Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • be 34-саб., 202-б.—205-б., 4-абз.
  • Рухты көтеретін әрі жағымды нәрселер жайлы айт

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Рухты көтеретін әрі жағымды нәрселер жайлы айт
  • Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Ұқсас мәлімет
  • Әңгімелесуді үйрен
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Рухты көтеретін сөздер мен оң көзқарас
    Оқу мен тәлім беру қабілетін шыңдайық
  • Кездесулердің жігер беретіндей өтуіне үлес қосып жүрсің бе?
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Бейресми куәлік беру үшін әңгіме бастау
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
Көбірек мәлімет
Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
be 34-саб., 202-б.—205-б., 4-абз.

34-САБАҚ

Рухты көтеретін әрі жағымды нәрселер жайлы айт

Не істеуің керек?

Жағымсыз нәрселер жайлы ұзақ уақыт айтып тұрғанша, жағдайды қалай жақсартуға болатынын көрсетіп, адамның рухын көтеретін нәрселерді айт.

Бұл неге маңызды?

Қатыгез дүниеде адамдар әбден қажыған. Көбісінің басында ауыр қиыншылықтары бар. Киелі кітаптағы хабар, егер оны дұрыс жеткізсе, ақ жүректі жандарға өмірге көбірек сеніммен, үмітпен қарауға көмектеседі.

БІЗГЕ уағыздау үшін тапсырылған хабар — ізгі хабар. Иса: “Ізгі хабар барлық ұлттарға да уағыздалуға тиіс”,— деген (Мар. 13:10). “Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды” жариялауда оның өзі бізге үлгі қалдырған (Лұқа 4:43). Елшілердің де “[Құдайдың] Ізгі хабары” мен “Мәсіх туралы Ізгі хабарды” уағыздағаны айтылады (Сал. 1-х. 2:2; Қор. 2-х. 2:12). Мұндай хабарды рухты көтеретін әрі жағымды деп айтуға болады.

‘Аспанда, шыңырау биікте ұшып бара жатқан ерекше бір періште’ жариялаған ‘мәңгілік Ізгі хабарға’ сәйкес, біз адамдарды: “Құдайдан қорқып, Оны құрметтеп, салтанатты ұлылығын дәріптеңдер!”— деп шақырамыз (Аян 14:6, 7). Барлық жерде адамдарға шынайы Құдай туралы, оның есімі мен керемет қасиеттері, ғажайып істері мен сүйіспеншілікке толы ниеттері, оның алдында жауап беретініміз бен бізден нені талап ететіні жайлы айтамыз. Бұл ізгі хабар Ехоба Құдайдың өзін масқаралап және өзгелердің өмірін бүлдіріп жатқан зұлымдарды жоятындығын да қамтиды. Бірақ уағыздағанда адамдарды соттауға қақымыз жоқ. Біз Киелі кітаптағы ізгі хабарға мүмкіндігінше көп адамның құлақ асқанын шын жүректен қалаймыз, өйткені сол кезде ғана хабар өз мағынасына толық сай болып, олар үшін ізгі болады (Нақ. с. 2:20—22; Жох. 5:22).

Жағымсыз жайттар туралы көп айта берме. Әрине, өмірімізде жағымсыз жайттар аз емес, біз оларға көз жұмбаймыз да. Әңгіме бастау үшін аймағыңдағы адамдарды мазалап жүрген қандай да бір проблеманы айтып, оны қысқаша талқылауға болады. Алайда ол жөнінде ұзақ уақыт айтып тұрудың әдетте онша пайдасы жоқ. Адамдар онсыз да үнемі жағымсыз хабарлар естиді, сондықтан біз де сондай хабар айтып тұрсақ, олар жай ғана есіктерін жаба салуы немесе тыңдамай қоюы мүмкін. Әңгімеңнің басында-ақ адамның назарын Құдай Сөзіндегі жан сергітерлік шындыққа бұруға тырыс (Аян 22:17). Сонда әлгі адам әрі қарай сөйлескісі келмесе де, оған кейінірек ойлануына түрткі болатын жағымды бірдеңе айтып үлгересің. Бәлкім, осының арқасында ол келесі жолы құлақ асуға даяр болар.

Егер баяндама айту тапсырылса, жағымсыз мәліметтер көп, әрі табу оңай деп, оларды айта берме. Баяндамашы адамзат басшыларының кемшіліктерін, қылмыс пен зорлық-зомбылықтың және азғындықтың етек алуы жайлы хабарларды ұзақ уақыт айта берсе, тыңдаушылардың көңілі түсіп кетуі ықтимал. Жағымсыз мәліметтерді тақырыбыңды ашуға пайдасы тиетін болса ғана қолдануға болады. Мысалы, бірнеше осындай мәлімет баяндамаңның көкейтесті екеніне баса назар аударып немесе болып жатқан жағдайдың кейбір себептерін көрсетіп, осылайша бұл қиындықты шешуде Киелі кітаптың ұсынатын жолы ең жақсы жол екенін көрсетуге мүмкіндік берер. Мүмкіндігінше нақты сөйлеуге тырыс та, проблемаларды талқылауға тым көп уақыт кетірме.

