Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g21 № 3 14—15 бет.
  • Жауабын білу маңызды ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Жауабын білу маңызды ма?
  • Ояныңдар! 2021
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Өміріңізге мән кіреді
  • Өмірге қажетті құнды кеңестер
  • Сұрақтарыңыздың жауабын табасыз
  • Болашаққа үмітпен қарайсыз
  • Құдай туралы шындық қандай?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Киелі кітап нұрлы үміт сыйлайды
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Киелі жазбалар нұрлы үміт сыйлайды
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (Киелі кітап сабақтарына кіріспе)
  • Құдай туралы шындық
    Киелі жазбалардан не білеміз?
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2021
g21 № 3 14—15 бет.
Үш дос ағаш басындағы құстарға тамсанып қарап отыр.

Жауабын білу маңызды ма?

Жаратушының бар-жоғын неге біліп алған маңызды? Айғақтар Құдіреті шексіз Құдайдың бар екеніне көзіңізді жеткізсе, онда Киелі кітап оның Сөзі екенін дәлелдейтін айғақтарды да көргіңіз келетін шығар. Киелі кітаптың сөздеріне сенім арта бастасаңыз, онда оның келесідей пайдасын көресіз:

Өміріңізге мән кіреді

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ АЙТАРЫ: “[Құдай] аспаннан жауын жаудырып, мезгілімен мол өнім берді және көл-көсір ас-су сыйлап, жүректеріңді қуанышқа толтырып келді” (Елшілердің істері 14:17).

МӘНІ: Осы өмірде жүрегіңізді қуанышқа толтырып жүрген нәрселердің бәрі — Жаратушының сыйы. Жомарт Құдай сізді қаншалықты жақсы көретінін түсінген кезде, осы сыйлардың бәрін одан сайын бағалап кетесіз.

Өмірге қажетті құнды кеңестер

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ АЙТАРЫ: “Әділдік, әділет пен туралықтың не екенін ұғасың, Жақсылық атаулыны түсінесің” (Нақыл сөздер 2:9).

МӘНІ: Бізді жаратқан Құдай болғандықтан, бақытты болуымыз үшін ненің қажет екенін ол жақсы түсінеді. Киелі кітапты оқып, зерттейтін болсаңыз, ішіндегі құнды кеңестердің пайдасын қазірдің өзінде көре аласыз.

Сұрақтарыңыздың жауабын табасыз

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ АЙТАРЫ: “Құдай туралы білімді табасың” (Нақыл сөздер 2:5).

МӘНІ: Жаратушының бар екеніне көзіңіз жеткен соң, сіз адамдарды үнемі мазалайтын сұрақтардың жауабын табасыз. Мысалы, өмірдің мәні неде? Неге жаманшылық пен қайғы-қасірет соншама көп? Адам өлген соң қайда барады? Осылардың көңілді орнықтыратын жауабы Киелі кітапта бар.

Болашаққа үмітпен қарайсыз

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ АЙТАРЫ: “Ехоба былай дейді: —Сендерге қатысты ой-ниетім өзіме аян. Сендерге апат жіберуді емес, тыныштық беруді, жарқын болашақ пен үміт сыйлауды ойлап жүрмін” (Еремия 29:11).

“Киелі кітаптың Құдайдан екенін қайдан білеміз?” және “Киелі кітаптың авторы кім?” деген видеоларды jw.org сайтынан көре аласыз. Бұл үшін іздеу жолағына “Киелі кітап Құдайдан” я “Киелі кітап авторы” деп теріңіз.

МӘНІ: Құдай болашақта зұлымдықты, қайғы-қасіретті, тіпті өлімді түп-тамырымен жоямын деп уәде етіп отыр. Құдайдың осы уәделеріне сенген кезде, сізде үміт пайда болады. Ал бұл үміт сізге күн сайын болатын қиындықтарды қайыспай көтеруге көмектеседі.

Жаратқанға сеніп, пайдасын көріп жатқандар

Синди.

“Менің бір таңғалатыным — Құдай бізге кез келген жағдайда көмекке келеді. Мысалы, мен өмірде ненің маңызды екенін түсіндім, келіспеушіліктерді шешуді үйрендім және Құдайдың досы болдым” (Синди, АҚШ).

Элис.

“Жаратушыға сенгендіктен, менің өмірім мән-мағыналы, қызыққа толы. Мен үнемі даму үстіндемін. Өйткені Жаратушы жайлы, оның жаратылыстары мен Сөзі жайлы тамаша жайттарды шексіз біле беруге болады” (Элис, Франция).

Питер.

“Жаратушым маған өз Сөзінде не істе десе, мен соны істеген кезде, өзімді сондай бақытты сезінемін. Мен басқаларды сынап-мінемей, оларды қамқорлайтын болдым. Көңілім де тоқ. Тамаша әке болғаным да осы Құдайдың арқасы” (Питер, Нидерланд).

Лиз.

“Бұрын менің өмірім ішіп-жеп, ұйықтап, жұмысқа барумен ғана өтетін. Әйтеуір күн көрсем болды деп жүрген адам едім. Ал енді мен өмірді ғажайып сый деп білемін. Сондықтан әр күнімді бағалап, қызығын көргім келеді” (Лиз, Эстония).

Адриен.

“Мен өзі бір уайымшыл адаммын. Бірақ зұлымдықтың, әділетсіздіктің, қайғы-қасіреттің бір күні бітетінін білгендіктен, уайыммен күресе аламын” (Адриен, Франция).

Өмірлік сұрақтарға Киелі кітап қалай жауап беретінін білгіңіз келсе, “Киелі кітапты оқудың қандай пайдасы бар? (Толық нұсқасы)” деген видеоны көріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу