33-ән
Олардан қорықпаңдар!
1. Халқым менің, кәне алға,
Патшалықты уағызда,
Жауды көріп қорықпа,
Шындықты сусағанға
Айт Патша Мәсіхтің жерге
Шайтанды лақтырғанын,
Жақында оны кісендеп,
Әділді жақтайтынын.
Қайырмасы:
Берік бол, еш сескенбе де,
Қорқытса жау бөсіп тым.
Мен үшін адал жүргендер
Қарашығы көзімнің.
2. Қаптап келіп қас жауларың
Қорқытып қорласа да,
Қуланып арбаса да,
Қолданып тілін майда.
Қудалап сес көрсетсе де,
Еш қорықпа сарбазым,
Ақырғы жеңіске дейін
Адал жанды сақтаймын.
Қайырмасы:
Берік бол, еш сескенбе де,
Қорқытса жау бөсіп тым.
Мен үшін адал жүргендер
Қарашығы көзімнің.
3. Ұмыт болдым деп қамықпа,
Панаң боп қалқалайын,
Жер құшсаң жазатайым,
Өлімді тұсаулайын.
Қорықпа тәнді өлтіріп,
Жанды құрта алмайтыннан,
Адал болсаң, көздегенің
Шыға келер алдыңнан!
Қайырмасы:
Берік бол, еш сескенбе де,
Қорқытса жау бөсіп тым.
Мен үшін адал жүргендер
Қарашығы көзімнің.
(Мұс. 5-ж. 32:10; Нех. 4:14; Зәб. 59:1; 83:2, 3 қараңыз.)