15-ән
Жаратылыстары Ехобаның даңқын паш етеді
(Зәбүр 19)
1. Уа, Құдайым, сезіп тұр ғой жаным,
Түнгі аспан — айнасы даңқыңның.
Күндіз-түні олар тұр тіл қатып,
Момындарға үнсіз уағыз айтып.
Күндіз-түні олар тұр тіл қатып,
Момындарға үнсіз уағыз айтып.
2. Жұлдыздарды, күн, айды жараттың,
Шектеу қойдың суына теңіздің.
Көк көркіне қараймыз тамсана,
Ұмытпайсың бізді қалай ғана?!
Көк көркіне қараймыз тамсана,
Ұмытпайсың бізді қалай ғана?!
3. Заңдарың пәк, кіршіксіз, шынайы,
Еске салып тұрасың ұдайы.
Саф алтыннан да құны бағалы
Ұстанайық дана заңдарыңды.
Саф алтыннан да құны бағалы
Ұстанайық дана заңдарыңды.
(Зәб. 12:6; 89:7; 144:3; Рим. 1:20 қараңыз.)