124-ән
Қонақжайлылық танытайық
1. Ехоба — үлгісі қонақжайлықтың,
Бәріне тең етті күн менен айын.
Ешкімді шет қылмай, қамқорлады Құдай,
Азық пен жаңбыры тыйылмай.
Жарлы адамдарға игілік жасап,
Жүреміз көктегі Құдайға ұқсап.
Қайрымды істерді Ехоба көреді,
Қарымтасын мол қып береді.
2. Жасалған жақсылық мұқтаж адамға
Шығар алдымыздан күтпеген таңда.
Таныс болмаса да, зәру болған жанға
Қол ұшын береміз қуана.
Лүдия сияқты боламыз біз де,
Дейміз: “Қонағым бол, кіріп үйіме”.
Жердегі халқының шын қонақжайлығын,
Құдай бағалап, төгер нұрын.