30-ән
Ехоба билік етуін бастады
1. Ғажап қой күн бүгінгі, Құдай билігі енді
Өз күшіне, Бұрыштас қаланды.
Ән шырқайық шаттана мадақ айтып Құдайға,
Өз Ұлына бағындырды ол бар жанды.
Қайырмасы:
Құдай билігі не әкелмек?
Әділдік, шындықтың мәнін.
Билігі тағы не әкелмек?
Таңғажайып өмір сәнін.
Даңқтайық, кел, Патшамызды,
Сүйгенін айтып бәрін.
2. Мәсіх отыр тағында, Һар-Магедон жақында
Жайпап салар бұл зұлым заманды.
Уағыз қауырт іс бүгін мың сан білмейтін үшін,
Шақырайық түзу жолға бар момынды.
Қайырмасы:
Құдай билігі не әкелмек?
Әділдік, шындықтың мәнін.
Билігі тағы не әкелмек?
Таңғажайып өмір сәнін.
Даңқтайық, кел, Патшамызды,
Сүйгенін айтып бәрін.
3. Біз үшін тым ардақты мадақтайық Патшаны,
Тағзым етейік оған бас иіп.
Құдай үйіне кіріп, мол рақымын сұрайық,
Мәсіх қолына тимек ертең бар билік.
Қайырмасы:
Құдай билігі не әкелмек?
Әділдік, шындықтың мәнін.
Билігі тағы не әкелмек?
Таңғажайып өмір сәнін.
Даңқтайық, кел, Патшамызды,
Сүйгенін айтып бәрін.
(Сам. 2-ж. 7:22; Дан. 2:44; Аян 7:15 қараңыз.)