90-ән
“Ақ шаш — әсем тәж”
1. Қалса да тым ұзақта
Шақтары балғын.
Жасымай жігерлері,
Берік боп қалған.
Кейбірі әл жоғалтқан,
Кейбірі жалғыз.
Жұмақта Әкем сыйлар
Мол бата даусыз.
Қайырмасы:
Еңбегі олардың
Жадыңда, Әке.
Мақтаныш әрбірі
Алдыңда, Әке.
2. Жасырмай шаштың ағын
Өмір жолында.
Адал жан Ехобаның
Сұлу алдында.
Жас кезде бар жанымен
Зор үлес қосқан
Бағалайық қарттарды,
Жоқ құрмет асқан.
Қайырмасы:
Еңбегі олардың
Жадыңда, Әке.
Мақтаныш әрбірі
Алдыңда, Әке.
(Мат. 25:21, 23; Зәб. 71:9, 18; Нақ. с. 20:29; Лұқа 22:28; Тім. 1-х. 5:1 қараңыз.)