Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g23 № 1 12—14 бет.
  • Ауа

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ауа
  • Ояныңдар! 2023
  • Тақырыпшалар
  • Ауаға қауіп төніп тұр
  • Планетамыз өз-өзін емдей алады
  • Жасалып жатқан шаралар
  • Үміттенуге себеп бар. Киелі жазбалардың айтары
Ояныңдар! 2023
g23 № 1 12—14 бет.
Көк аспан астында қарлы таудың баурайымен келе жатқан ерлі-зайыпты таулар мен шыршалардың ортасындағы көлге қарап тұр.

ЖЕР ПЛАНЕТАМЫЗ АМАН ҚАЛА МА?

АУА

АУА бізге тыныстау үшін ғана қажет емес. Ол планетамызды күннің зиянды әсерінен қорғап тұрады. Ауа болмағанда, бүкіл жер бетіндегі температура нөлден төмен болар еді.

Ауаға қауіп төніп тұр

Ауаның ластануы жердегі тіршілікке үлкен қауіп төндіріп тұр. Денсаулық сақтау ұйымы орнатқан нормаға сай келетін таза ауамен тыныстап жүргендер дүниежүзі бойынша тек 1 пайызды ғана құрайды.

Ластанған ауа тыныс алу жолдарымен байланысты аурулар, жүрек-қантамыр аурулары мен өкпе ісігі сияқты түрлі дертке себепші болып отыр. Жыл сайын ауаның ластануынан 7 000 000-ға жуық адам мезгілсіз көз жұмып жатыр.

Планетамыз өз-өзін емдей алады

Жер планетасы күллі тіршілікке үздіксіз таза ауа беріп тұратындай етіп жаратылған. Адамдар осыған кедергі жасамай, ауаны қатты ластамаса ғана табиғат бұл процесті тиімді атқарады. Кейбір мысалдарды қарастырайық.

  • Ормандар көмірқышқыл газын сіңіріп алатыны бәрімізге мәлім. Алайда біз біле бермейтін бір жайт — мангр ағаштары өсетін теңіз жағалауындағы сулы-батпақты жерлер бұл жұмысты әлдеқайда күштірек атқарады. Мангр ағаштары ауадағы көмірқышқыл газын тропикалық ормандарға қарағанда бес есе көп жұтады.

  • Жақында болған бір зерттеу көрсеткендей, ламинария сияқты ірі балдырлар ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп қана қоймай, оны “көміп” тастайды. Ламинарияның жапырақтарында ауаға толы көпіршіктер болады, соның арқасында балдырлар ұзақ қашықтыққа қалқып бара алады. Жағадан алыс кеткен соң көпіршіктер жарылып, балдырлар теңіз түбіне батады да, өзімен бірге көмірқышқыл газын да ала кетеді. Сол жерде көмірқышқыл газы ғасырлар бойы “көмулі” жатады.

  • Ластанған ауаның тазара алатын қасиеті бар екені COVID-19 кезіндегі карантинде көрінді. 2020 жылы әлемдегі зауыттар мен көліктер зиянды заттарды бөлуін тоқтатқанда, ауа тез арада тазарды. 2020 жылғы Әлемдік ауа сапасының есебіне сай, зерттеуге қатысқан елдердің 80 пайыздан астамы карантиннен кейін көп ұзамай-ақ ауаның тазарғанын мәлімдеді.

    СІЗ БІЛГЕНСІЗ БЕ?

    Ауаның қайта тазаратын қасиеті

    Ауаның сапасын көрсететін сызбада Нью-Делидегі (Үндістан) ауаның құрамындағы ұсақ бөлшектердің (PM2.5) деңгейі көрсетілген. Оның деңгейі 2020 жылдың қаңтарында 120.1, яғни әрбір адам үшін зиянды болған. Ал 2020 жылдың тамызында бұл деңгей 35.5-ке, яғни зияндығы орташа деңгейге түскен.

    COVID-19 кезіндегі карантинде Нью-Делиде (Үндістан) зауыттар мен көліктерден ластанған ауа айтарлықтай тазарды. Ауадағы ұсақ бөлшектердің (PM2.5) деңгейі тез төмендеді. Өте майда бұл бөлшектер (0,025 мм я одан кішірек) тыныс алу ауруларын және басқа да қауіпті ауруларды қоздырады. Әрине, ауаның осындай жақсы көрсеткіші уақытша болды. Бірақ бір түсінгеніміз — ауаның ластануы қауіпті деңгейге көтеріліп кетсе де, атмосфера тез арада қалпына келе алады.

    2019 жылдың аяғында Нью-Делиде (Үндістан) ауаның қатты ластануынан болған қалың түтін.

    © Amit kg/Shutterstock

    2019 жылдың аяғы

    COVID-19 кезіндегі карантиннің соңына таман Нью-Делиде (Үндістан) ауаның ластану деңгейі түсіп, бәрі анық көріне бастаған.

    © Volobotti/Shutterstock

    COVID-19 кезіндегі карантинде

Жасалып жатқан шаралар

Ер адам жұмысына жеткен соң велосипедін тұраққа қойып жатыр.

Велосипедпен жүру ауаның ластануын азайтады

Ауаның ластануын азайту үшін үкімет өндіріс орындарына қайта-қайта нұсқаулар береді. Бұдан бөлек, ғалымдар ластанудың салдарын кері қайтаратын жаңа әдістер ашып жатыр. Сондай әдістің бірі — ластанған заттарды микробтардың көмегімен зиянсыз заттарға айналдыру. Сондай-ақ мамандар адамдарға көліктің орнына жаяу не велосипедпен жүруге, үйлерінде қуат көзін азырақ пайдаланудың амалдарын табуға кеңес береді.

Әйел қарапайым үйінде жерде отырып, тамақ пісіріп жатыр. Оның ошағы кішкентай әрі қарапайым болғанмен, кішкене түтін шығып жатыр.

Ауа ластанбау үшін кей үкіметтер азаматтарын заманауи пештермен қамтамасыз етеді, десе де ондай мүмкіндік бәрінде жоқ

Алайда халықаралық ұйымдардың, соның ішінде Денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік банктің 2022 жылғы есебіне қарасақ, бұл шаралар жеткіліксіз.

Бір есепке сай, 2020 жылы дүниежүзіндегі халықтың шамамен үштен бір бөлігі тамақ дайындағанда ауаны ластайтын отындар мен құрылғыларды қолданған. Көп аймақтарда пештерін жаңартуға және зиянсыз отын түрлерін қолдануға бәрінің мүмкіндігі болып жатқан жоқ.

Үміттенуге себеп бар. Киелі жазбалардың айтары

“Көкті жаратып. . . Жерді қалыптастырып, өнім бергізген, Адам баласына тіршілік лебін үрлеген, Шынайы Құдай Ехоба” (Ишая 42:5).

Біз тыныстап жүрген ауаны және ауаны тазартатын табиғаттағы айналымдарды Құдай жаратқан. Оның құдіреті шексіз, әрі ол адамзатты сүйеді. Сондықтан Құдай ластанған ауаны тазартатынына нық сенімді болсақ болады. “Құдай планетамыз аман қалады деп уәде етеді” деген мақаланы қараңыз.

ҚОСЫМША МАҒЛҰМАТ

Атмосфера қалай пайда болды? jw.org сайтынан “Бүкіл ғалам қалай пайда болды?” деген видеоны қараңыз.

Ғарыштан көрініп тұрған Жер планетасы.
    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу