Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g24 № 1 13—15 бет.
  • Адамның өз-өзіне деген сый-құрметі қайда қалды?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Адамның өз-өзіне деген сый-құрметі қайда қалды?
  • Ояныңдар! 2024
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ӨЗ-ӨЗІҢДІ ҚҰРМЕТТЕУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
  • БЫЛАЙ ЕТІП КӨРІҢІЗ
  • БІЗДІҢ ҚОСЫП ЖҮРГЕН ҮЛЕСІМІЗ
  • Көмек керек десеңіз
    Ояныңдар! 2020
  • Отбасына деген сый-құрмет қайда қалды?
    Ояныңдар! 2024
  • Ехоба куәгерлерінің жиындары сізге қандай пайдасын тигізеді?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Ақыл-кеңес іздесеңіз, JW.ORG сайтына жүгініңіз
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2022)
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2024
g24 № 1 13—15 бет.
Бір қыз көңілі түсіп, айнаға қарап тұр.

Адамның өз-өзіне деген сый-құрметі қайда қалды?

ӨЗ-ӨЗІҢДІ ҚҰРМЕТТЕУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Өз-өзін құрметтей білетін адам кез келген қиындыққа дайын болып, оңайлықпен беріле қоймайды.

  • Зерттеулер көрсеткендей, өздерін түкке тұрғысыз санайтын адамдар уайымшыл келеді, депрессияға тез шалдығады және дұрыс тамақтанбайды. Сондай-ақ олар есірткі қабылдап, ішімдікке салынып кетуі мүмкін.

  • Өз-өзін құрметтейтін адам өзін басқалармен салыстырмайды. Сондықтан басқалармен тез тіл табысып, жақын дос болып кетеді. Ал өз-өзін бағаламайтын адам мін таққыш келеді, соның кесірінен біреумен достасуы қиын.

  • Өзін бағалайтын адам қиындыққа мойымайды. Ол сәтсіздікке кезіксе де, еш берілмей, мақсаттарына қарай ұмтыла береді. Ал өз қадірін білмейтін адам кішкентай сәтсіздіктің өзін үлкен кедергі көріп, тез беріле салады.

БЫЛАЙ ЕТІП КӨРІҢІЗ

Жақсы достар таңдаңыз. Қадіріңізді түсіретін емес, керісінше, қамыңызды ойлайтын, сізді құрметтейтін адамдармен араласыңыз.

“Нағыз дос әрқашан жақсы көрер, Ол — бауырың қиын шақта арқа сүйер” (Нақыл сөздер 17:17).

Өзгелерге көмектесіңіз. Тіпті жақсылығыңыз қайтпаса да, өзгелерге жақсылық жасай берсеңіз, бұдан бақыт табасыз. Басқалар жақсы істеріңізді байқамаған күнде де қуанышыңыз еш ортаймайды.

“Алғаннан гөрі берген бақытты” (Елшілердің істері 20:35).

Балаларыңызға өз-өзін құрметтеуді үйретіңіз. Оларға шамаларына қарай өз қиындықтарын өздері шешуіне мүмкіндік беріңіз. Осылай олар қиындықтарды шешуді, олармен күресуді үйренеді. Соның арқасында олардың өз-өздеріне деген сый-құрметі артады әрі ересек өмірге дайын болады.

“Баланы тәрбиелеп, тура жолға сал, Жасы ұлғайғанда да таймас одан” (Нақыл сөздер 22:6).

Бір Куәгер әйел басқа бір әйелмен кафеде Киелі кітап зерттеп отыр.
Бір Куәгер әйел басқа бір әйелмен кафеде Киелі кітап зерттеп отыр.

БІЗДІҢ ҚОСЫП ЖҮРГЕН ҮЛЕСІМІЗ

Ехоба куәгерлерінің қауым кездесулері мен Киелі кітап курсы адамдардың өмірін жақсартуда. Ал бұдан олардың өз-өздеріне деген құрметі де артып жатыр.

АПТА САЙЫНҒЫ КЕЗДЕСУЛЕРІМІЗ

Апта сайынғы кездесулерімізде Киелі кітапқа негізделген баяндамалар айтылады және жиі онда өз-өзімізді құрметтеуге қатысты жақсы кеңестер беріледі. Кездесулерімізге кіру тегін әрі барлық адамға есік ашық. Кездесулерімізде келесідей сұрақтардың жауабын таба аласыз:

  • Құдай менің қамымды ойлай ма?

  • Өмірдің мәні неде?

  • Шынайы достарды қалай табуға болады?

Ехоба куәгерлерінің кездесулеріне келсеңіз, “бір-бірін қамқорлайтын” нағыз достар таба аласыз (Қорынттықтарға 1-хат 12:25, 26).

Кездесулеріміз жайлы толығырақ білу үшін, jw.org сайтынан “Патшалық сарайында не үшін жиналамыз?” деген видеоны көріңіз.

КИЕЛІ КІТАП КУРСЫМЫЗ

Ехоба куәгерлері тегін интерактивті Киелі кітап курсын ұсынады. Бұл курс “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабымен өтеді. Онда Киелі кітаптан үзінділер, ұтымды сұрақтар мен ақылға қонымды дәлелдер келтіріледі. Сондай-ақ бұл кітап қызықты видеолар мен әдемі суреттерге толы. Киелі кітап курсымыздың арқасында адамдар өмірлерін жақсы жаққа өзгертіп, өз-өздеріне деген сый-құрметтерін арттырып жатыр.

Киелі кітап курсымыздың пайдасы жайлы білу үшін, jw.org сайтынан “Киелі кітапты оқудың қандай пайдасы бар?” деген видеоны көріңіз.

Исраел Мартинез.

КӨБІРЕК БІЛІҢІЗ

Исраел Мартинез өзінің кедей әрі сауатсыз болғаны үшін ұялған. Бірақ Ехоба куәгерлерінің кездесулеріне барып, Киелі кітапты зерттегеннің арқасында өз-өзін құрметтей бастаған. Ол туралы білу үшін jw.org сайтынан “Енді мен өзім үшін ұялмаймын” деген мақаланы оқып көріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу