Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wt 18-тар., 159—166 бет.
  • “Бұлар осы күнәкар дүниенің адамдары емес”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Бұлар осы күнәкар дүниенің адамдары емес”
  • Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “Менің Патшалығым бұл дүниелік емес”
  • Шәкірттер Исаның үлгісіне еліктейді
  • Соңғы күндердегі мәсіхшілердің бейтараптық көзқарасы
  • Соңғы күндері мәсіхші ретіндегі бейтараптықты сақтаймыз
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • “Менің Патшалығым осы дүниелік емес”
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Ехоба куәгерлері неге саясатқа араласпайды?
    Ехоба куәгерлері жөнінде жиі қойылатын сұрақтар
  • Бейтарап болу деген не?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
Көбірек мәлімет
Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер
wt 18-тар., 159—166 бет.

Он сегізінші тарау

“Бұлар осы күнәкар дүниенің адамдары емес”

1. а) Иса өлер алдында не туралы дұға етті? ә) Осы дүниелік болмау неліктен соншалықты маңызды?

ӨЗІН өлтірер алдындағы түні Иса шәкірттері үшін дұға еткен болатын. Шайтанның оларды қатты қысымға алатынын білген ол, Әкесіне былай деді: “Сенен оларды осы дүниеден әкет деп емес, шайтаннан қорғай гөр деп сұрап тұрмын. Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да осы күнәкар дүниенің адамдары емес” (Жохан 17:15, 16). Осы дүниеден бөліну неліктен соншалықты маңызды? Себебі, бұл дүниенің билеушісі — Шайтан. Мәсіхшілер осы Шайтан билігін жүргізіп отырған дүниенің бөлігі болғысы келмейді (Лұқа 4:5—8; Жохан 14:30; 1 Жохан 5:19).

2. Неліктен Иса осы дүниелік болған жоқ деп айтуға болады?

2 Исаның осы дүниелік болмағандығы ол өзгелерді жақсы көрген жоқ дегенді білдірмейді. Керісінше, ол ауруларды сауықтырып, өлгендерді қайта тірілтіп, адамдарға Құдай Патшалығы туралы үйреткен. Ол тіпті адамзат үшін өмірін құрбан етті. Бірақ Иса Шайтанның дүниесінің рухын танытқандардың Құдайға ұнамсыз көзқарастары мен істерін жақсы көрмеген. Сондай-ақ ол азғындық құмарлықтан, дүние-байлықты көздеген өмір салты мен әйгілі болуға ұмтылудан сақ болуды ескерткен (Матай 5:27, 28; 6:19—21; Лұқа 20:46, 47). Сондықтан да Исаның осы дүниенің саясатына араласпауы таңдандырмайды. Ол яһуди болғанымен, римдіктер мен яһуди арасында болған саяси қақтығыстарда ешкімді жақтамаған.

“Менің Патшалығым бұл дүниелік емес”

3. а) Яһуди дінбасылары Пилаттың алдында Исаға қандай айып тақты және неліктен? ә) Исаның жер бетінде патша болуға тырыспағаны неден көрінеді?

3 Яһуди дінбасыларының Исаны тұтқындап, римдік әмірші Понти Пилаттың алдына әкелген кезде не болғанын қарастырайық. Шындығында олар Исаның өздерін әшкерелегеніне қатты мазасызданған болатын. Әміршінің Исаға қарсы қандай да бір шара қолдануына қол жеткізу үшін олар: “Біз мына Кісінің халқымызды бүлдіріп жүргенін тексеріп, анықтадық. Ол Рим патшасына салық төлемеңдер деп үгіттеп, Өзін Мәсіхпін, яғни Патшамын деп жүр!” — деп Исаны айыптады (Лұқа 23:2). Мұның өтірік екені айдан анық, өйткені осыдан бір жыл бұрын, халық Исаны патша етіп сайламақшы болғанда, ол бұдан бас тартқан болатын (Жохан 6:15). Иса өзінің келешекте көкте Патша болатынын білген (Лұқа 19:11, 12). Оның үстіне, оны таққа адамдар емес, Ехоба отырғызу керек еді.

