125-ән
Құдай орнатқан тәртіпке бағынайық
1. Жер-жаһан назарын теңдессіз Сөзге
Аударып жүр халқы Құдайдың күнде.
Бір тәртіпке бәрі әр кез бағынар,
Бірлігі жарасқан жамағат олар.
Қайырмасы:
Барлық жағдайда Ұлы Құдайға
Мойынсұну — парыз.
Ол аялайды, ол қамқорлайды,
Адалмыз оған жалғыз.
2. Адаспай хақ жолдан бек тұру үшін,
Қолдайды Ехоба аямай күшін.
Адал, ақылды құл желеп-жебейді,
Құдайдың жүрегі қуансын дейді.
Қайырмасы:
Барлық жағдайда Ұлы Құдайға
Мойынсұну — парыз.
Ол аялайды, ол қамқорлайды,
Адалмыз оған жалғыз.
(Лұқа 12:42; Евр. 13:7, 17 қараңыз.)