Баяндамадан жағымсыз мәліметтердің барлығын алып тастау мүмкін емес және бұлай етудің қажеті де жоқ. Сенің мақсатың — жағымды да, жағымсыз да мәліметтерді қолдана отырып, жалпы алғанда, оң нәтижеге қол жеткізу. Ол үшін баяндамаңа нені қосып, нені алып тастауды және неге екпін түсіру керектігін анықтап алуың керек. Таудағы уағызында Иса өз басының қамын ойлаған дін қызметкерлері мен парызшылдар сияқты болмауға шақырып, осы ойды түсіндіру үшін бірнеше мысал келтірген (Мат. 6:1, 2, 5, 16). Алайда ол дінбасыларының теріс қылықтары жайлы тым ұзақ айтып жатпады. Мұның орнына, Құдайдың нормаларын дұрыс түсіну мен оларға сай өмір сүру керектігіне баса назар аударған (Мат. 6:3, 4, 6—15, 17—34). Осының арқасында оның өсиеттері өте жағымды әрі рухты көтеретіндей болған.

Жағымды мәнермен сөйле. Қауымда мәсіхшілер ісінің бір қырын ашу туралы баяндама айту тапсырылса, сынап-мінеп емес, сенімдерін жетілдіретін мәнермен сөйлеуге тырыс. Бауырластарды бір әрекетке талпындырсаң, бұл жағынан өзің үлгі болуың керек (Рим. 2:21, 22; Ев. 13:7). Айтқандарыңнан ыза емес, сүйіспеншілік байқалып тұрсын (Қор. 2-х. 2:4). Егер бауырластарыңның Ехобаға ұнамды болғысы келетініне шынымен сенсең, бұл сөзіңнен байқалып тұрады, ал мұндай сөздердің пайдасы зор. Келесі Жазба орындарын оқып, елші Пауылдың бауырластарға сенімді екенін қалай білдіргеніне көңіл аудар: Салоникалықтарға 1-хат 4:1—12; Салоникалықтарға 2-хат 3:4, 5 және Філимонға 4, 8—14, 21.

Кейде ақсақалдарға қауымды жөнсіз істерден сақтандыруға тура келеді. Осындай жағдайларда кішіпейілділік оларға бауырластармен ілтипаттылық танытып сөйлесуге көмектеседі (Ғал. 6:1). Сөздерінен қауым мүшелерін сыйлайтындары көрініп тұру керек (Пет. 1-х. 5:2, 3). Киелі кітап мұны әсіресе жас ер бауырластардың есте ұстағандары жөн екенін айтады (Тім. 1-х. 4:12; 5:1, 2; Пет. 1-х. 5:5). Әшкерелеп, кеңес беріп не жөнге салу керек болғанда, оны Киелі кітапқа негізделе отырып жасау керек (Тім. 2-х. 3:16). Баяндамашы ешқашан да Киелі кітаптағы тармақтарды өзінің қандай да бір көзқарастарын қолдайтындай етіп икемдемеу керек. Тіпті түзету үшін кеңес беру қажет болған күнде де, егер негізгі екпін күнәдан қалай аулақ болуға, проблеманы қалай шешу мен пайда болған қиындықтарды қалай жеңуге, дұрыс емес жүріс-тұрысты қалай өзгерту мен Ехобаның талаптары бізді қалайша қорғайтынына түсірілсе, жалпы алғанда, баяндама жағымды мәнерде айтылған болады (Заб. 118:1, 9—16).

Баяндамаңды дайындағанда әрбір негізгі ой мен жалпы баяндаманың қорытындысына ерекше мән бер. Соңында айтылғандар әдетте көбірек есте қалады. Сенің қорытынды ойларың адамның рухын көтеретіндей бола ма?

Бір сенімдегілермен сөйлескенде. Ехобаның қызметшілері қауым кездесулерінде бір-бірімен араласу мүмкіндігін аса жоғары бағалайды. Бұл кездесулерден біз рухани сергіп қаламыз. Құдайға ғибадат етуге жиналғанда, Киелі кітап ‘бір-бірімізді жігерлендіруді’ ұмытпауға шақырады (Ев. 10:25). Бір-бірімізді баяндама және түсініктеме беру арқылы ғана емес, кездесуге дейін де, одан кейін де сөйлесу арқылы жігерлендіре аламыз.

Күнделікті тыныс-тіршілік жайлы әңгімелесу табиғи нәрсе, десе де, рухани тақырыпқа сөйлескеніміз, мысалы, қасиетті қызметтен алып жатқан қуанышымызбен бөліскеніміз көбірек нығайтады. Бір-бірімізге орынды түрде көңіл бөлгеніміз де жігер береді.

