16-ән
Құдай Патшалығын панала!
1. Әділдікті, момындықты аңсаңдар,
Ехобаны іздеп, жуас жандар.
Күні оның келгенде бас сауғалап,
Бәлкім, аман қаласыңдар.
Қайырмасы:
Патшалығын Құдайдың панала,
Жақта әділ билігін.
Қамқорына алып, еш тастамайды,
Жүр бағынып әрдайым.
2. Әділдікті, шындықты іздегендер,
Бар уайымды ұмытып, келіңдер.
Пана тауып Құдайдың саясында,
Иса Мәсіхке еріңдер.
Қайырмасы:
Патшалығын Құдайдың панала,
Жақта әділ билігін.
Қамқорына алып, еш тастамайды,
Жүр бағынып әрдайым.
3. Бастарыңды көтеріп қараңдаршы,
Мәсіх билік етуін бастады!
Тек Құдайды қастерлеп, бөленіңдер
Нұрына оның шуақты.
Қайырмасы:
Патшалығын Құдайдың панала,
Жақта әділ билігін.
Қамқорына алып, еш тастамайды,
Жүр бағынып әрдайым.
(Зәб. 59:16; Нақ. с. 18:10; Қор. 1-х. 16:13 қараңыз.)