18-ән
Құдайдың адал сүйіспеншілігі
1. Адал сүйіспеншілік!
Көңілді хош етерлік.
Құдай Ұлын жіберіп,
Сүйді беріп құрбандық.
Жол ашып әділдерге
Мәңгі өмір сүруге.
Қайырмасы:
Келіңдер, сусағандар!
Өмір суын алыңдар.
Тегін ішіп, Құдайдың
Рақымын табыңдар.
2. Адал сүйіспеншілік
Тағы да ол танытып,
Мәсіхке билік берді,
Келісімін жаңғыртып.
Уәдесінде нық тұрды,
Патшалығын орнатып.
Қайырмасы:
Келіңдер, сусағандар!
Өмір суын алыңдар.
Тегін ішіп, Құдайдың
Рақымын табыңдар.
3. Адал сүйіспеншілік,
Кел, біз де танытайық.
Адалдықпен момынды
Тура жолға бастайық.
Қастерлі сезімменен
Уағыздап, жұбатайық.
Қайырмасы:
Келіңдер, сусағандар!
Өмір суын алыңдар.
Тегін ішіп, Құдайдың
Рақымын табыңдар.
(Зәб. 33:5; 57:10; Ефес. 1:7 қараңыз.)