Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • be 43—46 бет.
  • Мектеп тапсырмасын дайындау

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Мектеп тапсырмасын дайындау
  • Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Дауыстап оқуға арналған тапсырманы дайындау
  • Тақырыппен және шартты жағдаймен жұмыс істеу
  • Баяндама айту тапсырылғанда
  • Берілген материалды қолдан
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Қауымға арналған баяндамаларды дайындау
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Мектеп бақылаушыларына арналған нұсқаулар
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
  • Ең маңызды іске дайындайтын мектеп
    Біздің патшалық қызметіміз. 2002
Көбірек мәлімет
Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
be 43—46 бет.

Мектеп тапсырмасын дайындау

МЕКТЕПТЕ алған әрбір тапсырма қабілеттеріңді жетілдіруге мүмкіндік береді. Ынталы бол, сонда уақыт өте келе, алға басқаның өзіңе де, өзгелерге де байқалады (Тім. 1-х. 4:15). Мектеп тапсырмалары қабілеттеріңді толығымен аша түсуіңе көмектеседі.

Қауымның алдына тапсырмамен шығатыныңды ойлағанда қобалжисың ба? Бұл — қалыпты жайт, тіпті Мектепке жазылғаныңа көп уақыт болса да, осындай күйді сезінесің. Алайда тым қобалжымау үшін не істеуге болады? Үйде жиі дауыстап оқуды әдетке айналдыр. Сондай-ақ қауым кездесулерінде жиі түсініктемелер беріп, егер жариялаушы болсаң, уағыздауға үнемі шық. Осылайша өзгелердің алдында сөйлеп үйренесің. Бұдан басқа, тапсырмаларыңды алдын ала дайындап, дауыстап оқып жаттық. Сенің тыңдаушыларың достық пейіл танытқан бауырластарың екенін ұмытпа. Тапсырмамен шығарда үнемі Ехобаға дұға ет. Ол өзінен сұрағандарға киелі рухын қуана-қуана береді (Лұқа 11:13; Філіп. 4:6, 7).

Өзіңнен бірден көп нәрсе күтпей, “қарапайым” бол. Тәжірибелі баяндамашы әрі шебер тәлімгер болу үшін уақыт керек (Миха 6:8, ЖД). Мектепке жуырда жазылған болсаң, тапсырмаң ә дегеннен керемет болып шығады деп күтпе. Одан да біртіндеп әр сабақпен жұмыс істеуге тырыс. Осы кітаптағы өзіңе қажетті тарауды мұқият оқып, мүмкін болса, жаттығуларды орында. Осылайша тапсырмамен қауымның алдына шығып сөйлегенше, біраз тәжірибе жинақтайсың. Жетістікке міндетті түрде қол жеткізесің.

Дауыстап оқуға арналған тапсырманы дайындау

Көпшіліктің алдына шығып оқуға дайындалу берілген мәтіндегі сөздерді айтып жаттығудан әлдеқайда көп нәрсені білдіреді. Мәтіннің мағынасын жақсылап түсініп алуға тырыс. Тапсырмаңды ала салысымен, мәтінді осы мақсатты көздей отырып оқып шық. Әрбір сөйлемнің мағынасы мен әр абзацта қамтылған негізгі ойды ұғуға тырыс. Бұл саған мәтінді оқығанда, ондағы ойды және сезімді тура жеткізуге мүмкіндік береді. Таныс емес сөздердің дұрыс айтылуын айтылым сөздігінен қара. Мәтінмен жақсылап танысып ал. Бұл тұста ата-аналар балаларына көмектесе алады.

Киелі кітаптың үзіндісін не “Күзет мұнарасындағы” абзацтарды оқу тапсырылған ба? Мүмкін болса, сауатты оқи алатын біреуден мәтінді дауыстап оқып беруін сұрап, сөздердің айтылуын, логикалық екпінді қайда түсіріп, қай жерде кідіріс жасап, қандай интонациямен оқу керектігін біліп ал да, өз бетіңше оқып дайындалғанда, осының бәрін қолдануға тырыс.

Тапсырмаңды орындауға кірісерде, өзіңе берілген сабақты мұқият оқып шық. Егер мүмкін болса, мәтінді бірнеше рет дауыстап оқып шыққан соң, берілген сабағыңды тағы қарап шық. Оқулықтағы кеңестерді барынша жақсы қолдануға тырыс.

Мұндай дайындық қызметіңе жақсы көмектеседі, өйткені уағыздау ісінде жиі дауыстап оқуға тура келеді. Ал Құдай Сөзінің адам өмірін өзгертуге құдіреті бар болғандықтан, оны жақсы оқи білу өте маңызды (Ев. 4:12). Бір-екі тапсырмадан соң-ақ мәнерлеп оқудың барлық тәсілдерін шебер меңгеріп алам деп ойлама. Елші Пауыл көп жылдық тәжірибесі бар мәсіхші ақсақалға: ‘Киелі жазбаларды оқып берумен айналыса бер’,— деп жазған болатын (Тім. 1-х. 4:13).

Тақырыппен және шартты жағдаймен жұмыс істеу

Ал егер алған тапсырмаңда шартты жағдай қарастырылған болса ше, онда не істеуге болады?

Мұндай жағдайда дайындық барысында мынадай негізгі үш нәрсені ескеру керек болады: 1) берілген тақырыпты, 2) шартты жағдай мен әңгімелесетін адамыңды, 3) жұмыс істеуің керек сабақты.

Берілген тақырыбыңа байланысты мәліметтер жинау керек. Мұны істемес бұрын, шартты жағдайың мен әңгімелесетін адамың туралы жақсылап ойланып ал. Өйткені бұл сенің не айтып, мәліметті қалай жеткізетініңді анықтауың үшін қажет. Қандай шартты жағдайды таңдайсың? Таныс адамыңа қалай уағыздауды не болмаса бейтаныс кісіні жолықтырғанда қалай әңгімелесуге болатынын көрсетесің бе? Ол адамның жасы сенен үлкен бе, әлде кіші ме? Айтқың келген нәрсеңе ол қалай қарайды және ол туралы не біледі? Әңгімелесудің мақсаты не? Осы сұрақтарға жауап берсең, әрі қарай не істеуің керектігі айқын болады.

Тақырыбыңа қажет материалдарды қайдан табуға болады? Қалай ізденуге болатындығы жөнінде осы кітаптың 33—38 дейінгі беттерінде талқыланған. Соны оқып, қолыңда бар құралдарды қолдан. Сен тез арада, тіпті қажетіңнен артық мәліметтерді табуың мүмкін. Тақырыпты қалай ашып беруге болатынын түсіну үшін қанша оқу керек болса, сонша оқы. Іздену барысында шартты жағдайың мен қандай адаммен әңгімелесетініңді есіңде ұста. Кәдеңе жарайтын ойларды түртіп ал.

Көрсетуіңді дайындауға кіріспес бұрын, жұмыс істеуің керек сабақты оқып шық. Сенің тапсырманы орындаудағы ең басты мақсаттарыңның бірі — сол сабақтың ішіндегі кеңестерді қолдану.

Берілген уақыттың ішінде материалыңды айтып үлгерсең, яғни белгі берілмей тұрып, сөзіңнің соңын көмескілетпей аяқтай алсаң, қанағат сезінесің. Бірақ қызметте уақыт әдетте соншалықты үлкен рөл ойнамайды. Сондықтан да тапсырмаңды дайындау барысында берілген уақытты да ұмытпау қажет болғанымен, назарыңды негізінен тәлімнің барынша тиімді болып шығуына аудар.

Шартты жағдай туралы бірер сөз. 82-бетте келтірілген шартты жағдайларды мұқият қарап шығып, ішінен қызметіңде кездесетінін және берілген материалдың негізінде өмір шындығына жанасатындай көрсету дайындауыңа мүмкіндік беретінін таңдап ал. Мектепке жазылғаныңа біраз уақыт болған болса да, тапсырмаңды қызметіңе көмегі тиетін жаңа бір нәрсеге үйренудің мүмкіндігі деп қарастыр.

Егер шартты жағдайды Теократиялық қызмет мектебінің бақылаушысы тағайындаса, оны қолға алудан қорықпа. Көп жағдайда шартты жағдайлар уағыздаумен байланысты. Егер өзіңе берілген шартты жағдайда ешқашан уағыздамаған болсаң, осындай жағдайды кездестіргендермен кеңес. Мүмкіндігінше, берілген тапсырмаңды көрсетілген шартты жағдайыңа лайықтап талқылауға тырыс. Бұл Мектептен білім алудағы басты мақсатыңа жетуіңе көмектеседі.

Баяндама айту тапсырылғанда

Ер бауырластарға әдетте қауым алдына шығып, қысқаша баяндама айту тапсырылады. Оны дайындауда жоғарыда айтылған көрсетулер дайындауға қатысты қадамдардың бәрін ескеру керек. Бұл тапсырманың көрсетуден басты айырмашылығы — тыңдаушылар мен мәліметті жеткізу әдісінің өзгешелігінде.

Тыңдаушылардың бәрі де баяндамадан өздеріне пайдалы бір нәрсе алып кеткені абзал. Олардың басым көпшілігі Киелі кітаптың негізгі ілімдерімен таныс. Оларға сенің ашқалы отырған тақырыбың да жақсы таныс болуы мүмкін. Сондықтан осы уақытқа дейін оларға не белгілі екенін ойланып, баяндамаңда олар үшін қандай да бір пайдалы нәрсе айтуға тырыс. Өзіңнен былай деп сұра: өзіме де, тыңдаушыларыма да Ехобаның қасиеттерін жақсырақ түсінуге көмектесу үшін, тақырыпты қалай айтып берсем болады? Бұл мәліметтерден Ехобаның еркіне қатысты не білеміз? Бұл бізге күнәкар болмыстың құмарлықтарын қанағаттандырумен шырмалып жатқан дүниеде дұрыс шешім қабылдауымызға қалай көмектесе алады? (Ефес. 2:3). Бұл сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауап беру үшін іздену керек болады. Баяндамаңда Киелі кітаптың тармақтарын келтіргенде, оларды тек оқып қана қоймай, ой жүгірт және белгілі бір қорытындыға келуге олардың қалай негіз бола алатынын көрсетуге тырыс (Ел. іс. 17:2, 3). Мәліметің тым көп болып кетпесін. Материалыңды есте сақтауға оңай болатындай етіп құрастыруға тырыс.

Дайындық барысында қайталап жаттығуға да уақыт бөлу қажет. Мұның маңыздылығын ескермей жүрме. Дауыстап оқып жаттық. Әр түрлі сабақтағы кеңестерді оқып, оларды қолдануға тырысқаның жетістікке жетуіңе айтарлықтай септігін тигізеді. Тәжірибелі баяндамашы болсаң да, жаңадан үйреніп жүрсең де, тапсырмамен шығуға жақсылап дайындал. Дайындық сенімділікпен және материалдың мазмұнына сай келетін сезіммен сөйлеуіңе мүмкіндік береді. Мектептен алған тапсырманы орындаудағы мақсатың Ехобаның сый ретінде берген сөйлеу қабілетін оны мадақтау үшін қолдану екенін есіңнен шығарма (Заб. 150:6).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу