Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w18 ақпан 31-б.—32-б., 6-абз.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Ұқсас мәлімет
  • Мұраңнан айырылып қалмау үшін дана шешімдер қабылда
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Жақып мұраға ие болды
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
  • Рухани толысқан адам дұрыс шешімдер қабылдайды
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2024
  • Ехобаның Тұңғышын мадақтаңдар!
    Ехобаға қуана ән шырқайық!
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
w18 ақпан 31-б.—32-б., 6-абз.
Жақып Есаудың тұңғыштық жолын сатып алып жатыр

Жақып Есаудың тұңғыштық жолын алғандықтан Мәсіхтің арғы атасы болды ма?

Оқырман сауалдары

Ежелгі Исраилде ер адам Мәсіхтің арғы атасы болу үшін үйдің тұңғыш ұлы болуы керек болған ба?

Бұған дейін біз Еврейлерге 12:16-ға негізделіп, осылай деп ойлағанбыз. Онда Есаудың “қасиетті нәрсені бағаламағаны” және “тұңғыштық жолын бір тостақ тамаққа айырбастап”, Жақыпқа бере салғаны айтылған (Еврейлерге 12:16). Демек, “тұңғыштық жолын” алған кезде Жақып Мәсіхтің арғы атасы болу мәртебесіне де ие болды деп пайымдадық (Матай 1:2, 16; Лұқа 3:23, 34).

Алайда Киелі кітаптағы өзге де оқиғаларды мұқият зерттеудің нәтижесінде біз Мәсіхтің арғы атасы болу үшін ер адамның тұңғыш ұл болуы міндетті болмағанын білдік. Солардың кейбірін қарастырайық.

Жақыптың тұңғыш ұлы Рубен болды. Ол Лиядан туылған. Ал Рахиладан туылған бірінші ұлы Жүсіп еді. Азғындық жасағандықтан, Рубен тұңғыштық жолынан айырылды да, бұл Жүсіпке берілді (Мұсаның 1-жазбасы 29:31—35; 30:22—25; 35:22—26; 49:22—26; Шежірелер 1-жазба 5:1, 2). Бірақ Мәсіх Рубеннің де, Жүсіптің де ұрпағынан шыққан жоқ. Ол Жақып пен Лияның төртінші баласы Яһудадан шықты (Мұсаның 1-жазбасы 49:10).

Лұқа 3:32-де келтірілген Мәсіхтің бес ата-бабасының бәрі де тұңғыш болған көрінеді. Мысалы, Бағоз Ғабиттің, ал Ғабит Есейдің әкесі болған (Рут 4:17, 20—22; Шежірелер 1-жазба 2:10—12).

Есейдің ұлы Дәуіт болса тұңғыш емес еді. Ол үйдің кенжесі, яғни сегізінші ұл болған. Десе де Мәсіх Дәуіттің ұрпағынан шықты (Самуилдің 1-жазбасы 16:10, 11; 17:12; Матай 1:5, 6). Дәуіттің ұлы Сүлеймен де, тұңғыш ұл болмағанмен, Мәсіхтің арғы атасы болды (Самуилдің 2-жазбасы 3:2—5).

Бұл тұңғыштықтың маңызды болмағанын білдірмейді. Тұңғыш ұл басқа ұлдарда жоқ артықшылықтарға ие болған. Әкесінен кейін, үйдегі отағасылық міндет жиі тұңғыш ұлға өтетін және оның үлесіне мұраның екі есе көп бөлігі тиетін (Мұсаның 1-жазбасы 43:33; Мұсаның 5-жазбасы 21:17; Ешуа 17:1).

Бірақ тұңғыштық жолы бір ұлдан басқа ұлға өтуі мүмкін еді. Ыбырайым Ысмағұлды отбасынан жыраққа жібергенде, оның тұңғыштық жолы Ысқаққа өтті (Мұсаның 1-жазбасы 21:14—21; 22:2). Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Рубеннің де тұңғыштық жолы Жүсіпке өткен болатын.

Олай болса, Еврейлерге 12:16-да Пауыл не айтқысы келген? Онда былай деп жазылған: “Араларыңда азғын не Есау сияқты қасиетті нәрсені бағаламайтын адам да болмасын. Ол тұңғыштық жолын бір тостақ тамаққа айырбастай салды”.

Бұл жерде Пауыл Мәсіхтің ата-бабасы туралы сөз қозғамаған. Ол мәсіхшілерге ескерту жасаған. Пауыл оларға “аяқтарыңның астына түзу жол салыңдар”, сонда “ешқайсысың Құдайдың рақымынан айырылып қалмайсыңдар” деген. Ал егер олар жыныстық азғындық жасаса, осы өкінішті жағдай орын алуы мүмкін еді (Еврейлерге 12:12—16). Сонда олар “қасиетті нәрсені бағаламай”, өз құмарлығын қанағаттандыруды ғана ойлаған Есау іспетті болмақ еді.

Сол замандағы әдет-ғұрыпқа сай, Есау кейде отбасы үшін Ехобаға құрбандықтар ұсыну мәртебесіне ие болған шығар (Мұсаның 1-жазбасы 8:20, 21; 12:7, 8; Әйүп 1:4, 5). Бірақ өз құмарлығын көксегені сонша — тұңғыш ұл ретіндегі мәртебесін бір табақ тамаққа айырбастай салды. Ехоба Ыбырайымның ұрпағы қасірет көретінін алдын ала айтқан еді, бәлкім, Есау содан қашқысы келген шығар (Мұсаның 1-жазбасы 15:13). Сондай-ақ жалған тәңірлерге табынатын әйелдер алып, ата-анасын қайғыға батыруымен ол қасиетті нәрсені бағаламайтынын көрсетті (Мұсаның 1-жазбасы 26:34, 35). Есаудың және шынайы Құдайға ғибадат ететін әйелге ғана үйленген Жақыптың айырмашылығы жер мен көктей еді! (Мұсаның 1-жазбасы 28:6, 7; 29:10—12, 18).

Мәриям мен Жүсіп ақырда жатқан сәби Исаның жанында тұр

Киелі кітаптағы осы оқиғалардан Мәсіхтің арғы аталары жайлы не білеміз? Олардың бәрі бірдей тұңғыш ұл болмаған. Яһудилер бұны білген де, мойындаған да. Бұны қайдан білеміз? Олар Мәсіх Есейдің кенже ұлы Дәуіттен шығатынын растаған (Матай 22:42).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу