4-бөлім
Құдай бізге өз ниетін хабарлайды
1, 2. Құдай шын жүректен ізденгендердің сұрақтарына жауап беретінін қайдан білеміз?
СҮЮШІ Құдай өзін шын жүректен іздеген адамдарға өз ниетін ашатыны рас. Ол талапты адамдардың сұрақтарына жауап береді; мысалы «Неге Ол қайғы-қасіреттің болуына жол беруде?» деген сұраққа.
2 Киелі кітап былай дейді: «Егер Оны (Құдайды) іздейтін болсаң, табасың», «Аспанда құпия сырларды ашатын Құдай бар», «Тәңір Құдай өз құлдары — пайғамбарларға сырын ашпай, ешнәрсе жасамайды» (1 Шежіре 28:9; Даниел 2:28; Амос 3:7).
Жауаптарды қайдан табуға болады?
3. Құдай қайғы-қасіретке неге жол берді деген сұраққа жауапты қайдан табуға болады?
3 Құдай қайғы-қасіретке неге жол берді, және соған байланысты не істемек ойы бар деген сұрақтардың жауабын, біздің игілігіміз үшін Құдай рухымен жетелеп жаздырған хабар көзінен табамыз. Бұл хабар көзі Құдайдың Сөзі немесе Киелі Жазба болып табылады. «Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылып, тәлім беру, әшкерелеу, түзету, әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді; осылай Құдайдың адамы барша игі іске дайындалып, толық даяр болмақ» (2 Тімоте 3:16, 17).
4, 5. Киелі кітапты бірегей ететін не?
4 Киелі кітап — шынында да бірегей кітап. Оның ішінде адамзат тарихы туралы ең шыншыл мәлімет бар және ол тіпті адам жаратылмас бұрын болған оқиғаларды суреттейді. Сондай-ақ, ол қазіргі заманға лайық кітап, өйткені ондағы пайғамбарлықтар біздің уақытымыз бен таяуда болатын оқиғаларға байланысты.
5 Басқа ешбір кітап тарихи ең тура кітап деген сенімге лайық емес. Мысалы, ежелгі классиктердің осы күнге дейін жеткен бірнеше ғана қолжазбалары бар. Ал Киелі кітаптың толық немесе бөлімдерінің көптеген қолжазбарлары сақталған: Еврей Жазбалары (39 кітаптан тұратын «Көне өсиет») — 6000-ға жуық, және Мәсіхтік Грек Жазбалары (27 кітаптан тұратын «Жаңа өсиет») — 13000-ға жуық.
6. Қазіргі Киелі кітап, Құдай рухымен жетелеп жаздырған Киелі кітаптың дәл жеткен түрі екендігіне сенімді болуға қандай себеп бар?
6 Киелі кітаптың жазылуын өз рухымен жетелеп отырған Құдіретті Құдай, осы қолжазбалардың мазмұны көшірмелерде сақталуын қадағалап отырған. Сондықтан қолдағы Киелі кітап, шын мәнінде бастапқы Киелі Жазбаның бізге дәл сол күйінде жеткен түрі. Бұлай деуімізге тағы бір себеп, Мәсіхшілердің Грек Жазбасының кейбір қолжазбаларының көшірмесі, түп нұсқа жазылған жүзжылдықтың ішінде жасалған. Ал біздің уақытымызға шамалысы ғана жеткен ежелгі замандағы жазушылардың кейбір қолжазба көшірмелері, автордың жазған уақытынан бар-жоғы бірнеше ғасыр кейін жасалған.
Құдайдың сыйы
7. Киелі кітап қаншалықты кең тараған?
7 Киелі кітап — тарихта ең кең тараған кітап. Оның үш миллиардқа жуық данасы басып шығарылған. Басқа ешқандай кітап бұндай санға жеткен емес. Сондай-ақ, Киелі кітап немесе оның бөлімдері 2000-ға жуық тілге аударылған. Осылайша Киелі кітапты жер бетіндегі халықтардың шамамен 98 пайызы оқи алады.
8—10. Киелі кітапты зерттеуімізге тұрарлық ететін кейбір себептер қандай?
8 Құдайдан екендігіне және өзгеріссіз дәл жазылғандығына іштей де, сырттай да, яғни барлық дәлелдері бар кітаптың біздің зерттеуімізге тұрарлық екені анықa. Бұл кітап өмірдің мағынасын, дүние жүзілік оқиғалар ненің белгісі екендігін және бізді қандай келешек күтіп тұрғанын түсіндіреді. Бұл басқа ешбір кітаптың қолынан келмейтін нәрсе.
9 Иә, Киелі кітап — бұл Құдайдың адамзат отбасына деген үндеуі. Әрекет етуші күшінің немесе рухының жетелеуімен оны 40-қа жуық адам жазған. Осылайша Құдай бізбен өзінің Сөзі арқылы немесе Киелі Жазба арқылы сөйлеседі. Елші Пауыл былай деп жазды: „Сендер бізден естіген Құдай сөзін адамның емес, Құдайдың хабары ретінде — шындығында да бұл солай! — қабылдадыңдар“ (1 Салониқалықтарға 2:13).
10 Америка Құрама Штаттарының 16-шы президенті Авраам Линкольн Киелі кітапты: «Құдайдың адамзатқа бұрын-соңды берген сыйлықтарының ең зоры..,— деп атап,— Біз ол кітапсыз ненің жақсы, ненің жаман екенін білмеген болар едік»,— деді. Олай болса, осы ең зор сыйлық қайғы-қасірет неден басталғаны жайлы және неге Құдай оған жол бергендігі мен оның қандай шара қолданбақ ниеті бар екендігі туралы не дейді?
[Сілтемелер]
a Киелі кітаптың дәл жазылғандығы жайлы толық мәліметті, Күзет Мұнарасы қоғамы 1989 жылы басып шығарған «Киелі кітап — Құдайдың сөзі ма, әлде адамдікі ма?» кітабынан таба аласыз.
[10-беттегі сурет]
Құдай өзінің рухымен жетелеп жаздырған Киелі кітап, Оның адамзат отбасына деген үндеуі.