126-ән
Жұмыла атқарған еңбегіміз
1. Ехоба, бір өзіңе мадақ айтып тұрмыз, міне,
Шапағатқа бөлеп, зор құрмет көрсеттің бізге.
Еңбек еттік жұмыла біз құрылыс алаңында,
Қолдауыңмен сенің тұр бүгін бұл үй алдыңда.
Қайырмасы:
Ехоба, біз үшін мәртебе
Соғу киелі үйіңді.
Жылдан жылға, мәңгілік бойы барымызбен
Мадақтайық бір өзіңді.
2. Жүздері бал-бұл жанған көп дос таптық бұл ортадан,
Бастан кешкен талай күндер-ай мәңгі есте қалған.
Демеу бердің, Иеміз, өрге басты бар ісіміз,
Даңқыңа даңқ қостық, біз мұны құрмет көреміз.
Қайырмасы:
Ехоба, біз үшін мәртебе
Соғу киелі үйіңді.
Жылдан жылға, мәңгілік бойы барымызбен
Мадақтайық бір өзіңді.
(Зәб. 116:1; 147:1; Рим. 15:6 қараңыз.)