4. Иса салық төлеуге қатысты қандай ойда еді?

4 Исаның тұтқындалуынан үш күн бұрын, парызшылдар оған салық төлеуге қатысты айып тағатындай бірдеңе айтқызбақшы болады. Алайда Иса: “Маған бір күміс теңгені көрсетіңіздерші. Мына сурет пен жазу кімдікі? — деп сұрады. Олар: — Римдік патшанікі,— деп жауап берді. Сонда Иса: — Олай болса, патшаға тиістісін патшаға, ал Құдайға тиістісін Құдайға беріңдер!” — деп қорытты (Лұқа 20:20—25).

5. а) Тұтқындалып жатқанда, Иса шәкірттеріне қандай сабақ берді? ә) Өзінің іс-әрекетін Иса қалай түсіндірді? б) Сот қандай үкім шығарды?

5 Әрине, Иса осы дүниелік үкіметтерге қарсы көтеріліс жасауға үйреткен жоқ. Жасақшылар мен бірқатар адамдар Исаны тұтқындауға келгенде, Петір семсерін суырып алып, бір кісінің құлағын шауып түсірген-ді. Бірақ Иса оған: “Семсеріңді қынабына сал! Семсеріне сенген семсерден өлер”,— деді (Матай 26:51, 52). Келесі күні Пилатқа өзінің іс-әрекетін түсіндіре отырып, Иса: “Менің Патшалығым бұл дүниелік емес. Егер ол бұл дүниелік болса, қызметкерлерім Мені яһуди басшыларының қолына түсірмес үшін күрескен болар еді”,— деді (Жохан 18:36). Пилат Исаны айыптайтындай ‘ешқандай кінә таппағанын’ мойындаған. Алайда қалың жұрттың қысымымен, оны бағанаға шегелеп өлтіруді бұйырды (Лұқа 23:13—15; Жохан 19:12—16).

Шәкірттер Исаның үлгісіне еліктейді

6. Ертедегі мәсіхшілер осы дүниеге тән рухтан сақтанатындықтарын, сөйтсе де адамдарды жақсы көретіндіктерін қалай көрсеткен?

6 Исаның шәкірттері осы дүниелік болмаудың не екенін түсінетін. Бұл Құдайсыз дүниенің рухынан және осы дүниенің істерінен, соның ішінде Рим циркі мен театрларындағы азғын да қатыгез көрсетулерден, алшақ жүруді білдіретін. Осындай нәрселерден аулақ болғандары үшін, шәкірттерді адамзат баласын жек көрушілер деп атаған. Алайда олар маңайындағыларды жек көрмеген, қайта, Құдайдың адамдарды құтқару үшін қарастырғандарының игілігін көре алулары үшін оларға аянбай көмектескен.

7. а) Осы дүниелік болмағандары үшін ертедегі мәсіхшілер не нәрсеге кезікті? ә) Олар мемлекеттік билікке қалай қарады, сондай-ақ салық төлеу жөнінде қандай пікірде болды және неліктен?

7 Исаның өзі сияқты ізбасарлары да қуғынға ұшырап, оларды жиі өздері туралы дұрыс мәлімет алмаған үкімет шенеуніктері қудалаған. Әйтсе де, шамамен б. з. 56 жылы елші Пауыл Римдегі мәсіхшілерге жазған хатында оларды: “Мемлекеттік билігі барларға бағыныңдар! Себебі мемлекеттік биліктің бәрі негізінде Құдайдан”,— деп шақырған болатын. Бұл үкімет басшыларын Ехобаның өзі тағайындайды дегенді білдірмейді. Бірақ ол жер бетінде бір ғана үкімет, Құдай Патшалығы, орнағанға дейін осы дүниелік үкіметтердің болуына жол беруде. Сондықтан да Пауыл мәсіхшілерді мемлекеттік билікті құрметтеп, салықтарды төлеуге кеңес берді (Римдіктерге 13:1—7; Титке 3:1, 2).

8. а) Мәсіхшілер мемлекет билігіне қаншалықты мойынсұнулары керек? ә) Ертедегі мәсіхшілер Исаның үлгісіне қалай еліктеген?

8 Алайда мемлекет билігіне мойынсұну толығымен емес, салыстырмалы болу керек. Адамдардың орнатқан заңдары Ехобаның заңдарына қайшы келсе, Құдайдың қызметшілері Оның заңдарына бағынады. Тарихи бір кітапта ертедегі мәсіхшілер туралы не айтылғанына назар аударшы: “Мәсіхшілер Рим азаматтарының кейбір міндеттерін орындаудан бас тартқан. Мәсіхшілер... әскери қызметке баруды өз сенімін сату деп есептеген. Олар лауазымды саяси қызметте болмаған. Олар императорға бас имеген” (On the Road to Civilization​—A World History). Яһудилердің жоғары кеңесі шәкірттерге уағыздауға “қатаң тыйым” салғанда, олар: “Адамдарды емес, Құдайды көбірек тыңдау керек!” — деп жауап берген (Елшілердің істері 5:27—29).

9. а) Б. з. 66 жылы неліктен Иерусалимдегі мәсіхшілер жоғарыда айтылған әрекеттерді жасады? ә) Олардың үлгісінің біз үшін қандай пайдасы бар?

9 Саяси және әскери қақтығыстарда Исаның ізбасарлары бейтараптықты қатаң ұстанған. Б. з. 66 жылы яһудилер римдік патшаға қарсы көтеріліске шығып, Рим әскері тез арада Иерусалимді қоршап алады. Қалада қалған мәсіхшілер не істеді? Олар Исаның Иерусалимнен кету керек деген сөздерін естерінен шығармады. Римдіктер уақытша шегінгенде, мәсіхшілер Иорданның арғы бетіндегі таулы аймаққа, Пелла қаласына, қашты (Лұқа 21:20—24). Олардың бейтарап көзқарастары әлі күнге дейін адал мәсіхшілерге үлгі болып табылады.

Соңғы күндердегі мәсіхшілердің бейтараптық көзқарасы

10. а) Ехоба Куәгерлері қандай іспен шұғылдануда және неліктен? ә) Неге қатысты олар бейтараптық ұстанады?

10 Осы соңғы күндері ертедегі мәсіхшілердің үлгісіне еліктеп, толығымен бейтараптық ұстанатын қандай да бір топ жөнінде тарихи деректер бар ма? Иә, Ехоба Куәгерлері осылай еткен және қазір де солай етуде. Осы уақытқа дейін олар Құдай Патшалығы ғана нағыз тыныштық, өркендеу мен әділдікті сүйетіндерге бақыт әкелетіндігін талмай уағыздап келеді (Матай 24:14). Халықтар арасындағы қақтығыстарда да Ехоба Куәгерлері барлық уақытта толық бейтараптықты ұстанады.

11. а) Куәгерлердің ұстанатын көзқарасы дінбасыларының көзқарасынан қалай ерекшеленеді? ә) Өзгелердің саясатқа араласуына Ехоба Куәгерлері қалай қарайды?

11 Ехоба Куәгерлеріне кереғар, осы дүниелік дінбасылары саяси істерге араласуда белсенділік танытады. Кейбір елдерде олар сайлауларға қатысып, кандидаттарды қолдап не оларға қарсы шығып жатады. Осы дінбасыларының кейбірі тіпті саяси қызметтер атқарады. Өзгелері болса өздері қалайтын бағдарламаларды қабылдату үшін саясатшыларға ықпал көрсетеді. Ал Ехоба Куәгерлері саясатқа араласпайды. Сөйтсе де олар өзгелердің саясатқа араласып, қандай да бір партияның мүшесі болуға, дәрежеге ұмтылуға не сайлауға қатысуына кедергі жасамайды. Иса шәкірттерінің осы дүниелік еместігін айтқан, сондықтан Ехоба Куәгерлері саясатқа ешқандай да қатыспайды.

12. Осы дүниедегі діндердің бейтараптықты ұстанбауларының нәтижесі қандай?

