізгі бола алады.
Паш етіп бар қасиетін,
Еліктейік баладай.
Рух жемісін дамытуға
Сұрайық күшін талмай.
3. Бауырласты сенімдегі
Бағалап, шын сүйейік.
Басқаларды ұмытпайық,
Қол ұшын біз берейік.
Ізгі хабар жеткізгенде
Алаламай ешкімді,
Патшалықты уағыздайық
Барынша болып ізгі.
(Зәб. 103:10; Мар. 10:18; Ефес. 5:9 қараңыз.)