97-ән
Патшалықтың қызметшілері, алға!
1. Үйрет халыққа, кәне, алға,
Патшалықтың ек дәнін!
Шақыр шындыққа, әділ жолға
Момын адамның бәрін.
Қызмет ету неткен мәртебе
Сөзін жеткізіп Құдайдың!
Дайын бол атын паш етуге,
Барып үйіне талайдың.
Қайырмасы:
Алға, Патшалықты уағыздайық, барып бар жаққа!
Ұмтылайық, Ехобаға адал болып қалмаққа!
2. Мәңгі өмірді ұстап есте,
Алға басамыз талмай.
Иса Мәсіхтің ізіменен
Тура жүреміз қалмай.
Білсін күллі жұрт: Патшалықты
Құдай жуырда орнатпақ.
Батыл, сескенбей уағыздайық,
Ехоба күшін дарытпақ.
Қайырмасы:
Алға, Патшалықты уағыздайық, барып бар жаққа!
Ұмтылайық, Ехобаға адал болып қалмаққа!
3. Тамтық және де қойлар басқа
Келе жатыр бірігіп.
Ері, әйелі, кәрі, жас та
Ақиқатқа үңіліп.
Қызмет біз үшін қасиетті,
Құны жоғалмас ешқашан.
Жүріс-тұрысымыз лайық боп,
Мінсіз жүрейік әрқашан.
Қайырмасы:
Алға, Патшалықты уағыздайық, барып бар жаққа!
Ұмтылайық, Ехобаға адал болып қалмаққа!
(Зәб. 23:4; Ел. іс. 4:29, 31; Пет. 1-х. 2:21 қараңыз.)