Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g19 № 3 8—9 бет.
  • Отбасымыз бен достарымыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Отбасымыз бен достарымыз
  • Ояныңдар! 2019
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ӨЗІМШІЛ БОЛМАҢЫЗ
  • ДОСТАРДЫ ТАҢДАЙ БІЛІҢІЗ
  • КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ ҚОСЫМША КЕҢЕСТЕР
  • Жанашырлық танытыңыз
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
  • Адамгершіл болыңыз
    Ояныңдар! 2020
  • Құдайдың сізге жаны аши ма?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2018
  • Жақсы дос — асыл қазына
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2019
g19 № 3 8—9 бет.
Отбасы мен достар далада бірге тамақтанып жатыр

Отбасымыз бен достарымыз

Жақын адамдарымен жылы қарым-қатынас сақтап қалу көбісіне қиын. Айналадағылармен арақатынасыңызды жақсартуға көмектесетін кейбір Киелі кітап кеңестеріне тоқталып өтейік.

ӨЗІМШІЛ БОЛМАҢЫЗ

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Тек өз мүдделеріңді емес, басқалардың да мүддесін ойлаңдар” (Філіпіліктерге 2:4).

БҰЛ СӨЗДЕРДІҢ МӘНІ: Алуды емес, беруді ойлайтын адам өзгелермен жақсы қарым-қатынаста бола алады. Ал тек қара басыңызды ойласаңыз, өзгелермен арақатынасыңызға сызат түседі. Мәселен, ерлі-зайыптының бірі тек өз қалауын ғана ойлайтын болса, жарына деген адалдығынан тайып кетуі ғажап емес. Ал үнемі дүниесімен я білімімен мақтанатын адаммен ешкімнің де достасқысы келмес. Мінез-құлық жайлы бір кітапта “тек өзін ойлайтын адам көп проблемаларға ұшырайтыны” жазылған.

НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?

  • Көмегіңізді аямаңыз. Мызғымас достықтың іргесі адалдық пен сенімге қаланады. Бір зерттеуге сүйенсек, өзгелерге көмек қолын созатын адамдардың өздеріне деген құрметі арта түседі, әрі олардың депрессияға шалдығуы сирек.

  • Өзгенің сезіміне ортақтасыңыз. Бұл үшін басқа адамның жан азабын жүрекпен сезіну қажет. Өзгенің орнына өзіңізді қоя білсеңіз, әзілдегенсіп, әдейі адамның көңіліне тиетін ащы сөздер айтудан қашық боласыз.

    Басқалардың сезіміне ортақтассаңыз, оларға түсінікпен қарайсыз. Бұл сізге адамдарды бөліп-жармай, түрлі ұлт пен мәдениеттің адамдарымен достасуға жол ашады.

  • Уақытыңызды аямаңыз. Адаммен неғұрлым көбірек уақыт өткізсеңіз, оны соғұрлым жақсырақ тани түсесіз. Жақсы дос табу үшін сол адамды мазалайтын, ол үшін маңызды тақырыптарда әңгіме қозғаңыз. Адамды зейін қойып тыңдаңыз. Досыңыздың уайымы сіз үшін бәрібір емес екенін көрсетіп, қызығушылық білдіріңіз. Соңғы зерттеулерге сенсек, “мәнді де мағыналы әңгімелерден адамдар құлпыра түседі” екен.

ДОСТАРДЫ ТАҢДАЙ БІЛІҢІЗ

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Жаман орта жақсы әдеттен айырады” (Қорынттықтарға 1-хат 15:33).

БҰЛ СӨЗДЕРДІҢ МӘНІ: Араласатын адамдарыңыз сізге я жақсы, я жаман жағынан әсер етеді. Әлеуметтанушылар достарымыздың өмірімізге тигізер ықпалы зор екенін мойындайды. Мысалы, олардың айтуынша, араласатын ортаңызда шылым шегетіндер не жұбайымен ажырасайын деп жүргендер болса, сіздің де шылым шеге бастауыңыз не ажырасқыңыз келуі мүмкін.

НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ? Сіз тамсанатын және үлгі тұтарлық қасиеттері мен құндылықтары бар адамдармен достасыңыз. Мысалы, ізетті, әдепті, көңілі дарқан, қонақжай адамдармен аралассаңыз болады.

КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ ҚОСЫМША КЕҢЕСТЕР

Бір әйел кішкентай қызға Киелі кітапқа негізделген мультфильм көрсетіп отыр

Жұбайларға, жастар мен балаларға отбасындағы рөлдерін жақсы атқаруға көмектесетін Киелі кітапқа негізделген видеоларды jw.org сайтынан көріңіз

АУЫР СӨЗДЕР АЙТПАҢЫЗ

“Ойланбай сөйлеген семсердей жаралайды” (НАҚЫЛ СӨЗДЕР 12:18).

ЖОМАРТ БОЛЫҢЫЗ

“Жомарт жан өркендейді” (НАҚЫЛ СӨЗДЕР 11:25).

ӨЗГЕНІ ӨЗІҢІЗДЕЙ КӨРІҢІЗ

“Барлық істе басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер, сендер де оларға солай істеңдер” (МАТАЙ 7:12).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу