Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • be 33-саб., 197-б.—200-б., 4-абз.
  • Әдепті, бірақ табанды бол

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Әдепті, бірақ табанды бол
  • Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Ұқсас мәлімет
  • Әңгімелесуді үйрен
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Жариялауымыз керек хабар
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • “Тәлім берумен айналыса бер”
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Байқампаз болу арқылы шынайы қызығушылық таныт
    Біздің патшалық қызметіміз. 2005
Көбірек мәлімет
Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
be 33-саб., 197-б.—200-б., 4-абз.

33-САБАҚ

Әдепті, бірақ табанды бол

Не істеуің керек?

Мүмкіндігінше ешкімнің көңіліне тимеуге тырыс. Ол үшін нені, қашан және қалай айтатыныңа мән бер.

Бұл неге маңызды?

Әдеп сақтап, сыпайы сөйлегенің адамдарды ізгі хабарды дұрыс көзқараспен тыңдауға талпындырады. Бұл сондай-ақ бір сенімдегілермен жақсы қарым-қатынаста болып қала беруіңе көмектеседі.

ӘДЕПТІЛІК — адамның басқалардың көңіліне тимейтіндей етіп сөйлеуі не әрекет етуі. Бұған қашан және қалай сөйлеу керектігін аңғара білу де жатады. Бірақ әділ принциптерді бұзу мен айғақтарды бұрмалау әдептілікке жатпайды. Бұл қасиетті адамнан қорқу, имену дегенмен шатастырмау керек (Нақ. с. 29:25).

Әдепті болуға киелі рухтың жемісі ең керемет негіз болып табылады. Сүйіспеншілігі бар адам өзгелерді ашуландырмауға, оларға қол ұшын беруге ұмтылады. Мейірімді, момын адам өзгелермен жылы-жұмсақ тілдеседі. Татулықты сүйетін адам басқалармен жақсы қарым-қатынаста болудың жолын іздейді. Шыдамды адам әлдекім өзімен дөрекі сөйлессе де, сабырлы болып қала береді (Ғал. 5:22, 23).

Дегенмен Киелі кітаптағы хабарды қандай мәнермен айтса да, кейбіреулер оны бәрібір жақтырмайды. Бірінші ғасырда өмір сүрген яһудилердің көпшілігінің ниеті бұзық болғандықтан, Иса олар үшін “адамдарды сүріндіретін, Құлдырататын Жартас сияқты” болды (Пет. 1-х. 2:7, 8). Патшалықты уағыздау ісіне қатысты Иса: “Мен дүние жүзіне бір “отты” тастауға келдім”,— деді (Лұқа 12:49). Жаратушының билігіне мойынсұнуға шақыратын Ехобаның Патшалығы туралы хабар әлі күнге дейін адамзат алдында тұрған даулы мәселе болып келеді. Құдай Патшалығы жуырда осы зұлым дүниені жоятындығы туралы хабарды көбісі ұната бермейді. Бұған қарамастан, біздер Құдайға мойынсұнып, уағыздауды жалғастыра береміз. Бірақ бұл істі атқаруда Киелі кітаптың: “Қолдарыңнан келгенше, барлық адамдармен тату болыңдар”,— деген кеңесін естен шығармаймыз (Рим. 12:18).

Куәлік еткенде әдепті де сыпайы бол. Сеніміміз жайлы біз адамдарға әр түрлі жағдайларда айтамыз. Әрине, бірінші кезекте уағыздау қызметінде айтамыз, бірақ ыңғайы келгенде туысқандарымызбен, қызметтестеріміз және сыныптастарымызбен де шындық туралы сөйлесеміз. Осы жағдайлардың бәрінде әдепті де сыпайы болу қажет.

