91-ән
Ехоба, Құдайымсың, адал Досым
1. Қым-ғуыт бұл заманның
Тауқыметі көп біз тартатын.
Жоқ күндерім алайда
Желге құр ұшатын.
Қайырмасы:
Әділ Құдай Ехоба, еңбегімді еш ұмытпайсың,
Әр кез жүріп жанымда, мені жалғыз қалдырмайсың.
Қамқор Әкем Ехоба, берік жартастай қорғанымсың,
Уа, Ехоба, Құдайымсың, адал Досым.
2. Балғын шағым өтсе де,
Салмақ салар қарттық келсе де,
Сенім менен үмітім
Лаулап жанар күнде.
Қайырмасы:
Әділ Құдай Ехоба, еңбегімді еш ұмытпайсың,
Әр кез жүріп жанымда, мені жалғыз қалдырмайсың.
Қамқор Әкем Ехоба, берік жартастай қорғанымсың,
Уа, Ехоба, Құдайымсың, адал Досым.
(Зәб. 71:17, 18 қараңыз.)