Айналамыздағы дүниенің ықпалына бой алдырудан сақ болуымыз керек. Ефестегі мәсіхшілерге жазған хатында Пауыл: “Сондықтан өтірікті тастап, әрқайсың басқаларға шындықты айтыңдар!”— деген (Ефес. 4:25). Өтіріктің орнына шындықты айту осы дүние дәріптеп жатқан нәрселер мен ондағы пір тұтатын адамдарды дәріптемеуді білдіреді. Сонымен қатар Иса ‘байлыққа алданып’ қалудан сақтандырған (Мат. 13:22). Сондықтан бауырластармен сөйлескенде, қандай да бір затқа ие болған керемет болар еді деген рухтағы әңгімемен байлыққа азғырылуларына ықпал етуден сақ болуымыз керек (Тім. 1-х. 6:9, 10).

Дұрыс ой-қалпын танытып, өзгелерді жігерлендіру жайлы кеңес бергенде, елші Пауыл бізді “сенімі әлсіз” болғандықтан, яғни мәсіхшілердің еркіндігі жайлы жете түсінбегендіктен, бір нәрседен бас тартып жүргені үшін бауырласты айыптамауға және оны төмендетпеуге шақырған. Расында да, әңгімеміз өзгенің сенімін жетілдірерліктей болу үшін қандай адаммен сөйлесіп тұрғанымызды және оның рухани деңгейі қандай екенін ескеруіміз керек. ‘Бауырласымызды істегендеріміз арқылы тура жолдан тайдырып’ қойсақ, қандай өкінішті болар еді! (Рим. 14:1—4, 13, 19).

Жағымды, жігерлендіретін әңгімелер әсіресе өмірде қиыншылық көріп жатқандар, мысалы, созылмалы аурудан азап шегіп жүргендер үшін өте құнды. Кездесулерге келу үшін мұндай адамдар көп күш жұмсайды. Олардың жағдайын білетіндер көбінесе: “Денсаулығың қалай?”— деп сұрайды. Өзгелердің көңіл бөлгеніне, әрине, олар риза. Алайда денсаулығы жайлы сөйлесу олар үшін жағымды тақырып бола қоймасы әбден мүмкін. Мұның орнына, мақтау сөздер мен оны бағалайтынымызды білдіру жанына көбірек дем береді. Оның Ехобаға деген сүйіспеншілігі мен қиындықтарға төтеп беріп келе жатқаны неден көрінетінін байқадың ба? Оның берген түсініктемелері сені жігерлендіре ме? Олай болса, ондай адамның шектеулі мүмкіндіктеріне емес, күшті жақтары мен қауымға қосып жатқан үлесіне көңіл аударған әлдеқайда артық емес пе?! (Сал. 1-х. 5:11).

Әңгімеміз жағымды да жігерлендірерліктей болу үшін талқылап жатқан мәселеге қатысты Ехобаның көзқарасын ескергеніміз өте маңызды. Ертеде исраилдіктер Ехобаның өкілдеріне қарсы сөйлеп, маннаға наразы болғандары үшін Құдайдың қаһарына ұшыраған (Ру. сан. 12:1—16; 21:5, 6). Егер ақсақалдарды құрметтеп, адал да ақылды құлдың беріп отырған рухани асына ризашылығымызды білдірсек, исраилдіктердің басынан кешкен оқиғадан сабақ алғанымызды көрсетеміз (Тім. 1-х. 5:17).

Бауырластарымызбен игілікті әңгімеге арқау ететін тақырыптар табу әдетте қиындық тудырмайды. Алайда егер әлдекімнің тым сынап-мінеген сөздерін байқасаң, әңгімені жақсы тақырыпқа бұру үшін тізгінді қолыңа ал.

Осылайша, адамдарға уағыздасақ та, мінбеден сөйлеп не бауырластармен әңгімелессек те, қырағылық танытып, жүрегіміздің қазынасынан “жақсы сөз ғана шығып, тыңдап тұрғандардың сенімдерін жетілдіріп, игілік сепсін” (Ефес. 4:29).

МҰНЫ ҚАЛАЙ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

  • Біздің тапсырмамыз ізгі хабарды уағыздау екенін есіңнен шығарма.

  • Сынап-мінемей, жағдайды қалай жақсартуға болатынын көрсет.

  • Сөйлесіп тұрған адамың жайлы дұрыс көзқараста болуға тырыс.

  • Сөздерің сөйлесіп жатқан адамыңа қалай әсер етуі мүмкін екенін ойла.

ЖАТТЫҒУ: Мүгедек немесе үйінен шыға алмайтын адамға барудан бұрын, әңгімелерің жігерлендіретіндей болу үшін не істеуге болатынын ойлан. Жанашыр болып, жағымды нәрселер жайлы айт. Қойған мақсатыңа жету үшін бұл кездесуді алдын ала жоспарла.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу