Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • be 62-б.—65-б., 4-абз.
  • Әңгімелесуді үйрен

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Әңгімелесуді үйрен
  • Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Өз үйіңнен баста
  • Бейтаныс адамдармен сөйлесу
  • Әңгімені жалғастырудың жолдары
  • Бауырластармен әңгімелескенде
  • Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Бейресми куәлік беру үшін әңгіме бастау
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
  • Сөйлесе білу өнерін игере аласың
    Жастардың сауалдары
  • Әңгімені аяқтауым керек пе?
    Адамдарды сүйіңіз, шәкірт дайындаңыз
  • Қызықты тақырыпта сөйлеу
    Адамдарды сүйіңіз, шәкірт дайындаңыз
Көбірек мәлімет
Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
be 62-б.—65-б., 4-абз.

Әңгімелесуді үйрен

СЕН өзгелермен оңай сөйлесесің бе? Көпшілігінің әлдекіммен, әсіресе бейтаныс адаммен сөйлесу керек деген ойдың өзінен құты қаша бастайды. Бәлкім, мұның себебі олардың ұялшақтығы болар. Оларда бірден “Не туралы сөйлесем? Әңгімені қалай бастаймын? Оны қалай жалғастырамын?” деген сұрақтар тууы мүмкін. Ал өз-өзіне сенімді, сөзуар адамдар, керісінше, өзгелерге сөз бермеуі мүмкін. Оларға сөйлесіп тұрған адамын тыңдай білу мен оны өз ойын айтуға талпындыруды үйрену қиын болар. Бәрімізге де, мейлі, ұяң не сөзуар болайық, дұрыс әңгімелесе білуді үйрену керек.

Өз үйіңнен баста

Әңгімелесуді үйренуді неге өз үйіңнен бастамасқа? Мәнді-мағыналы пікір алмасу отбасының бақытты болуына зор ықпал етеді.

Мұндай әңгімелесудің негізі өзгелердің қамын ойлау мен оларға көңіл бөлу болып табылады (Заң. қ. 6:6, 7; Нақ. с. 4:1—4). Өзгелердің қамын ойласақ және көңіл бөлсек, олармен пікірлесіп, айтқандарын тыңдайтын боламыз. Тағы бір маңызды жайт — өзіміз де пайдалы нәрселерді айтып бере алатындай болуымыз керек. Егер Киелі кітапты үнемі оқып, зерттейтін болсақ, өзгелермен бөлісетін нәрсеміз жетіп артылады. “Киелі жазбаларды күнделікті зерттеу” брошюрасын да әңгіме бастауға арқау етуге болады. Қызметімізде бір қызықты оқиға болуы мүмкін. Не болмаса қызықты немесе күлкілі бірдеңе оқуымыз мүмкін. Отбасымен әңгімелескенде, осылармен бөлісуді әдетке айналдыруымыз керек. Бұл бізге өзге адамдармен де әңгімелесе білуімізге көмектеседі.

Бейтаныс адамдармен сөйлесу

Көп адамдар танымайтын адаммен сөйлесуден тартыншақтайды. Бірақ Ехоба Куәгерлері Құдайды және маңайындағыларды сүйетіндіктен, өзгелермен әңгіме бастап үйренуге бар күштерін салады, өйткені осылайша олар Киелі кітаптағы шындықты бөлісе алады. Бұл жағынан жақсаруыңа саған не көмектеседі?

Бұл жерде Філіпіліктерге 2:4-те жазылған принциптің маңызы өте зор. Онда біз ‘өз мүддемізді ғана емес, басқалардікін де ойлай жүруге’ шақырыламыз. Бейтаныс адаммен сөйлескенде, мына жайтты ойланып көр: ол адам сені алғаш рет көріп тұр, әрі сені бөтенсиді. Сондықтан ол өзін еркіндеу сезіну үшін не істеуіңе болады? Бұған жымиып күлгенің және достық ықыласпен амандасқаның көмектеседі. Алайда бұл жерде тағы ескеретін жайттар бар.

Кейде адам бірдеңе ойланып келе жатқанда сен оның ойын бөліп жіберуің мүмкін. Егер оны қызықтыратын нәрсе туралы емес, өзіңе қызықты болған нәрселерді айтар болсаң, оның сөйлесуге зауқы соға қояр ма екен? Құдықтың басында самариялық әйелді жолықтырғанда, Иса не істеді? Әлгі әйелдің бар ойы суда болатын. Иса да әңгімесін дәл сол жөнінде бастады. Нәтижесінде олардың арасында рухани тақырыпта қызу әңгіме болды (Жох. 4:7—26).

Егер аңғарғыш болсаң, адамның не туралы ойлайтынын сен де жобалай аласың. Оның көңілі көтеріңкі ме, жоқ әлде түсіңкі ме? Қарт кісі ме, бәлкім, ауырып жүрген болар? Үйінде балалары бар екені байқала ма? Тұрмысы бақуатты адамға ұқсай ма, әлде ептеп күн көріп жүр ме екен? Үйіндегі қандай да бір бұйымдардан не безендірулерден қандай дінді ұстанатыны көріне ме? Сөз бастағанда, осындай жайттарды ескерсең, ол сені өзімен қандай да бір ортақ нәрсесі бар адамдай қабылдап, сөйлесуі мүмкін.

Ал егер адам бетпе-бет емес, есіктің арғы жағынан жауап берсе, ол туралы не білуге болады? Сірә, бұл адам қорқынышпен өмір сүретін болса керек. Олай болса, онымен әңгіме бастауға осыны арқау ете аласың ба?

Кей жерлерде әңгімені өзің туралы: кім екеніңді, не үшін келгеніңді, Құдайға не үшін сенетінің мен Киелі кітапты оқуды не үшін бастағаныңды, сондай-ақ бұл саған қалай көмектесетінін айтып беруден бастауға болады (Ел. іс. 26:4—23). Әрине, бұл жағдайда парасаттылық таныту қажет және өз мақсатыңды естен шығарып алмау керек. Нәтижесінде бұл адамды өзі туралы және көзқарасы туралы айтып беруге талпындыруы ықтимал.

Кей елдерде адамдар өздерінің қонақжайлылығымен танымал. Олар шын пейілмен үйіне шақыруы мүмкін. Үйге кіріп отырған соң, үй иелерінің хал-жағдайын сұрап, жауаптарын мұқият тыңда. Сонда олар да сені ұйып тыңдауы мүмкін. Кейбір халықтар қонаққа көбірек көңіл бөледі, сондықтан амандасып, хал-жағдай сұрасқанға көбірек уақыт қажет болады. Бәлкім, осы уақыттың ішінде әлгі адам араларыңда ортақ қандай да бір нәрсе бар екенін байқар. Бұл рухани тақырыпта мағыналы әңгіме қозғауға ұласуы мүмкін.

Ал егер сен тұратын жерде өзге тілде сөйлейтін адамдар көп болса ше? Олармен қалай сөйлесуге болады? Егер сәлемдескенде қолданылатын бірнеше қарапайым сөздерді үйреніп алсаң, адамдар өздеріне жеке көңіл бөлгеніңді байқайды. Сондай-ақ бұл кейінірек те әңгімелесуіңе жол ашуы мүмкін.

Әңгімені жалғастырудың жолдары

Әңгіме тоқтап қалмау үшін сөйлесіп жатқан адамыңның көзқарастарына шын көңілден қызығуың керек. Егер ол қарсы болмаса, өз ойын айтуға талпындыр. Бұған жақсылап ойластырылған сұрақтар көмектеседі. Әсіресе адамның көзқарасын білуге арналған сұрақтар тиімді, өйткені мұндай сұрақтарға “иә” не “жоқ” деп жауап беріп қоя салмайды. Мысалы, қандай да бір жергілікті проблеманы көтеріп: “Қалай ойлайсыз, неге мұндай проблема туындап отыр?” немесе “Мұны қалай шешуге болады?” деп сұрауға болады.

Сұрақ қойған соң, жауабын мұқият тыңда. Көңіл қойып тұрғаныңды сөзіңмен, басыңды изеп немесе басқа да ишарат жасап білдір. Сөзін бөлме. Жеке көзқарасың айтқандарын дұрыс қабылдауыңа кедергі болмасын. “Тыңдауға жүйрік, ал сөйлеуге шабан” бол (Жақ. 1:19). Жауабыңнан оны шынында да тыңдағаның көрініп тұрсын.

Алайда бәрі бірдей сұрақтарыңа жауап бере бермейтінін ұмытпа. Кейбір адамдар қасын керіп не жымиып қоя салуы мүмкін. Ал өзге біреулері болса жай ғана “иә” не “жоқ” деп жауап береді. Бұған көңілің түспесін, шыдамды бол. Сөйлескісі келмегендерді қинама. Егер адам тыңдауға дайын болса, осы мүмкіншілікті Киелі кітаптағы ойлармен бөлісуге қолдан. Уақыт өте келе, ол сені жақын тартып, өз ойын емін-еркін айтатын болар.

Адамдармен сөйлескенде, олармен қайта кездесу керектігін ұмытпа. Егер адам бірнеше сұрақ қойса, бәріне бірдей жауап бере салма, бір-екеуін кейінге қалдыр. Қалған сұрақтарға зерттеу жүргізген соң жауап беруді ұсынсаң болады. Ал егер адам ешқандай сұрақ қоймаса, онда әңгімеңнің соңында оны қызықтырады-ау деген сұрақты көтерсең болады. Сол сұрақты келесі жолы талқылауды ұсын. Көптеген қызықты ойларды “Жазбалар туралы пікір алысу” (ағ.) кітабынан, “Құдай бізден нені талап етеді?” брошюрасы мен “Күзет мұнарасы” және “Ояныңдар!” журналының соңғы нөмірлерінен табуға болады.

Бауырластармен әңгімелескенде

Егер бір бауырласымызды алғаш рет көріп тұрсаң, онымен танысуға тырысасың ба, әлде үндемей тұра бересің бе? Бауырластарға деген сүйіспеншілік бізді олармен жақын танысуға талпындыру керек (Жох. 13:35). Мұны қалай істеуге болады? Алдымен өз есіміңді айтып, кейін одан есімін сұрасаң болады. Әдетте шындықты қалай білгенін сұраудың арқасында қызықты әңгіме басталып, бұл жақынырақ танысуға көмектеседі. Тіпті алғашқыда сөздерің мен әрекетің келіспей тұрғандай көрінгенмен, сөйлесіп жатқан адамың өзіне көңіл бөлуге тырысып жатқаныңды көреді, ал бұл — ең маңыздысы.

Қауымдағылармен мағыналы әңгіме айтуыңа не көмектеседі? Адамға және оның отбасына шын ықыласпен көңіл бөл. Кездесу жаңа ғана аяқталған болса, өзіңе ұнаған ойлармен бөліс. Бұның саған да, әңгімелесіп тұрған адамыңа да пайдасы бар. “Күзет мұнарасы” не “Ояныңдар!” журналының соңғы санындағы қызықты ойларды еске түсіруіңе болады. Әрине, мұндай әңгімелесу біліміңді көрсету, не болмаса оның білімін тексеру сияқты болмау керек. Өзіңе қатты ұнаған нәрсені айтып бер. Теократиялық қызмет мектебінен тапсырма алғаныңды айтып, оны қалай орындауға болатынын бірге ойланып көрсеңдер де болады. Қызметте болған қызықты оқиғаларды айтып берсең де болады.

Әрине, бәрімізді де өзгелердің жағдайы қызықтырады, сондықтан әңгімеміз көбінше басқалардың не айтып, не істегендеріне көшіп кетеді. Кейде әзілдесіп қойсақ та болады. Айтқан сөздеріміз өзгелердің сенімін нығайтатындай бола ма? Егерде Құдай Сөзіндегі кеңестерді жүрегімізбен қабылдап, Құдайға ұнамды сүйіспеншілігіміз болса, айтқан сөздеріміз сөз жоқ сондай болады (Нақ. с. 16:27, 28; Ефес. 4:25, 29; 5:3, 4; Жақ. 1:26).

Біз уағызға барарда үнемі дайындалып шығамыз. Неге өзгелермен әңгімелесу үшін де дайындалмасқа? Олармен бөлісуге болатын қандай да бір қызықты жайттарды оқысаң не естісең, өзіңе түйіп ал. Уақыт өте келе, өзгелермен бөлісетін қызықты нәрсең көбейіп, тек қана күнделікті істер жайлы айтумен шектелмейсің. Сөйлеген сөзің Құдай Сөзін қаншалықты терең бағалайтыныңды көрсетіп тұрсын! (Заб. 138:17).

ӘҢГІМЕНІ БАСТАУ ҮШІН

  • Жергілікті салттарды ескер.

  • Шын жүректен адамға жағымды сөздер айт.

  • Екеуіңе де қызықты болатын нәрсені айт.

  • Көзқарасын білуге көмектесетін сұрақ қой.

ҚАЖЕТТІ ҚАСИЕТТЕР

  • Жарқын жүзділік.

  • Жылулық пен шынайы тілектестік.

  • Сөйлесіп жатқан адамға көңіл бөлу (бірақ мезі қылудан аулақ бол).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу