59-ән
Біз Құдайға бағышталдық!
1. Ақиқат жолын Ехоба бізге ашқан,
Ерсін деп Мәсіхтің соңынан.
Әкеміз Ехобаның
Нұр шашқан шындықтарын
Қабылдап зор сеніммен,
Бас тарттық біз өзімізден.
Қайырмасы:
Құдайға бағышталдық өзіміз қалап,
Сенімді мәңгі шаттыққа жалғап.
2. Құдайдың алдына келіп дұға еттік,
“Қызмет етеміз мәңгі”,— дедік.
Біз үшін бұл — мақтаныш!
Сарқылмас зор қуаныш —
Атынан Ехобаның,
Хабар айту жұртқа сан мың.
Қайырмасы:
Құдайға бағышталдық өзіміз қалап,
Сенімді мәңгі шаттыққа жалғап.
(Зәб. 43:3; 107:22; Жох. 6:44 қараңыз.)