Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g24 № 1 10—12 бет.
  • Отбасына деген сый-құрмет қайда қалды?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Отбасына деген сый-құрмет қайда қалды?
  • Ояныңдар! 2024
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ОТБАСЫН ҚҰРМЕТТЕУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
  • БЫЛАЙ ЕТІП КӨРІҢІЗ
  • БІЗДІҢ ҚОСЫП ЖҮРГЕН ҮЛЕСІМІЗ
  • Көмек керек десеңіз
    Ояныңдар! 2020
  • Жанұяларға жәрдем
    Ояныңдар! 2018
  • Ақыл-кеңес іздесеңіз, JW.ORG сайтына жүгініңіз
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2022)
  • Зерттеу әдістері
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2023
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2024
g24 № 1 10—12 бет.
Күйеуі әйеліне ашуланып, оны тыңдамай, телефон шұқылап отыр. Ал балалары екеуіне қарап тұр.

Отбасына деген сый-құрмет қайда қалды?

ОТБАСЫН ҚҰРМЕТТЕУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Бір-біріне құрмет көрсететін болса, отбасы тату-тәтті болады. Мұндай ортада күйеуі де, әйелі де, балалары да өздерін жайлы сезініп, көңілдері тыныш болады.

  • “Некені бақытты ететін жеті қағида” деген кітапта айтылғандай, бір-бірін құрметтейтін ерлі-зайыптылар анда-санда үлкен бір ерлік жасап қоюмен шектелмейді, олар бір-бірін жақсы көретіндерін кішігірім істерімен күн сайын көрсетеді.

  • Зерттеулер көрсеткендей, басқаларға құрмет танытудың не екенін біліп өскен бала өзінің қадір-қасиетін біледі, ата-анасымен жақсы тіл табысады және эмоциялық, психикалық жағынан тұрақты болады.

БЫЛАЙ ЕТІП КӨРІҢІЗ

Отбасыңызбен ақылдасып, келісіп алыңыз. Біріншіден, үй ішіндегілердің бәрі құрмет көрсетудің не екенін анық түсіну керек. Екіншіден, үйдегілердің не істегені дұрыс, ал не істегені орынсыз болады — соны жазып қойыңыздар. Үшіншіден, осы орайда отбасы болып қабылдаған шешімдеріңізді бірге отырып талқылаңыздар. Сонда өздеріңіз де, балаларыңыз да бір-біріңізге қалай құрмет танытқан дұрыс екенін білетін боласыздар.

“Ынталының жоспарлары табысқа жетелер” (Нақыл сөздер 21:5).

Өзіңіз үлгі көрсетіңіз. Үй ішіндегілер қателік жасағанда, кемшіліктерін бетіне басасыз ба? Ой-пікірлерін айтқанда, келеке етесіз бе? Сөйлеп жатқанда, оларды тыңдамай, сөзін бөлесіз бе?

Кеңес: Жұбайым мен балаларым құрмет көрсетуіме өздері лайық болуы керек деп емес, оларға құрмет көрсетуге өзім міндеттімін деп санаңыз.

“Бір-біріңе бірінші болып құрмет көрсетіңдер” (Римдіктерге 12:10).

Келіспесеңіз де, құрмет көрсетіңіз. Бір нәрсеге көңіліңіз толмағанда, “сен өмірі сөйтесің” деген сияқты сөздерден аулақ болыңыз. Себебі мұндай сөздер ауыр тиеді әрі түймедей қиындықты түйедей етеді.

“Биязы жауап ашуды басар, Ауыр сөз ыза тудырар” (Нақыл сөздер 15:1).

Бір келіншек jw.org сайтынан видео көріп отыр.

БІЗДІҢ ҚОСЫП ЖҮРГЕН ҮЛЕСІМІЗ

“Отбасының сәні — сыйластық” болғандықтан, Ехоба куәгерлері отбасының әрбір мүшесін бір-бірін сыйлауға шақырады. Олар бұл тақырыпта көптеген мақалалар, кітаптар, кітапшалар мен видеолар шығарған және олардың бәрі тегін.

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ҮШІН. “Отбасыңыз берекелі болсын” топтамасындағы кеңестерді қолданар болса, ерлі-зайыптылар...

  • бір-бірін ден қойып тыңдайды

  • тырысып қалудан, үндемей қоюдан аулақ болады

  • бір-бірімен сөз таластырып, айтыспайды

(jw.org сайтында іздеу жолағына “Отбасыңыз берекелі болсын” деп теріңіз.)

АТА-АНАЛАР ҮШІН. “Отбасыңыз берекелі болсын” топтамасындағы кеңестердің көмегімен ата-аналар балаларын көп нәрсеге үйрете алады. Мысалы:

  • тілалғыш болуға

  • үй тірлігіне көмектесуге

  • “өтінемін”, “рақмет” деп айтуға

(jw.org сайтында іздеу жолағына “Бала тәрбиесі” және “Жасөспірім тәрбиесі” деп теріңіз.)

“Отбасы жарасымының 12 құпиясы” деп аталатын 2018 жылғы “Ояныңдар!” журналының № 2 санын да қараңыз (jw.org сайтында іздеу жолағына осы журналдың атауын теріңіз).

ЖАСТАР ҮШІН. jw.org сайтындағы “Жастар” деген бөлімде көптеген мақалалар, видеолар мен жұмыс парақтары бар. Ондағы кеңестердің арқасында жастар...

  • ата-анасымен және бауырларымен жақсы тіл табыса алады

  • үйдегі тәртіппен келіспегенде, ата-анасына құрметпен сөйлей алады

  • ата-анасының сеніміне ие бола алады

(jw.org сайтында іздеу жолағына “Жастар” деп теріңіз.)

jw.org сайтын барлық адам тегін пайдалана алады. Тіркелудің және жеке мәлімет берудің қажеті жоқ.

Джозеф Еренбоген.

КӨБІРЕК БІЛІҢІЗ

Джозеф Еренбоген кезінде қатыгез әрі есірткіге тәуелді болған. Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттегеннің арқасында әйелімен қарым-қатынасы жақсарған. Ол туралы jw.org сайтындағы “Мен әйел затын және өзімді құрметтейтін болдым” деген мақаладан оқып көріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу