50-ән
Құдай сүйіспеншілігін танытайық
1. Ехоба Құдай ойлап қамымызды,
Біз үшін,
Біз үшін
Басшылық берді, көрсетіп үлгісін
Шын сүюдің,
Шын сүюдің.
Адастырмайды Құдайдың бұл жолы,
Сонда жүргеннің жомарт болар қолы.
Бірлік төріне жетудің бір жолы
Құдай жолы,
Иә, сүю жолы.
2. Жүрсек бұл жолмен, өзгені сүйеміз
Шынайы,
Шынайы.
Бауырластарға қол ұшын береміз
Біз ұдайы,
Иә, ұдайы.
Жіпке тізбеуге әрбір қателікті,
Қайта, дамытып шын бауырмалдықты,
Тура жүруге жолмен ізгілікті
Қозғау салар,
Сүю жол салар.
3. Қозғау салады шын сүйіспеншілік
Әрдайым,
Әрдайым
Қызмет етуге қалтқысыз беріліп.
Жүрміз дайын,
Жүрміз дайын.
Құдай есімін көпке танытайық,
Шындықтың нұрын бір жарқыратайық,
Қызметімізді, кел, асқақтатайық,
Бұл — сүюдің
Зор құдіреті.
(Рим. 12:10; Ефес. 4:3; Пет. 2-х. 1:7 қараңыз.)