98-ән
Патшалық тұқымын себейік
1. Ехобаны шын сүйетіндер,
Келіңдер бәрің жұмылып.
Иса тапсырған шұғыл істі
Атқарып, мәнін ұғынып.
Шындық сөзін сеуіп еш қорықпай
Өнім беретін жүрекке.
Егер аянбай тер төгер болсақ біз,
Бөлейміз Құдайды құрметке.
2. Алғаш шындықты естігенде,
Қуанған болар кейбірі.
Сынақ кезінде солып қалар,
Терең жайылмай тамыры.
Түссе кей тұқым жерге тікенді,
Дәулет-байлыққа шырмалар.
Өзге тұқымдар жақсы жерге түсіп,
Көркейіп, өнімі мол болар.
3. Алға басуы ісіміздің
Біз салған күшке тәуелді.
Талмай хабарды жеткізейік
Жандарға жұмсақ жүрегі.
Ойлап қамдарын, жәрдем берейік
Шындық жолын нық ұстауға.
Отыз не алпыс, тіпті жүз еседен
Өнімін орамыз соңында.
(Мат. 13:19—23; 22:37 қараңыз.)