14-ән
“Бәрін де жаңадан жаратамын”
1. Белгілерден білеміз Ехобаның
Ұлы отыр даңқты өз тағында.
Көктегі шайқаста Иса жеңді,
Жерде Құдай еркі орнар енді.
Қайырмасы:
Құдай адамдармен бірге
Мекен құрмақ, қуаныңдар!
Ауру, өлім енді болмайды,
Зарлап, жоқтаған жұбаныңдар!
“Бәрін де жаратамын жаңадан”,
Бұл шын сөз Ием қалаған.
2. Көрсін бәрі жаңа Иерусалимді,
Әрленген киім, асыл тас толған.
Тоқтының нұр шашқан қалыңдығын
Құдай нұрында жарқырап тұрған.
Қайырмасы:
Құдай адамдармен бірге
Мекен құрмақ, қуаныңдар!
Ауру, өлім енді болмайды,
Зарлап, жоқтаған жұбаныңдар!
“Бәрін де жаратамын жаңадан”,
Бұл шын сөз Ием қалаған.
3. Тәнті етті бәрін қала сәнімен,
Қақпасы ашық күні-түнімен.
Халықтар оның нұрында жүрмек,
Өз халқы соған сай өмір сүрмек.
Қайырмасы:
Құдай адамдармен бірге
Мекен құрмақ, қуаныңдар!
Ауру, өлім енді болмайды,
Зарлап, жоқтаған жұбаныңдар!
“Бәрін де жаратамын жаңадан”,
Бұл шын сөз Ием қалаған.
(Мат. 16:3; Аян 12:7—9; 21:23—25 қараңыз.)