34-ән
Атымызға затымыз сай болсын
1. Күш-қайраты мол әкеміз Ехоба,
Қайнарысың шындық, әділдіктің.
Даналығың, сүйіспеншілігің зор,
Тағың мәңгі Патшасы ғаламның.
Шындығыңды айтып зор қуанышпен,
Халқың жүр сұм заманға ілеспей.
Қайырмасы:
Куәгерің болу зор мәртебе ғой,
Атымызға затымыз сай келгей.
2. Қасиетті қызметіңді бірлесе
Атқарамыз айтып шаттық әнін.
Еңбектеніп қалың жұртпен бұл істе,
Ынтымақтың татамыз бал дәмін.
Есіміңмен танылып, уа, Ехоба,
Даңқыңды асырдық еш кідірмей.
Қайырмасы:
Куәгерің болу зор мәртебе ғой,
Атымызға затымыз сай келгей.
(Мұс. 5-ж. 32:4; Зәб. 43:3; Дан. 2:20, 21 қараңыз.)