96-ән
Лайық адамдарды іздеп табыңдар
1. Иса уағыздап Патшалық жайында,
Бізге де нұсқаулар берген:
“Қала, ауылдан іздеңдер еш талмай
Жандарды рухани шөлдеген.
Үйге кіргенде, татулық тілеңдер,
Лайық жан қуана қабылдар.
Құлақ аспаса, сол үйден кетерде
Аяқ шаңын қағып тастаңдар”.
2. Қабыл алғандар сендерді қызметте —
Қабыл алғаны Исаны.
Ыңғай танытса мәңгілік өмірге,
Құдайдың жүректі ашқаны.
Айтар сөздерің еш уайым болмағай,
Бір Ехоба өзі — Қолдаушың.
Ізгі хабарды айтарда момынға
Дәмді сөз болсын жол бастаушың.
(Ел. іс. 13:48; 16:14; Қол. 4:6 қараңыз.)