Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g17 № 5 12—13 бет.
  • Адреналин тәуекел етуге тұра ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Адреналин тәуекел етуге тұра ма?
  • Ояныңдар! 2017
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ҚИЫНДЫҚ
  • МҰНЫ БІЛГЕН ЖӨН
  • БЫЛАЙ ІСТЕП КӨР
  • “Балалардың аузынан” шыққан жігер беретін сөздер
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Ояныңдар! 2017
g17 № 5 12—13 бет.
Екі жігіт ғаламтордан қауіпті спорт түрін қызықтап отыр

ОТБАСЫҢЫЗ БЕРЕКЕЛІ БОЛСЫН | ЖАСТАР

Адреналин тәуекел етуге тұра ма?

ҚИЫНДЫҚ

“Туннельдің ішімен келе жатқан жүйрік пойыз зу етіп дәл қасымнан өтті! Бойымды адреналин шарпып, бүкіл қиындықтарым ғайыпқа кеткендей болды” (Леон)a.

“Биік құздан суға құлап бара жатқанда, бір сәтке өзімді толықтай еркін сезіндім. Бұлай секіруді ұнатамын. Бірақ қорқатын кездерім де болады” (Лариса).

Леон мен Лариса сияқты кейбір жастар шамаларын сынап, әсер алуды ұнатады. Сенің де кейде осындай тәуекелге барғың келе ме? Онда бұл мақаланың сен үшін пайдасы көп болмақ.

МҰНЫ БІЛГЕН ЖӨН

Адреналин іздеу тәуелділік туғызады. Сен шамалы уақытқа ғажап күйге бөленетін шығарсың, бірақ соңында одан да күшті сезімді қалай бастайсың. Марко деген жігіт те Леон сияқты, пойыз туннельдеріне барып жүрген. Ол былай дейді: “Мен шырғалаң шеңберді айналып жүргендей болдым. Бір сәтке шат-шадыман боламын да, артынша басқасының дәмін татқым келіп тұрады”.

Жүріп бара жатқан көліктің артына жармасып, роликпен зулап жүретін Джастин былай дейді: “Әсер алған сайын құныға бердім. Жұртты таңғалдырғым келді. Бірақ ақырында ауруханадан бір-ақ шықтым”.

Құрдастардың қысымы ақылсыз әрекетке итеруі мүмкін. Марвин деген жігіт былай дейді: “Достарым маған: —Алға! Бұл қолыңнан келеді!— деп, өте биік бір ғимаратқа жалаң қолмен өрмелеуге көндірді. Өмірім қыл үстінде тұрғандай болды. Дуалға шығып бара жатып, қатты қорыққаннан діріл қақтым”. Биік құздан секірген Лариса болса былай дейді: “Бәрі істеп жатқан соң, оларға елігіп мен де істедім”.

Жастар мұндай қысымға ғаламторда да ұшырауы мүмкін. Онда басын қатерге тіккендер жиі дәріптеліп, ал артында тұрған үлкен қауіпке көз жұмылып жатады. Олардың әлеуметтік желіге салған “ерліктері” көп қаралып, қауіпсүйгіштердің арасында танымал бола бастайды.

Мысалы, ғаламторда кең тараған видеолардың бірі — паркур спорты. Оған қауіпсіздік жабдықтарының көмегінсіз дуалдар, үйлер, баспалдақтар сияқты бөгеттерден жылдам секіріп, жүгіріп өту және өрмелеу жатады. Оны қызықтап көріп отырып, “онша қауіпті емес сияқты” және “мұнымен бәрі де айналысады” деген екі қате тұжырымға келуің мүмкін. Шешінген судан тайынбас дегендей, мұндай тұжырымнан кейін өміріңе қауіп төндіретін әрекетке елігіп кетуің мүмкін.

Шама-шарқыңды сынап көрудің әлдеқайда жақсы әрі қауіпсіз жолдары бар. Киелі кітапта: “Денені жаттықтырудың пайдасы аз”,— делінген (Тімөтеге 1-хат 4:8). Бұл кітап бізді естілікпен өмір сүруге шақырады (Титке 2:12). Қазір бұған не жататынын көрейік.

БЫЛАЙ ІСТЕП КӨР

Қауіптің үлкен-кішілігін анықта. Киелі кітапта: “Парасатты біліммен әрекет етер, ал надан өз надандығын жария етер”,— деп жазылған (Нақыл сөздер 13:16). Тәуекелге бел байламас бұрын, қаупін көре біл. “Ойыннан от шығып жүрмей ме? Майып болып қалмаймын ба?”— деп ойланып көр (Киелі кітаптың кеңесі: Нақыл сөздер 14:15).

Өмірді бағалайтын достар таңда. Нағыз достар ешқашан сені өмірмен ойнауға және өзіңе ұнамайтын іске баруға итермелемейді. Лариса былай дейді: “Ақыл-парасаты мол достарым маған дұрыс шешім қабылдауға көмектесті. Жақсы адамдармен дос болғалы бері өмірім де жақсара түсті” (Киелі кітаптың кеңесі: Нақыл сөздер 13:20).

“Ойыннан от шығып жүрмей ме? Майып болып қалмаймын ба?” — деп ойланып көр.

Тәуекелге бармай-ақ қабілеттеріңді шыңда. Жастар туралы бір еңбекке сай, есейе келе адамның жеке қағидалар мен шектеулер орната білгені маңызды (“Adolescent Risk Behaviors”). Сен өзіңнің шама-шарқыңды қауіпсіз жерде қажетті жабдықтарды қолданып, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып та сынай аласың.

Өзіңе деген құрметіңді дұрыс жолмен арттыр. Адамдар сені басыңды қатерге тігіп, “ерлік” көрсеткенің үшін емес, шын өмірдің қиындықтарын жеңе білгенің үшін құрметтейді. Лариса былай дейді: “Құздан суға секіргеннен бастап өмірім зиянды нәрселерге толып кетті. О бастан “жоқ” деп жауап бере білгенімде ғой, бәрі басқаша болар еді”.

Ой түйін. Адреналин үшін тектен-текке басыңды қауіпке тіккенше, дұрыс жолмен көңіл көтеріп, өзіңнің парасатты екеніңді көрсет (Киелі кітаптың кеңесі: Нақыл сөздер 15:24).

a Мақаладағы кейбір есімдер өзгертілген.

НЕГІЗГІ ТАРМАҚТАР

  • “Парасатты әр қадамын ойлап басады” (Нақыл сөздер 14:15).

  • “Данамен жүрген дана болар” (Нақыл сөздер 13:20).

  • “Түсінігі молдың өмір жолы өрге бастар, төменде жатқан көрден аулақ әкетер” (Нақыл сөздер 15:24).

Питер

ПИТЕР

“Тәуекелге бел байлау өте қызық, әрине. Бірақ оның қаншалықты қауіпті екенін де ұмытпаған жөн. Ешкімнің де мүгедек арбаға байланып қалғысы келмес”.

Рио

РИО

“Достарың аяғың тартпайтын нәрселерді істеуге шақырса, оларға ермегенің дұрыс. Егер барып қойсаң, бас тартуға не ойыңды өзгертуге кеш болады”.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу