89-ән
Ехобаның шақыруы: “Ақылды бол, балам”
1. Балам, жүрегіңді түгел маған арна,
Болсын бұл жауабым мені қорлағанға.
Жас шағыңда таңдап әділ, түзу жолды,
Баршаға паш еткін мені сүйгеніңді.
Қайырмасы:
Асыл ұлым, аяулы қызым,
Қуант ақылды боп лайым.
Ынтаңмен атқар қызметіңді,
Саған берер сыйым дайын.
2. Қалтқысыз қызметің қуаныш әкелсін.
Сүрінсең, тұрғызам, еңсең еш түспесін.
Қалса көңілің адамнан, сен ұмытпа:
Аса бағалысың маған әр уақытта.
Қайырмасы:
Асыл ұлым, аяулы қызым,
Қуант ақылды боп лайым.
Ынтаңмен атқар қызметіңді,
Саған берер сыйым дайын.
(Мұс. 5-ж. 6:5; Уағ. 11:9; Ишая 41:13 қараңыз.)