12 Иса алдын ала айтып кеткендей, халықтар бір-бірімен соғысуын әлі тоқтатқан жоқ. Тіпті азаматтық соғыстар да орын алған (Матай 24:3, 6, 7). Діни басшылар барлық уақытта дерлік қақтығысушылардың бір жағын қолдап, өз дінін ұстанушыларды да соған шақырған. Мұның нәтижесі қандай? Бір дінді ұстанушылар өзге ұлт немесе тайпадан болғаны үшін ғана, сол өз дінін ұстанушыларды өлтіреді. Бұл Құдайдың еркіне мүлдем қайшы келеді (1 Жохан 3:10—12; 4:8, 20).

13. Деректер Ехоба Куәгерлерінің бейтараптық көзқарасы туралы не дейді?

13 Алайда Ехоба Куәгерлері болса барлық уақытта байтараптықты қатаң ұстанып, бірде-бір қақтығысқа қатыспаған. 1939 жылдың 1 қарашасындағы “Күзет мұнарасында” былай делінген: “Құдайдың жағына шыққан әркім соғысып жатқан халықтарға қатысты бейтараптықты ұстанады”. Осындай көзқарасты Ехоба Куәгерлері барлық елде және кез келген жағдайда да ұстанып келеді. Олар араздық тудыратын саясат пен осы дүниенің соғыстарына өздерінің халықаралық бауырластықтарын бұзуларына жол бермейді. Олар “соқаға қылышын”, “ораққа найзасын” айналдырады. Бейтараптықты сақтай отырып, олар соғысуды үйренбейді (Ишая 2:3, 4; 2 Қорынттықтарға 10:3, 4).

14. Осы дүниеден бөлінгені үшін Ехоба Куәгерлері неге кезікті?

14 Олардың бейтараптықты ұстану нәтижелерінің бірі қандай? Иса былай деген: “Осы дүниелік емессіңдер... сондықтан да ол сендерді жек көреді” (Жохан 15:19). Көптеген Ехоба Куәгерлері Құдайға қызмет еткендері үшін түрмеге жабылды. Кейбіреулері бірінші ғасырдағы мәсіхшілер сияқты қорлық көріп, тіпті өлтірілді. Бұлай болу себебі, Шайтан — ‘осы күнәкар дүниенің “тәңірі”’, ол — осы дүниенің бөлігі болып табылмайтын Ехобаның қызметшілеріне қарсы (2 Қорынттықтарға 4:4; Аян 12:12).

15. а) Барлық халықтар қайда бет алған және Ехоба Куәгерлері неден аулақ болуға тырысады? ә) Осы дүниенің істеріне араласпағанымыз неге маңызды?

15 Ехоба Куәгерлері осы дүниелік емес екендеріне қуанышты, өйткені осы дүниенің барлық халықтары Һар-Магедонда жойылуға бет алған (Даниял 2:44; Аян 16:14, 16; 19:11—21). Біз бұндай жазаға ұшырамаймыз, себебі осы дүниенің істеріне араласпаймыз. Біріккен халық ретінде Құдайдың көктегі Патшалығына адалмыз. Осы дүниелік болмағанымыз үшін келеке-мазақ пен қудалауға ұшырайтынымыз рас. Алайда бұл жақында тоқтайды, өйткені Шайтанның зұлым дүниесі біржолата жойылады. Ал Ехобаға қызмет ететіндер болса, Құдай Патшалығының басқаруымен оның әділ жаңа дүниесінде мәңгі өмір сүретін болады (2 Петір 3:10—13; 1 Жохан 2:15—17).

Қайталауға арналған сұрақтар

• “Осы күнәкар дүниенің адамдары емес”деген нені білдіретінін Иса қалай көрсетті?

• Ертедегі мәсіхшілердің а) осы дүниенің рухына, ә) осы дүниедегі басшыларға және б) салық төлеуге қатысты көзқарастары қандай болған?

• Қазіргі Ехоба Куәгерлерінің мәсіхшілердің бейтараптығын ұстанатыны неден көрінеді?

[165-беттегі сурет]

Иса өзінің де, ізбасарларының да “осы күнәкар дүниенің адамдары еместігін” түсіндірді.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу