99-ән
Жердің жаңа Патшасын даңқтайық!
(Аян 7:9)
1. Иса Мәсіх және оның
бауырлары майланған
Қалың ұлы жамағатты
әрбір ұлттан жинаған.
Патшалық орнады көкте,
Құдай еркі орнар жерде.
Мұндай керемет үміт бізге
Жұбаныш, шаттық сыйлаған.
Қайырмасы:
Даңқта Ехобаны,
Мадақта Исаны
Бәрін күнәдан азат еткен.
Мәңгі өмір сүріп, қызмет ету
Бақыт біз үшін неткен!
2. Жүрек соқты қуанышпен,
Иса Мәсіх — Патшамыз,
Тыныштық бекзадасымен
кеңге қанат жаямыз.
Алдымызда шатты күндер:
Қайғы мен үрейден бос жер,
Құшып туысын тірілгендер,
Бөленер нұрға арамыз.
Қайырмасы:
Даңқта Ехобаны,
Мадақта Исаны
Бәрін күнәдан азат еткен.
Мәңгі өмір сүріп, қызмет ету
Бақыт біз үшін неткен!