19-ән
Құдай уәде еткен Жұмақ
1. Жер жасарып, жұмақ орнайды:
Құдай берді берік уәде.
Сонда ұмыт болып бар қайғы,
Күнә, өлім қалмас есте.
Қайырмасы:
Жұмақ орнап, Жер жайқалмақ,
Сенім көзі бұған айғақ.
Ехобаның сөзін Мәсіх
Орындауға ертең асық.
2. “Жұмақ бағы тиер еншіңе”,—
Деген еді Иса бірде.
Мойынсұнып Құдай еркіне,
Өмір берер ол өлгенге.
Қайырмасы:
Жұмақ орнап, Жер жайқалмақ,
Сенім көзі бұған айғақ.
Ехобаның сөзін Мәсіх
Орындауға ертең асық.
3. Иә, берік тұрмақ сөзінде
Жердің заңды Билеушісі.
Әкемізге арнап біз күнде
Жаудырайық алғыс сөзді.
Қайырмасы:
Жұмақ орнап, Жер жайқалмақ,
Сенім көзі бұған айғақ.
Ехобаның сөзін Мәсіх
Орындауға ертең асық.
(Мат. 5:5; 6:10; Жох. 5:28, 29 қараңыз.)