Егер Патшалықтың хабарын насихат айтып жатқандай мәнермен айтсақ, өзгелерге сөзіміз қатты тиюі мүмкін. Егер адам бізден көмек сұрамаған болса немесе өзін оған мұқтажбын деп есептемесе, өзін түзетіп жатқандай түйілетін сөздің бәріне наразы болады. Өзгелер бізді дұрыс түсінбей қалмас үшін не істеу керек? Достық сыңаймен әңгімелесе білуді үйрену қажет.

Әңгімені адамды қызықтыратын тақырыптан бастауға тырыс. Ал егер ол туысқаның, қызметтесің не сыныптасың болса, оны не қызықтыратыны, бәлкім, саған мәлім болар. Егер оны бірінші рет жолықтырып тұрсаң, жаңалықтардан естігендерің не газет беттерінен оқығандарың жөнінде сөйлесуге болады. Әдетте мұндай тақырыптар адамдарды мазалайды. Ал үйден үйге уағыздап жүргенде, аңғарымпаз бол. Үйдің іші-сыртын безендірген заттардан, ауладағы ойыншықтар, киелі санайтын бұйымдар мен үй жанындағы көліктегі жапсырма суреттерден үй иесі туралы біраз нәрсе біле аласың. Үй иесі шығып сөйлегенде, мұқият тыңда. Оның сөзінен, бәлкім, қызығатын нәрселері мен көзқарасы жайлы жасаған өз тұжырымыңның дұрыс-бұрыстығын көрерсің. Оның үстіне, сөзінен куәлік еткенде не нәрселерді ескеру керектігін байқарсың.

Әңгіме барысында талқылап жатқан сұраққа байланысты Киелі кітаптағы не оған негізделген әдебиеттердегі ойлармен бөліс. Бірақ сөз бермей сөйлей беруден аулақ бол (Еккл. 3:7). Үй иесін, егер қарсы болмаса, сөзге тарт. Көзқарасы мен ой-пікірі қандай екенін білуге тырыс. Адамды жақсырақ біліп алған соң, әдептілік сақтап, сыпайы сөйлесу үшін нені ескеруің қажет екенін түсінесің.

Бірдеңе айтпас бұрын, сөзіңнің қалай қабылданатыны туралы ойлан. Нақыл сөздер 12:8-де (ЖД) “ақылмен сөйлейтін ауызды” мақтаған. Бұл жерде қолданылған еврей тіркесі қырағылық және сақтық сияқты сөздермен байланысты. Олай болса, ақылды адам абайлап сөйлейді, өйткені дұрыс әрекет еткісі келгендіктен, жағдайдың үстінен жақсылап ой жүгіртіп алады. Нақыл сөздер кітабының осы тарауының 18-тармағы (ЖД) бізді “қылышпен шапқандай, ойланбай сөйлеуден” қашуды ескертеді. Киелі кітаптағы шындықты өзгелердің көңіліне тимей-ақ қорғауға болады.

Кейде әңгіме үзіліп қалмас үшін, сөздерді дұрыс таңдай білген жөн. Мысалы, егер адам Исаны “Құдайдың ұлы” деп айтқаның үшін сөйлескісі келмей жатса, “Иса пайғамбар” немесе “Иса Мәсіх” деп айтуыңа болады. Сонымен қатар сөйлесіп тұрған адамыңның ол жөнінде қандай пікірде екенін сұра және әңгіме барысында оның ойын ескер.

Әдептілікке көбінесе сөзіңді қай кезде айтқан орынды болатынын білу де жатады (Нақ. с. 25:11). Бәлкім, адамның айтқанының бәрімен келіспейтін шығарсың, бірақ Киелі кітапқа қайшы келетін әрбір сөзін жоққа шығара берудің қажеті жоқ. Үй иесіне бәрін бірден айтып шығуға талпынба. Бірде Иса шәкірттеріне: “Сендерге айтарым әлі көп, бірақ қазір оның бәрін ұға алмайсыңдар”,— деген болатын (Жох. 16:12, ЖД).

Сөйлесіп тұрған адамыңды мақтауға болатын мүмкіндіктерді қалт жіберме. Ол дауласуға жақын болса да, өзінің белгілі бір көзқарасы болғаны үшін оны мақтауға болады. Елші Пауыл пәлсапашылармен Афиныда Ареопагтың ортасында тұрып сөйлескенде осылай еткен болатын. Пәлсапашылар “онымен айтыса бастады”. Мұндай жағдайда шындықты қалай адамның көңіліне тимейтіндей етіп айтуға болар еді? Пауыл сәл бұрынырақ олардың құдайларына арнап құрбандық шалатын көптеген орындарын байқаған. Афинылықтарды жалған тәңірлерге табынушылар деп айыптаудың орнына, оларды діншіл болғандары үшін мақтады. Ол: “Сіздердің айрықша діншіл екендеріңізді байқадым”,— деді. Сөзді осылай бастағаны афинылықтарға шынайы Құдай жайлы айтып беруіне мүмкіндік берді. Мұның нәтижесінде кейбіреулері сенімді қабылдады (Ел. іс. 17:18, 22, 34).

Егер әлдекім айтқаныңа қосылмай, қарсы пікір айтып жатса, абыржып не ашуланба. Сабыр сақта. Мұны адамның ойын жақсырақ түсінудің мүмкіндігі деп қарастыр. Өз пікірін айтқаны үшін оған алғыс айтсаң болады. Ал егер үй иесі табан астынан: “Өз дінім бар?”— десе, не істеуге болады? Онда ілтипатпен: “Сіз бұрыннан Құдайға сенесіз бе?”— деп сұрап көр. Ол жауап бергеннен кейін: “Сіз қалай ойлайсыз, бүкіл адамзат бір дінді ұстанатын кез бола ма?”— деп сұра. Бәлкім, бұл онымен әңгімені әрі қарай жалғастыруға жол ашар.

Әдепті де сыпайы болу үшін өзіміз жайлы дұрыс көзқараста болуымыз керек. Біз Ехобаның жолдарының дұрыс әрі оның Сөзінің шындық екеніне кәміл сенеміз. Сондықтан осындай тақырыптарға сөйлескенде сенімді сөйлейміз. Бірақ өзімізді “тым әділміз” деп есептеуге еш негіз жоқ (Еккл. 7:15, 16, ЖД). Шындықты білетінімізге және Ехобаның баталарын алып жатқанымызға ризамыз. Десе де, оның қолдауына әділдігіміздің арқасында емес, Ехобаның рақымы мен Исаның төлем құрбандығына деген сеніміміздің арқасында ие болып жатқанымызды жақсы түсінеміз (Ефес. 2:8, 9). ‘Сенім жолымен жүрміз бе, жоқ па, соны тексеріп’ тұруымыз қажет екенін мойындаймыз (Қор. 2-х. 13:5). Сондықтан адамдарға Құдайдың талаптарына сай өмір сүру керектігін айтқанда, Киелі кітаптағы кеңестердің өзімізге де қатысты екенін кішіпейілділікпен есте ұстаймыз. Маңайымыздағыларды соттауға біздің қақымыз жоқ. Ехоба “барлық сотты Оған [Исаға] тапсырған”, сондықтан істегендеріміз үшін соның алдында жауап беруіміз керек (Жох. 5:22; Қор. 2-х. 5:10).

Отбасында және бір сенімдегілермен. Уағыздау қызметінде ғана әдепті болмауымыз керек. Бұл қасиет Құдайдың рухының жемісімен өте тығыз байланысты болғандықтан, оны үй ішінде де көрсету керек. Сүйіспеншілік өзгелердің сезімін ескеруге талпындырады. Естер патшайымның күйеуі Ехобаның қызметшісі болмаған, десе де, Естер оны құрметтеп, әрі Құдай халқына қатысты мәселе жайлы сөйлескенде парасаттылық танытқан (Ест. 3—8 тар.). Куәгер емес отбасы мүшелеріне әдептілік, ілтипаттылық танытуға сеніміміз жайлы сыпайылықпен түсіндіріп беру ғана емес, шындық жолын жүріс-тұрысымыз арқылы көрсету де жатады (Пет. 1-х. 3:1, 2).

Қауымда да солай: бауырластарды жақсы білгеніміз олармен дөрекі не сезімдерін ескермей сөйлеу керек дегенді білдірмейді. Олар толысқан мәсіхші болғандықтан, мұны көтере береді деп ойламауымыз керек. Сондай-ақ: “Осындай адам болсам, қайтем енді”,— деп өзімізді ақтағанымыз да дұрыс болмас еді. Егер сөздеріміз не қылығымыз өзгелердің көңіліне тиетінін байқасақ, өзімізді өзгертуге белді бекем бууымыз керек. ‘Бір-бірімізді шынайы сүйгеніміз’ ‘сенімі бір бауырластарымызға, жақсылық істей беруге’ талпындыру керек (Пет. 1-х. 4:8, 15; Ғал. 6:10).

Мінбеден сөйлегенде. Мінбеден сөйлегенде де сыпайы, ілтипатпен сөйлеуіміз керек. Тыңдаушыларымыздың арасында шыққан тегі де, тұрмыс-жағдайлары да әр түрлі адамдар бар. Олардың рухани деңгейлері де әр түрлі. Әлдекім Патшалық Сарайына алғаш рет келіп отырған шығар. Ал өзге біреулері болса басынан ерекше ауыр күндерді өткізіп жатқан болуы мүмкін, бірақ баяндамашы бұдан беймәлім болар. Тыңдаушылардың бірінің көңіліне тиіп кетпеуге баяндамашыға не көмектеседі?

Елші Пауылдың Титке берген кеңесіне сай, ‘ешкімді қараламай... жұрттың бәріне бірдей мейірімділік пен ілтипаттылық танытуды’ мақсат етіп қой (Тит. 3:2). Нәсілі, ұлты не тілі өзге адамдардың қадірін түсіретіндей сөздерді қолданатын осы дүниеліктерге еліктеуден аулақ бол (Аян 7:9, 10). Ехобаның талаптары туралы тартынбай айтып, оларды орындаған ақылдылық екенін көрсет, бірақ Ехобаның жолына әлі толық түспегендерді төмендетіндей сын пікірлерден қаш. Мұның орнына, тыңдаушыларды Құдайдың еркін тереңірек тануға және оған ұнамды нәрселерді істеуге талпындыруға тырыс. Беретін кеңестеріңді жылы да шын жүректен шыққан мақтау сөздермен жұмсарт. Сөзің мен даусыңнан бәрімізге де қажет бауырластарға деген сүйіспеншілік сезіліп тұрсын (Сал. 1-х. 4:1—12; Пет. 1-х. 3:8).

ӘДЕПТІ ДЕ СЫПАЙЫ БОЛУ ҮШІН

  • Адамдарға өсиет-өнеге үйретпей, жай әңгімелес.

  • Сөзіңді сөйлесіп тұрған адамың қалай қабылдайтыны туралы жақсылап ойлан.

  • Бірдеңе айтпас бұрын, қазір ыңғайлы уақыт па, соны ойлан.

  • Реті келгенде, шын жүректен мақтау айт.

  • Айтқандарыңмен келіспесе, ашуланба да, абыржыма да.

  • Өзіңді тым әділмін деп санаудан аулақ бол; өзгелерді соттама.

ЖАТТЫҒУ: Төменде келтірілген Киелі кітап үзінділерін оқып шық: Патшалықтар 2-жазба 12:1—9; Елшілердің істері 4:18—20. Сонан соң, 1) осы оқиғалардың әрқайсысында әдеп пен сыпайылық қалайша көрсетілгені мен 2) Құдайдың қызметшілері Ехобаның әділ жолдарын берік жақтағаны қандай сөздерден көрінетінін байқа.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу